Тіршілік ортасы
Презентация қосу
Экология және
тұрақты даму
Негізгі тіршілік орталары
және олардың
сипаттамалары
Тіршілік ортасы
Тіршілік ортасы
(Биотическая среда) — қазіргі
тіршілік етіп жатқан
организмдердің арқасында
пайда болған табиғи күштер
мен құбылыстар
Тіршілік ортасы деп белгілі бір ағза (түрдің) дамуының барлық
кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.
Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар
жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл
абиотикалық факторларжиынтығы деген ұғыммен
мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" —
тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір
экотопта тіршілік ететін барлық тірі азғалар
жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп
атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі
азғалар мен орта жағдайларының жиынтығын қосып
биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" —
Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.
Су — тіршілік ортасы.
Су
Су көптеген азғалар үшін ең қолайлы
орта болып саналады. Сулы ортаның
өзіне тәнфизикалық және
химиялық қасиеттері бар.
Организмдер үшін судың химиялық
құрамы, тұнықтылығы,тығыздылығы,
тұтқырлығы, оттек пен жарықтың
болуы және т.б. негізгі рөл атқарады
Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше "hydor"
— су, "biontos" — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында
тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты
суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында
екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты
(пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін ағзаларды
пелагостар деп атайды. Екіншісі — су түбі (бенталь грекше "benthos" — терең)
деп аталады. Мұнда тіршілік ететін азғалар бентостар деп аталады.
Құрлық-ауа
Құрлық-ауа
тіршілік ортасы
Бұл табиғи тіршілік ортасы
атмосфералық ауаның көп болуымен
ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада
тіршілік ететін азғалар — аэробионттар
(грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл
ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал
оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік
ортасында температура мен ылғалдылық жыл
маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және
географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт
өзгеріп тұрады.
Ауаның құрамында оттегі бар екендігін 1774
жылы француз ғалымы А. Лавузье анықтаған.
Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін мынадай тәжірибе жасайық.
Кристалдандырғышқа су құйып алып, судың бетінде қалқып жүретін
пенопластка жіңішке шырақ (парафиннен жасалған) орнатып, оны жағып
суға саламыз да, шырақты сыртында 5 бөлікке бөлінген белгісі бар,
цилиндрмен жабамыз. Біраздан кейін су цилиндр бойымен оның
көлемінің 1/5 бөлігіне көтерілгенін байқаймыз. Бұдан шығатын
қорытынды - ауаның көлемі бойынша 20%-ы оттегі, ол шырақтың
жануына жұмсалды (13- сурет).
Ауада оттегіден басқа жануды қолдамайтын азот ~78%, ~1 % бекзат
газдар (неон, гелий, аргон, т. б.) және ~ 1% басқа айнымалы ластаушы
газдар бар. Мr(O2) = 32 г/моль, Mr(N2) = 28 г/моль болса, Мауа= 32 • 22%
+ 28 • 78% ≈ 29.
Топырақ — тіршілік
ортасы
Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі
литосферамен жәнеатмосферамен жанасып
жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде
үгітілген тау жыныстары мен тірі ағзалардың
шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда
болған әрі тарихи, әрі табиғи дене.
Сондықтан да топырақ құрамында
минералдық және органикалық заттардың
қосылыстары болады. Топырақ қабатын
педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы
деп атайды. Топырақтың беткі кабатында
органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ
азғалар (бактериялар, саңырауқұлақтар,
құрттар және т.б.) тіршілік етеді.
Топырақ қабатының да тіршілік
ортасы ретінде өзіне тән
ерекшеліктері бар. Топырақ
қабатындағы тіршілік үшін
температура, ылғалдылық және оттек
негізгі шектеуші факторлар болып
саналады. Топырақ тығыз, онда
жарық болмайды, температураның
ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз,
оның есесіне топырақта
көмірқышқыл газы көп болады.
Топырақ борпылдақ (саңылаулары
мол) құрылымды болып келеді.
Топырақ ішіндегі саңылауларды
газдар қоспасы және су ертінділері
толтырып тұрады. Топырақ көптеген
ағзалардың тіршілігі үшін өте
қолайлы орта. Топырақта тіршілік
ететін азғалар — педобионттар деп
аталады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын
басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі
ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы:
«Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
3. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің
қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған
окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz