Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмыс




Презентация қосу
Ұлыбританиядағы
әлеуметтік жұмыс

Дайындаған: Еркін Айкерім
СР-21
Ұлыбританиядағы әлеуметтік жұмысты
мемлекеттік қаржыландыру және
әлеуметтік қызметкерлерді дайындау ІІ
Дүние жүзілік соғыстан кейін маңызды
жүзеге аса бастады. Көпшілік әлеуметтік
қызметкерлер мекемелерде, орталық және
жергілікті жердің әкімшілігі тұрғындарға
нақты белгіленген әлеуметтік қызметтердің
бірнешеуін әлеуметтік қамтамасыз ету
бөлімдері арқылы қамтамасыз етуге
міндетті болды. Сол сияқты әлеуметтік
қызметкерлердің көпшілігі еркін жеке
меншік мекемелерде жұмыс жасайды.
Ұлыбританияда көп санды әр профильді
орталықтар қызмет жасайды. Бұл орталықтар
нақты территорияда тұратын, белгілі категориялы
тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кейбіреулері
балалар, жасөспірімдер мен олардың
отбасыларына қызмет көрсетуде арнайы
орталықтар жұмыс жасайды. Сонымен қоса
әлеуметтік қызмет көрсету құрлымадары біздің
аудандық емханалардағы бөлім дәрігерлер
механизмі бойынша жұмыс жасайды: оған белгілі
территориядағы тұрғындар әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық мәселелері барлар
келеді; және аудандық әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарындағы қызметкерлер мәселенің
сипатына қарай клиенттерді профильді
орталықтарға мамандарға жібереді.
Ұлыбританияда үйірмелі байланыс, бос уақытты
ұйымдастыру саласында нашар дамығандығын
атап өткен жөн, бірақ жастар клубтары, жиі
орналасқан кафелер мен орталықтар территорияда
жақсы жабдықталған құралдармен қамтамасыз
етілген. Бос уақытты ұйымдастыру
мекемелеріндегідей кейбір міндетті элементтер
болмасада осы клубтар жастардың өмірінде
маңызды орын алады. Жастардың бос уақытын
білім беру департаментінің қызметкерлерімен
арнайы клубтар мен орталықтарда
ұйымдастырады, топпен жұмыс әдістерін қолдана
отырып жұмыстың технологиясы әлеуметтік
қызметкерлерге жақын болғандықтан біріге
жүзеге асырады.
Мектептегі әлеуметтік жұмыс
Ұлыбританиядағы әлеуметтік қызметкерлер мектептің
қызметкерлері емес, олар арнайы әлеуметтік білім беру
орталықтарының қызметкерлері болып табылады.
Сонымен бұл орталықтың қызметкерлері жеке
мектептерге бекітіледі. Олар үнемі мектепке барып
мұғалімдермен оқушылардың материалдық жағдайына,
үлгеріміне, сабаққа қатысуына, мінез құлқына
байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі; сонымен
бірге мектеп пен отбасы арасындағы байланысты
бекітуде және осы мәселелерді шешу стратегиялық
бағдарламалар мен саясатты өңдеуге қатысады. Білім
беру мекемелеріндегі әлеуметтік қамтамасыз ету
орталықтарындағы қызметкерлерінің міндеті
отбасында зорлық зомбылық көрген балаларға,
сонымен бірге дене, ой және эмоциялық дамуында
ауытқу барларға көмек көрсетеді.
Орталықтағы қызметкерлердің атқаратын негізгі
функциялары
- мектептен мүлдем немесе уақытша мінез құлқына байланысты
шығарылған балаларға қамқорлық, ата аналарымен басқа
мектепке орналастыруға көмек көрсетеді;
- ұлттық ерекшелігіне байланысты балаларға басқа оқушылардың
арасында бейімделуге көмек көрсетеді, олардың арасындағы
дұрыс қарым қатынасты сақтап және құру мақсатында;
- оқу уақытында рұқсатсыз, заңсыз еңбек еткен балаларды
қорғап, оларды дұрыс оқуға келу сұрақтарымен айналысу;
- балалар еңбегіне байланысты құқықтық нормаларды орындауда
жалпы бақылау жасау;
- балалар оралықтарына балалар топтарына қатысатын балаларға
бақылау жасау, көптен бері келмеу себептерін анықтау;
- мектептен тыс білім алған балаларға көмек
көрсету(консультативті, үйге, орталыққа аралық емдер алу);
- оқушыларға ұсынылған әлеуметтік қажеттіліктерді ата
аналармен балаларға қызмет көрсетілуіне әрекет ету.
Мүгедектермен әлеуметтік –педагогикалық
жұмыс
Мүгедектерге әр түрлі ой және дене бұзылулары,
ауырулары бар адамдар тобын айтамыз. Көптеген
адамдар екі үш зақымданған түрлерінің барынан
қиналып жүр. Мұндай адамдарға кез келген кәсіби
қызметкер олардың толыққанды өмір сүрулеріне
көмектесуге тырысады. Маңызды зақымдануы бар
кез келген адам күнделікті белсенділікті тым көп
жүктеме деп ойлайды.Олардың көпшілігі арнайы
жаттығулар мен оқулардың арқасында
қиыншылықтарды жеңеді. Көбіне мұндай
қиындықтарды жеңу көптеген тәжірибелер мен
жаттығуларды талап етеді. Әлеуметтік қызметкердің
негізгі міндеті болып осы адамдарға максимальды
тәуелсіз көмек көрсету.
Мүгедек балаларды арнайы мектептермен
қалыпты мектептерде аранайы сыныптарда
оқытыды. Кейбір жағдайларда оқу процесі
үйде жүзеге асады. Негізгі мақсат сауатылыққа
үйрету, әлеуметтенену дағдалары мен
біліктіліктерін қимыл қозғалысқа
қалыптастыру. Орталықтағы ең негізгісі
оқушылар академиялық пәндерді оқып
мамандықтың негізін алады. Дене кемшілігі
бар балалар қалыпты балаларға арналған оқу
бағдарламасымен оқи алады. Кейбір балалар
ауытқушылықтың аранайы түрлерімен немесе
қалыпты мектептердегі арнайы топтарда
оқиды. Дені сау балалармен оқуға мүмкіндік
деген сөз.
Қолданылған әдебиеттер.
Джамалиева Г.Ж., Нығметова Ж.Т. Шетелдегі
әлеуметтік жұмыс.- Қарағанды: 2013ж.
Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика.- Алматы: 2012.-
194-259бб.
Әлқожаева Н.С. Әлеуметтік педагогика- Алматы:
2011.-83-118бб.
В. С. Сергеев. Защита населения и территорий в
чрезвычайных ситуациях: Учебное пособие для
вузов– М.,2010
Целых М.П. Социальная работа за рубежом. США. –
М., 2010

Ұқсас жұмыстар
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Деривативтер нарығы
Медициналық қызметтің кұрылымы
Өндіріс шығындарының өсуі
Топ динамикасы
Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар
Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық - саяси қозғалыстар
ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ЖЕКЕ ТАБЫС
Ұлыбритания патшалығы
Пәндер