Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ




Презентация қосу
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

“Экология және биотехнология бөлімі"

Тақырыбы:

Орындаған:
Тексерген:

Орал 2014
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1) Бағалы азықтық өсімдіктер
2.2) Қазақстандағы өсімдіктер
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) – дара жарнақты бір және көп жылдық
шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі.
Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының
тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын
аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-
ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар
кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық
тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты болады. Олардың гүл
құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады.
Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан
– шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық
тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс
қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне
байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа
бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр)
бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір
түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады
(мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде
өседі. Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және
далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді
(мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де, арамшөптері де кездеседі.
Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады.
Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.
2.1) Бағалы азықтық өсімдіктер
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық
тұқымдас өсімдіктер (10-сызбанұсқа). Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық
тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптектіөсімдіктер.
Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы
бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық
тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп
орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап
аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі
гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе
қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа
қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы -
1. Жемісжапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары
орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ).
Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі
азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам
тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық
өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық
тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады .Қара сұлы,
жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.
Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың
биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге
дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.
• Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп
өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады.
Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа
гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді.
Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа
қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы
топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12оС-де өне
бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле
салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан
кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнегі
қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы
тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар
болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12% нәруыз,
65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш
нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі.
Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау
үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән
жармасы, кебегі - малға азық.
Күрішті Оңтүстік-Батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға
айналдырды. Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5 мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы
деректер бар. Ғаламшарымызда күріш 140,8 млн гектар аумаққа егіл еді. Дүниежүзілік
диқаншылықта әр гектар дай 24 ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып
түсті. Қызыл ор да облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы.
Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады. Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге
мемлекетіміз ерекше назар аударуда.
Бидай, тары, сұлы, арпа - біржылдық азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық өсімдік
ретінде пайдаланылады.
Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Бидайдың сабансабақтарынан түптенеді. Мұның
шаруашылық үшін маңызы зор. Масақшалардан күрделі масақ түзіледі. Бидайдың гүлшоғыры
- күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек.
Сүлының гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, ал тарының гүлшоғыры - масақ тәрізді
сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165-175
центнерге дейін түсім жинады.
Екпе гүлдің формуласы: Гс2А3+3Ж (3)
Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 м. Сабағы өзегі
толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры
- сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір
сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) - азықтық,
малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын
құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.
Астық тұқымдас даражарнақты өсімдіктерге сабағы бунақталған, іші қуыс (кейбіреуінің
қуысына өзек толған), шөптекті, сүректі өсімдіктер жатады. Олардың сабағын сабансабақ дейді.
Жапырақтары қатар жүйкеле сабаққа кезектесіп орналасады.
Жапырақ негізінен қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады.
Гүлдері ұсақ. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, күрделі гүлшо- ғыр.
Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер (мысалы, бидай, күріш, жүгері, тары, т.
б.). Жемісі - дәнек, тамыры - шашақтамырлы.
Атқонақ, бетеге, тарғақ - малазықтық өсімдіктер. Бамбук, қамыс қағаз өндіретін шикізат
ретінде (құрылысқа) пайдаланылады. Қара сұлы, арпабас, қонақ, жатаған, бидайық тәрізді
қауіпті арамшөптер де бар. Астық тұқымдастар — біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер
2.2)Қазақстандағы өсімдіктер
• Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы –
саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы – қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы – жоғары
сатыдағы түтікті өсімдіктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердің 4,8%-
ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени
дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын
6100-ге жуық түрден тұрады. Оның ішіндегі 730 түр тек Қазақстанда өсетін – эндемиктер. Бұлардың
ішіндегі ең ерекше 12 монотипті туыс бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра,
боченцевия, канкриниелла, тобылғыгүл, птеригостемон, пастернаковник, тоғайя, недзвецкия, шолақтауия.
Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық
өсімдіктердің қалдықтары Оңт. Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар
плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар
шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен.
• Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-
мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-
ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн.
жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт
және шөл белдемдеріне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ – республика жер
аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының
маңында орналасқан. Орман түзуші түрлер: жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан:
итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде
алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар
таралған.
. Бұл белдемнің шалғындық және далалық телімдерінде алуан түрлі шөптесін өсімдіктер мен астық тұқымдас
шөптер басымдылық ететін қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 белдемге бөлінеді: 1) оңтүстік ылғалы аз
қоңыржай жылы орманды дала белдемі – сұр ормандық топырақта қайыңды-теректі, теректі ормандар, ал қара
топырақта шалғынды-далалық экожүйелер орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала белдемі –
қайыңды-теректі шоқ ормандар мен қара топырақтағы алуан-түрлі және астық тұқымдасты шөптесін өсімдікті
далалық экожүйелер таралған.
Далалық аймақ еліміздің жер аумағының 28%-ын алып жатыр, аум. 110,2 млн. га, батыстан (Еділ-Жайық
өзендері аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктері) 2500 км-ге созылып жатыр. Далалық
флораның құрамында 2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-і – эндемиктер. Негізгі басым түрлер:
қау (боз), сонымен қатар бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 белдемге бөлінеді: 1)
қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдімгі және оңт. қара топырақтағы алуан түрлі шөптесін – бозды белдем;
2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ белдем–күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтардағы бетегелі-
бозды дала; 3) шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық белдем – ашық қара қоңыр топырақтағы жусанды-бозды дала.
Шөлді аймақ – жалпы аум. 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар,
олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер. Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады: 1) солтүстік далалы
жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аум. 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдік
жамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы
(жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық
шөлдер – аум. 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы
(жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған; 3)
оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аум. 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр.
Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген
аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік
жамылғылары тән; 4) тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аум. 3,2 млн. га немесе
Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі; 5)
тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аум. 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр.
Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән. Таулы экожүйелерде итмұрын мен
бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең
тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік
өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 –
800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер
түрлері бар.

1 – сыпыртқы
құмай;
2 – дән құмай;
3 – қант құмай;
4 – Судандық
шөп
1 – егістік қылтанақсыз күріш;
2 – егістік қылтанақты күріш;
3 – кәдімгі тары;
4 – африкалық тары;
5 – қытайлық тары;
6 – чумиза; 7 – могар;
8 – тарақ бидайық;
9 – шалғындық атқонақ;

10 – масақ жапырақты бамбук;
11 – қант қамыс
III.Қорытынды

• Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір түқымды
жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм
ұрықты қоршап жашайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп
аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда
себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп
мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәңдерін астық деп атайды.
Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер,
тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп
кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай,
қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.
IV.Қолданылған әдебиеттер

• "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-
том
• Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. М. Агропромиздат, 1989. c. 35-43
• Асанов Қ., Кормопроизводство с основами земледелия. Алматы, 1984. c. 130-133
• Жамбакин Ж.А Пастбища Казахстана. Алматы, 1995. c 16-25
• Зыков Ю.Д. Полевое кормопроизводство. Алматы, 1985. c.50-56
• Можаев Н.И, Копытин И.П. Кормопроизводство. Алматы, 1986. c. 31-39.
• Тен А.Г. кормопроизводство. Москва, 1982. c. 122-125

Ұқсас жұмыстар
Бұршақ тұқымдастарының негізгі зиянкестері
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер
Күріштің гүлшоғыры
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Астық және бұршақ тұқымдастарын ветеринарлық санитарлық сараптау
Бұршақ тұқымдастар
Қосжарнақтылардың тамыры
Алабота тұқымдастары ( ( Chenopodium Chenopodium )
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі “Экология және биотехнология бөлімі"
Пәндер