ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ


Slide 1

Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы

Орындаған Насырова Н. С. ММат-11н

Slide 2 Slide 3 Slide 4

Философия психологияның әдістемелік негізі болып табылады. Психология философияның шеңберінде қалыптасып, дамыған. Белгілі бір философиялық тұжырымдамалар психология үшін әдіснамалық негіз ретінде, яғни, мәселенің шешу тәсілін анықтайтын жалпы теориялық ережелер жүйесі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, кейде психологиялық теориялар философиялық бағыттарға айналып, философиялық теориялардың дамуына ықпалын тигізген.

Slide 5

Оқыту мен тәрбиелеудің, адам тұлғасы қалыптасуының мәселелерін шешуде психологияның маңызы зор. Себебі психология тұлғаның қалыптасуы үдерісінің өту жағдайлары мен тетіктерін түсіндіреді. Яғни, педагогиканың негізгі категорияларына жататын оқыту мен тәрбиелеу әрекеттерін адам психикасының даму заңдылықтарын білгенде ғана тиімді түрде жүзеге асыруға болады. Психология мен педагогиканың тоғысатын жерінде педагогикалық психология пайда болды.

Slide 6

Ортақ тұстары: психикалық қызметтің бұзылу мәселелерін зерттеу; дәрігер мен науқастың қарым-қатынас ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан негіздеу, бірқатар аурулардың диагностикасы мен емдеу үдерісі. Мысалы, медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена сияқты салаларға бөлінеді.

Ортақ тұстары: психиканы зерттеу үшін қажетті техникалық құралдарды жасау, техникалық прогресс жағдайында адам қызметіне оңтайлы психологиялық жағдай жасау. Мысалы, адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология зерттейді.

Slide 7

Психология биология, физиология, химия, физика сияқты жаратылыстану ғылымдарымен де байланысты. Бұл ғылымдардың көмегімен психиканың негізінде жатқан, мидың физиологиялық және биологиялық үдерістерін зерттеуге болады. Мысалы, психология ғылымы мен жоғары жүйке қызметінің физиологиясының байланысы зор. Себебі жүйке жүйесінің жұмыс істеу заңдарын білу психолог үшін өте маңызды.

Slide 8

Психологияны әлеуметтану, тарих, тіл білімі, өнертану сияқты ғылымдармен байланыстыратын мәселелер: тұлғаның өзінің қоршаған ортасымен әрекеттестігін зерттеу; түрлі тарихи дәуірлерде адамның психикалық және рухани құрылыс ерекшеліктеріне деген қызығушылық; адамның мәдени және психикалық дамуындағы тілдің алатын рөлі; шығармашылық мәселесі

Slide 9

Психология және математика

Математикалық тәсілдерді қолдану зерттеудегі қандай да бір тұжырымды дәлелді етіп ұсынуға, сонымен қатар оның барысын дәлме-дәл қисынды құруға мүмкіндік береді

Slide 10

Психология салалары:

Жалпы психология

Әлеуметтік психология

Жас психологиясы

Педагогикалық психология

Еңбек психологиясы

Психолингвистика

Медициналық психология

Арнайы психология

Дифференциалды психология

Психометрия

Психофизиология

Slide 11

Жоғары мектеп психологиясы - болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық дамуы туралы деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді зерттейтін педагогикалық психологияның бір саласы.

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жоғары мектеп психологиясының нысаны - жоғары оқу орнында білім беруге, психологиялық дамуға бағытталған оқу-тәрбие процесі

Жоғары мектеп психологиясының пәні - жоғары оқу орнында білім беру, даму бойынша психологиялық деректер, заңдылықтар, механизмдер және шарттар

Slide 12

Жоғары мектеп психологиясының негізгі міндеттері:

Студенттердің толымды психикалық даму, тұлғалық жетілу механизмдерін зерттеу;

Студенттердің маман, зияткер және тұлға ретінде дамып, жетілуіне қажетті психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

Кәсіби білім беру субъектісінің өзіндік дамуы мен жетілуіне барынша ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жағдайларды анықтап, жобалау;

Студенттердің маман және тұлға ретінде даму ерекшеліктерін анықтауға және жобалауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психодиагностикалық құралдарды жасау;

Кәсіби білім беру субъектілерінің - оқытушылардың, әкімшіліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін және олардың студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу.

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16 Slide 17

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі
Балалар психологиясының даму тарихы,теориялар туралы негізгі түсініктер
Балалар психологиясына кіріспе
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Психикалық құбылыстар
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы - даму қарқынына басым көңіл бөлінуі
Жас ерекшелік кезеңнің тарихи қалыптасуының мәселелері
Тәрбие психологиясының басты міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz