Ішкі істер органдарының міндеттері
Презентация қосу
шкі істер органдары
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ішкі істер органдарының міндеттері
2. Ішкі істер органдары қызметінің
принциптері
3. Ішкі істер органдарының құқықтары
4. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
5. Полиция
6. Қалалық ішкі істер бөлімі
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі
істер органдарының біртұтас жүйесін басқаратын әрі
заңмен қарастырылған және құқық қорғау қызметі
саласында мемлекет саясатын жасайтын және іске
асыратын, Қазақстан Республикасында мемлекеттік
қауіпсіздікті мен қоғамдық тәртіпті қорғауға салааралық
бағыт-бағдар беруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып
табылады.
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының жүйесін басқару сондай-ақ заңнамада көзделген
шеңберде Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен іске
асыратын, құқық қорғау қызметі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу мен
іске асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы
органы болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне,
өзге де нормативтік актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдері мен өзге міндеттемелеріне сәйкес жүзеге
асырылады.
Ішкі істер органдарының міндеттеріне мыналар жатады:
- қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;
- кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы
мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;
- өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;
- мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау,
тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;
- Ішкі істер органдары қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
2. Ішкіістер органдарының қызметі заңдылық, дара
басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі,
жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік
органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен,
лауазымды адамдармен және азаматтармен өзара іс
қимылы.
Ішкі істер оргадары:
- департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер;
- оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык,
аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер
органдары;
- ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі
істер оргадарының бірыңғай жүйесі.
3. Ішкі істер органдарының осыған уәкілдік берілген
лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді
атқару үшін өз құзыреті шегінде: азаматтардан
қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті
сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы іс-қимылдар
мен ішкі істер органдарының өкілеттігін жүзеге
асыруға кедергі келтіретін әрекеттерді тоқтатуды
талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар
орындалмаған жағдайларда азаматтардын жеке
басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ
орындалуын бақылау ішкі істер органдарына
жіктелген белгіленген ережелердің сақталуын
тексеруге қажетті басқа құжаттарды тексеруге
құқылы.
4. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
- облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік
қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау,
есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ
(статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат
алмасуды жүзеге асыру;
- Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі
қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және
тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және
консультативтік көмектер көрсету;
- ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ
мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі
ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және
қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық
тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып
жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.
- Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік,
жол бойының ішкі істер бөлімдері өздері қызмет көрсететін
аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды
тікелей қамтамасыз етеді.
5. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары
жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын
алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп
көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық
органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол
қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль
полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық
орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол
полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның
қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті -
әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы
отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті
қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы
өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан
зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған
адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға
рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық
бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында
болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б.
міндетті.
Полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде
құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған және т.б.
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы
өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан
зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған
адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға
рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық
бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында
болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б.
міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті
азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы
хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды
ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру
орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге
асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу...
Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары
арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы
және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның
міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының
прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Криминалдық полицияның негізгі міндеттері
Қылмыстарды ашу, алдын алу, жою және
тергеу; Ішкі істер органдарының қарауына
жататын қылмыстар жөніндегі істер бойынша
анықтауларды жүргізу, Тергеу амалдарынан,
ісін жалпы анықтаудан және соттан,
қылмыстық жазасын өтеуден жалтарып
жүргендерді, хабарсыз жоғалып кеткендерді
іздестіруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру.
Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері:
Қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, қылмыстар мен әкімшілік тәртіп бұзушылықтарды ашу,
алдын алу және тоқтату, қылмыстарды ашу, анықтау мен
әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және
тұтқындалған, тұратын орны, құжаттары жоқ адамдар
ұсталатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
Сонымен бірге кәмелеттік жасқатолмағандар арасындағы
қараусыздықты және құқық бұзушылықты ашу және тоқтату,
жол қатынасы кауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік
қадағалау, бақылау, төлқұжат беру жұмысын жүзеге асыру.
Учаскелік инспекторлар және кәмелеттік жасқа
толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар күзет
қызметін, лицензиялық және рұқсат беру жүйесін, табиғатты
корғау және мал дәрігерлік полициясы, төлқұжат қызметі, жол
полициясы бөлімшелері, Ішкі істер органдарының арнаулы
мекемелері әкімшілік полициясы құрайды.
6. Қалалық ішкі істер бөлімі
Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің құрылымына
кіретіндер: әкімшілік қызметтің кезекшілік бөлімімен қоса жедел-
іздестіру бөлімдері (бөлімшелер, топтар), МАИ, алдын ала тергеу,
анықтау бөлімдері, секретариат, штаб, кәмелеттік жасқа
толмағандардың істері жөніндегі инспекция, полицияның аумақтық
бөлімшелері.
Сонымен бірге бұларға: кәмелеттік жасқа толмағандарды
қабылдап таратушы; әкімшілік тәртіп бұзуға қатысты ұсталғандарды
арнайы қабылдаушы; медициналық айықтырғыш; қаңғыбастығы мен
қайыршылығы үшін ұсталғандарға арналған қабылдап таратушы
жоғарыда аталған Ішкі істер органдарына тікелей бағынады.
ІІM ішкі әскерлері маңызды мемлекеттік нысандармен арнаулы
жүктерді тасымалдау кезінде оларды күзету және еңбекпен түзеу
мекемелерін күзетуді жүзеге асырады; сотталған адамдар мен
қамауға алынғандарды айдауылдайды; қоғамдық тәртіпті сақтауда
Ішкі істер органдарына көмектеседі; апаттардың, өрттердің, дүлей
апаттардың өзге де төтенше жағдайлардың зардаптарын жою
кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
қатысады.
Қорытынды
Сонымен, ішкі істер органдарының негізгі міндеттері, қоғамдық
тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде
төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
Қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,
анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-
ақ қылмыскерлерді іздестіру;
Заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала
тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық
бұзушылығын анықтау және алдын алу;
Қажет болған жағдайда мемлекеттік өрттен қорғау, қыметті
органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем
көрсету;
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік
қадағалау және бақылау;
Жалпы айтқанда ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz