Зейнетақы жүйесі




Презентация қосу
ЗЕЙНЕТАҚЫ
Зейнетақы жүйесі
Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі уақытта
ынтымақтастыққа негізделген және жинақтаушы жүйелер механизмдерін
бірге қамтитын үш сатылы жүйеден тұрады.
Бірінші деңгей – Бұл Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және
«ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйесі, онда
халықтың жұмыс жасайтын бөлігінің салық төлемдері мен басқа түсімдер есебінен
құралған мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі
уақытта бұл деңгей шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
зейнетақыға шығу сәтінде еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы
төлемдері қалыптастырылуда.
Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтары үшін ай сайынғы кірістен 10 пайыз
көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстанда үнемі тұратын шетелдіктер
мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған
жұмыстар мен мамандықтар, өндірістер тізіміне енгізілген жұмыскерлердің айлық
табысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары белгіленген
міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры.
Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі.
ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен
зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар халқына
зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет,
себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жинақтар
зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады.
Әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын арттыруға және
соның арқасында еңбек жолын аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс қамсыздандыру
Қазіргі кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция,
Норвегия, Швеция, Оңтүстік Корея, Чехия, Әзірбайжан, Украина, Эстония және
т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебінен зейнетақы жүйесін халықтың жасына
бейімдеу пайдаланылады.
Бұл ретте Еуроодақтың 18 елінде әйелдердің зейнеткерлік жасы ер
адамдардың зейнеткерлік жасына 2020 жылға теңестіріледі, бесеуі оны кейін
жасауды жоспарлап отыр.
Зейнеткерлік жасты арттыруды жоспарлап отырған елдер
Ел Зейнеткерлікке Әйелдер үшін Зейнеткерлік жасты
шығудың зейнеткерлікке арттыру кезеңі (ЗЖ)
ағымдағы жасы шығудың
Е Ә жоспарлап
отырған жасы

Германия 65 65 67 2012-2029 жылдар.
Ирландия 66 65 68 2014 жылға - 66 жасқа дейін,
2012 жылға – 67 жасқа
дейін,
2028 жылға - 68 жасқа дейін
Латвия 62 62 65 2014 жылдан – 2025 жыл
Эстония 63 60,5 65 2016 жылдан – 2026 жыл
Австрия 65 60 65 2024 жылдан – 2033 жыл
Әдеттегідей, зейнеткерлік жасты арттыру мәжбүрлеу сипатында
болмайды. Ол тұрғындар үшін барынша икемді, жеңіл түрде қалыпты жаста
зейнетке шығу мүмкіндігі сақталған жағдайда, бірақ зейнетақы мөлшерін
тиісті түрде түзету есебінен жүзеге асырылады. Азаматтарға қажетті
сақтандыру өтілі, немесе жеткілікті зейнетақы жинақтары, зейнетақыны
ішінара алу мүмкіндігі болған кезде зейнеткерлікке шығуға таңдау мүмкіндігі
және икемді жолына рұқсат беріледі (АҚШ, Канада, Франция, Италия,
Германия, Дания, Нидерланд, Финляндия, Швеция және т.б.).
Зейнеткерлік жасты арттыру көптеген жағдайда жасына
байланысты және өзге де негіздемелер (көп балалы, еңбек жағдайлары
денсаулыққа зиянды және ауыр жұмыстардағы өтілі, мүгедектігі және т.б.)
бойынша жаңа шарттарға ауыстырылатын азаматтарды/әйелдерді саралап
кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Зейнеткерлік жасты арттыру деңгейі,
әдетте, жылына 2 айдан 6 айға дейін құрайды.
Мысалы, Оңтүстік Кореяда әйелдердің зейнеткерлік жасын (65 жасқа дейін)
арттыру 20 жыл ішінде, Францияда – 62 жасқа дейін – 8 жыл ішінде,
Украинада – 60 жасқа дейін – 10 жыл ішінде және т.б. жүзеге асырылатын
болады.
Жекелеген жағдайларда (Чехия) зейнеткерлік жасты арттыру жаңа
шарттарға өтетін адамдардың жасын белгілеп бір уақытта жүзеге
асырылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасындағы зейн
етақымен қамсыздандыру туралы за
ң
Bigox.kz

Ұқсас жұмыстар
Зейнетақы нарығы
ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ
Зейнетақы төлеу жөнінде мемлекеттік орталық
Ұйымдағы персоналдың еңбегін басқару және бағалау
Ресей Федерациясы жайлы
Еңбек құқығының принциптері
Ұлар Үміт корпорациясы
Қосымша зейнетакыны сақтандыру
МЕМЛЕКЕТТІК ЖИНАҚТАУШЫ
Зейнетақыны сақтандыру
Пәндер