АҚШ: макроэкономикалық көрсеткіштер, салық жүйесі және Федералдық резерв жүйесінің ерекшеліктері


Slide 1

АҚШ

Орындаған:Канагат Акерке

Тобы:ФН-405

Slide 2

Макроэкономикалық көрсеткіштер:

Slide 3

АҚШ - экономикасы дамыған мемлекет.

Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т. б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.

АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.

АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады.

Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.

АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық.

Негізгі сауда серіктестіктері - Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония.

АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т. б. ) .

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Ақш-тың банк жүйесінің ерекшелігі:

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.

ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.

ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі - жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау.

Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады.

ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыган қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.

Slide 8

ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады - Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше-банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.

Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі - ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты.

Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

Slide 9

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың саяси және экономикалық құрылымы, салық жүйесі мен Федералдық резервтік жүйенің ерекшеліктері
АҚШ алтын резервтері, Нью-Йорк Федералдық резерв банкі және Форт Нокс: әлемдік алтын қорларының рейтингі мен таралуы
Ұлттық есепшоттар жүйесі: негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, теңдестіктер және шеңберлі айналым үлгілері
Ұлттық есепшоттар жүйесі және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер: ЖІӨ, ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ, ЖТ
Өндірістің тиімділігі: көрсеткіштер жүйесі, макроэкономикалық есептеу әдістері және өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Францияның функционалдық қаржы негіздері: макроэкономикалық жағдайы, несие-қаржы институттары, бюджет және салық жүйесі
Австралия Конституциясының тарихы, құрылымы және федералдық құқықтық жүйесі
Макроэкономикалық көрсеткіштер, инвестициялар, инфляция және Қазақстандағы экономикалық өсім
Қазақстандағы мемлекеттік қаржы-несие жүйесі және салық саясаты
Салық және салық салу: теориясы, функциялары және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz