Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі


Slide 1

Тақырыбы:Электронды тахеометр

Slide 2

Кіріспе

Қазіргі заманғы геодезиялық аспаптарды жоғарғы технологиялардың өнімі деп айтуға болады. Оның құрамына соңғы жетілдірілген электроника, дәл механика, оптика, т. б. ғылымдар кіреді. Ал қазіргі қолданылып отырған электронды тахеометриялық жүйелер - жетекші жасаушыларға SPECTRA (Швеция - Германия), LEICA (Швейцария), NIKON, SOKKIA TОPCON (Жапония), PENTAX, TRIMBLE/ SPECTRA/ PRECISION (АҚШ), УОМЗ (Ресей) жатады. Осы аталған жетекші фирмалар жүзден астам электронды тахеометрлердің моделін модификацияларын және 2008 ж. LEICA (Швейцария) электронды тахеометр мен жер серігі қабылдағышының қосылған роботталған түрін жасап шығарды.

Slide 3

Тарихы

Егер 1960 жылға дейін геодезиялық аспаптар қарқынды дамыса, оның негізіне XIX ғ. соңында жасалған физикалық принциптерді атап өтуге болады. Яғни, соңғы 30 жылда микроэлектрониканың дамуы ХХ ғ. ең ерекше белгісі болып, геодезиялық жұмыстарда жаңа бағыттардың басталуына жол ашты.

1990 жылдардың басында, электронды тахеометрлердің даму принципінің негізі қаланды. Қазіргі электронды тахеометр оптикалық аспаптар сияқты бұрыштарды және белгіге дейінгі ара қашықты өлшейді. Өлшеу дәлдігін, өлшеу бұрыштардың блоктары немесе модульдер не компенсатор модульдері анықтайды. Дәлдік туралы айтатын болсақ, онда бұрыштық өлшеулер талап бойынша 1”-пен шектеледі. Ал сызықтық қателер, өлшеу жүйелеріне байланысты емес. Өйткені оған сыртқы орта әсер етеді. Егер дәлдік туралы айтатын болсақ, онда бұрыштық өлшеулер 1" дәлдігінде шектеледі, ал 1mm+1ppm сызықтық болады. Бұл қателік ең бірінші, өлшеу жүйелерінің техникалық және қоршаған орта әсеріне байланысты. Өндірушілер сипаттамасы бойынша ең жоғарғы дәлділік жай жұмыстарда қоршаған ортаның әсерінен, орталандыру мен келтіру қателіктерінің әсерінен, мүмкін болмайды. Жай тахеометрлердің бұрыштық өлшеу дәлдігі 5- 6, ал сызықтық өлшеу үшін 3мм+3ррm болады. Тахеометрмен өлшеу қашықтығы 500-1000 м-ден аспауына қарамай, кейде одан да алыс қашықтықтықтарды өлшеуге тура келеді. Сондықтан қазір дәлдігі 2мм+2ppm 3000-4000 м қашықтықты алатын қашықтық өлшеуіш, ең нәтижелісі болып есептеледі. Бұл параметрлер болашақта барлық тахеометрлер үшін стандарт болуы керек

Slide 4

Электронды тахеометрлер

Электронды тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь ара қашықтықты және өзара биіктікті өлшеуге арналған топографиялық электрондық - оптикалық аспап. Электронды тахеометр құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі автоматтандырылған. Ара қашықтықты, горизонталь және вертикаль бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлы таблода көрініп, бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін. Перфорациялық тіркеудің мәні - далалық өлшеу аспабының мамандандырылған элекрондық есептеу машинасымен қосылуында. Ол дала өлшеулерінің мәліметтері бойынша, автоматты түрде жергілікті жердің түсіру жоспарын сызады. Электронды тахеометр арқылы өзара биіктікті анықтаудың, көлбеу қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде атқарылуы, сондай-ақ жарықтың ауада таралуын жылдамдығы үшін түзетудің, автоматты түрде есепке алынуы мүмкін. Тахеометр жинағына шағылдырғыштар, штативтер, батарея, зарядтау құрылғысы, аспапты жөндеу және күту жабдықтары кіреді. Оның түнде жұмыс істеуге арналған жабдығы бар. Ол цифрлық таблоға берілетін жедел ақпарат пен жадтағы жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады:

Slide 5

- жәй электронды тахеометр;

-орташа класты электронды тахеометрлер;

-сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.

Жәй электронды тахеометр - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (ара қашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5”-6”, ал ара қашықтықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма бойынша ара қашықтықты өлшеу, 1100-1500 м құрайды.

Slide 6

Екінші типті электронды тахеометрлерге - орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon, Trimble) . Бұл тахеометрлер жәй тахеометрлерге қарағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды (геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер және қағаздан жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура және кері геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындауға қатысты есептеу программасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі, кластық дәлдікке байланысты 1-тан 5-қа дейінгі аралықты құрайды.

Тахеометрлердің үшінші типіне - севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуға болады. Бұл аспаптар арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар, бұл аспап қашықтықтан басқарылатын (өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%-ға дейін арттырады.

Slide 7

Trimble фирмасының тахеометрі

Американдық Trimble фирмасы өзінің заманға сай геодезиялық аспаптарын жылдан жылға жаңартуда. Солардың ішінде Trimble 3600 DR TCU, 5600 DR TCU және Trimble S6, Trimble M3 аспаптарының жаңа технологияларын айтуға болады.

Slide 8

Trimble S6

Trimble S6 аспаптарының жаңа технологиялары

Жаңа геодезиялық өлшеу технологиялары Trimble SPS610 және SPS710 электронды тахеометрлерінің серияларында іске асырылып, бұл аспаптардың өнімділігін арттырды (67-сурет) . Бұл сериядағы аспаптар үш модификацияда Servo, Autolock және Robotic шығарылған. Электронды тахеометрлердің жұмыс істеу технологиясы үш бағытта бөлінген:

- MagDrive сервотехнологиясы;

- MuliTtrack технологиясы;

- SurеPoint технологиясы.

Slide 9

Trimble 3303 DR/3305 DR тахеометрі

Trimble 3303 DR лазерлі көрсеткішпен қамтамасыз етілген. Ол көру түтікшесінде құрылып, жіптің ортасында жобаланған. Бұл ерекшелік - түсіріс кезінде нашар жарық берілетін және ғимарат ішіндегі жұмыстарды орындауға ыңғайлы.

Тахеометрдің техникалық сипаттамасы;

-бұрыштарды өлшеу дәлдігі: 3";

-ара қашықтықты өлшеу дәлдігі: 3мм+2мм/км (сәулесіз) ;

-призма бойынша 2мм+2мм/км бір призма бойынша 3000 м) ;

-1900 нүктеге дейінгі жад;

-біржақты дисплей;

-орысшаланған .

Trimble 3303 DR-дің негізгі ерекшеліктері:

-жетілдірілген программалық қамтамасыз етілуі: топография үшін, табиғатқа шығару, геометриялық координаталар есептерін шешуге арналған қосымша;

-қашықтық өлшеуіш стандартты режімде призмаға өлшегенде, сол сияқты бейнесіз режімде жұмыс істейді;

-сәулесіз бейне режімін қосқанда, көрінетін лазерлі көрсеткіш қосылады. Лазерлі көрсеткіштен көру дүрбісіне қарау қажеттігі жоқ. Бұл әдіспен өлшеу - қараңғыда не туннельде өлшегенде ыңғайлы;

-сәулесіз режім (DR)

Slide 10

Trimble 3303DR тахеометрі сәулесіз қашықтық өлшеуішпен шығарылады. Көбінесе сәулесіз қашықтық өлшеуіштер жұмысты жеңілдетіп, жай қашықтық өлшеуіштің көмегімен, қиын түсірілетін объектілерден есеп алуға көмектеседі. Мысалы, ауадағы электр бергіш сымдарды, туннельдерді, көпірлердегі ғимарат фасаттарын, карьерлер мен жолдарды түсіруде ерекше маңызы бар. Электронды тахеометр Trimble 303 DR лазерлі көрсеткішпен қамтамасыз етілген. Ол көру дүрбісі ортасының жіптер жүйесінде жобаланған. Бұл ерекшелік - түсірісті қараңғы жерде және бөлменің ішінде түсіруге қолайлы.

Ал Trimble 3300 DR тахеометрі Ресей үшін арнайы Exctrime модификациясында шығарылады. Ол аспап төменгі температурада пайдалануға мүмкіндік береді (-35ºС-тан +50ºС- қа дейін) .

Slide 11

Trimble фирмасының жаңа механикалық 3600 сериясының «High-End Total Station» Trimble 3603 / 3605 тахеометрлері.

Бұрыштық дәлдігі:

-3”және 5”;

-қабылдағыш контроллермен жабдықталған ;

-trimble CU и Geodimetr. қашықтықты өлшеу жүйесі:

-қос EDM - IR және DR;  фазалық салыстыру әдісін қолданады;

-3mm + 2ppm;

-ара қашықтықты өлшеу мөлшері 2500 м.

Шағылдырғыш құралысыз өлшеуге болатын мүмкіндіктер:

-ғимараттарды өлшеу;

-Құрылыстың іші және сырты;

Көпір;

-Туннель;

-Жол;

-Темір жолдар;

-Қол жетпейтін нысаналар ;

-Шахта және карьер;

-Бір адамның басқаруына мүмкіндік.

Slide 12

Trimble фирмасының 3600 сериясының Trimble CU арнайы Arctic моделі және «High-End Total Station» тахеометрі

Сонымен қатар, суық клитматқа арналған электронды тахеометрлер жасап шығарылуда, оларға; Trimble 3603 (3'') ArcticTS, DR EDM, 3-P tribr, w/ Trackl, OpPl, Trimble CU Kit, SC SW; Trimble 3605 (5'') ArcticTS, DR EDM, 3-P tribr, w/ Trackl, OpPl, Trimble CU Kit, SC SW жатады.

Жылдам әрі шексіз айналатын бұрандалар:

-дәл бағыттайтын жылдам бұрандалар;

-горизонталь және вертикаль бағытқа арналған бір осьтегі бұрандалар;

-лазерлік немесе оптикалық тіктеуіш.

Slide 13

Trimble 5600 Servo сериясының - базалық моделі.

-Бұрыштық қателігі 3”-5” құрайды, басқа да контроллерлермен TCU, GDM, TSC2 жинақталып жұмыс істеуге бейімделген. Экраны түрлі-түсті графикамен жабдықталған. Ерекшеліктері:

-шексіз дәл бағыттау;

-4 бұранда орнына - 2;

-аспаптың 4 айналу жылдамдығы;

-бөлу кезіндегі автоматты позиционирлеу;

-эргономикалық қолайлылығы;

-жұмыс істеу өнімділігі 30% жоғарылатылған.

Slide 14

Жұмыс істеу тәртібі

Аспаппен жұмыс істер алдында батареяны зарядтап, оның жұмыс істеу қызметін, жад картасының көлемі мен оның батареясын тексеру қажет.

Тахеометрде өлшенген горизонталь бұрыш мәндерінің коллимациялық қателігіне түзетулер, автоматты түрде енгізіледі. Оның мәні тахеометрдің қателіктерін анықтау процесінде анықталып, тахеометр жадында түзету мәндерін анықтауға дейін сақталады.


Ұқсас жұмыстар
Электронды тахеометр
Электронды тахеометрлар
Тахеометр туралы
Ресей тахеометрлері
Бөлу жұмыстарының түсінігі
Лазерлік сканер
Ғимараттың жобасын дайындау
Есептеуіш құрылғыларда бұрама - гайка жұбын пайдалану
Арақашықтықтарды өлшеу
Қателер теориясы, тең дәлдікті өлшеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz