Несиелік операциялар
Презентация қосу
Тақырыбы :
Коммерциялық банктердің
активті операциялары
Орындаған: Әміржан Ілияс
Тексерген : Баймағанбетова З.А
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық
банктердің активті операциялардың тәжірибесін талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
*Коммерциялық банктердің активті операцияларының
теориялық аспектілерімен танысу;
*«Сбербанк» АҚ-ның активті операцияларын талдау;
*Банктік активті операцияларды ұйымдастыру және
басқаруды талдау;
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң
негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналы-
мының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн,
мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшiн
жағдай жасау болып табылады.
Банк активтер – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі
активтер бойынша орналастырылмаған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін
сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын
сипаттайды. Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел
активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады
Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге
болады:
1.Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2.Берілген несиелер;
3.Бағалық қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4.Банктің ғимараты мен жабдықтары.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі
мен пайдалылығына қарай төрт топқа бөледі:
*1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге
деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді
активтер
*2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен
де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, олардың ең төменгі
тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады.
* 3-топ. Банктің активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі.
Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ
банктің пайдасына басты көзін құрайды.
*4-топ. Инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді
қалыптастыру екі мақсатты көздейді. Банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді
бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай –
ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша
ретінде болу.
Активтi операциялардың жіктелуі бойынша, активтi құрамы
сияқты әр түрлi пiкiрлер :
Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гил и Р. Смит пікірлері бойынша
коммерциялық банктердің активтерін 4 негізгі категорияларға
бөледі:
*кассалық қолма-қолдылық және оған тең қаражаттар;
*бағалы қағаздарға инвестициялар;
*ссудалар;
*құрылыстар мен ғимараттар.
Челноков В.А. жазғаны бойынша, банктік істің халықаралық
тәжірибесіне сәйкес коммерциялық банктердің активтері
келесідей бөлінеді:
*негізгі (капиталды);
*айналымды (ағымдағы).
Банктердің негізгі активтері : жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, автокөлік
тұрақтары, технологиялық жабдықтар және т.б. материалды объектілерден құралады.
Айналымды активтер қолма-қол ақша қаражаттары, әр түрлі банк шоттарындағы
қаражаттар, қарыз алушылардың ақшалай міндеттемелері, бағалы қағаздар, шетел
валютасы және басқа құндылықтардан құралады.
Ағымдағы активтер айналым (немесе өтімділік) жылдамдығына байланысты төрт
топқа бөлінеді.
*ұлттық және шетел валютадағы ақша қаражаттар. Бұл топтағы ақша қаражаттар
абсолютті өтімді активтерге жатады және банк жұмысында сәйкестендірілген
қызметтерді атқаратын жалпы тауар эквиваленті ретінде қолданылады
*бағалы қағаздар (облигациялар, акциялар). Бұл топ бағалы қағаздар немесе банк
инвестицияларынан құралады.
*қарыз алушылардың қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелер. Бұл активтер тобына
вексельдер және клиенттердің қысқа мерзімді ссудалары кіреді. Мұндай ссудалар
шаруашылықтың әр түрлі саладағы кәсіпорындарға ұсынылған бизнес-несиелерден
құралады;
*қарыз алушылардың орта мерзімді және ұзақ мерзімді ақшалай міндеттемелері.
Осы активтер тобына орта мерзімді және ұзақ мерзімді ссудалар жатады.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік
операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
*Несиелік операциялар;
*Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар
бойынша;
*Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг,
форфейтинг);
*Кассалық операциялар
*Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Шетелдік тәжірибеде де активті операциялардың маңызды бағыты болып,
несиелеу саналады, ол несиелік портфель банктің барлық активтерінің
жартысына дейінгі мөлшерін алып отыр. Несиелеу процесі барысында қарыз
алушылардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан пайда болатын
банктердің қаржылық шығындар шегу қаупі туады. Сондықтан қандай да
болмасын несиелік саясатты жүргізу кезінде де несиелер бойынша
шығындар бола береді. Банкте несиелік портфеліндегі проблемалық
несиелер үлесінің өсіп кетуі оның беделін түсіруі мүмкін, ал бұл өз
кезегінде банктің несиелік ресурстар нарығында алатын орнын әсер етуі
мүмкін. АҚШ, Германия және Англиядағы банктері өз активтерінің сапасын
несиелік портфельді «секьюритизациялау» әдісі негізінде қарастырады.
Шетел тәжірибесінде өтімділікті басқарудың бірнеше әдісі қалыптасқан.
Бұл әдістердің біреуіне секьюритизациялау әдісі, яғни банк активтерін
бағалы қағаздарға айналдыру жатады. Активтерді секьюритизациялау
кезінде несиелік ресурстарды несиелік шартқа отыру негізінде ғана
орналастыру емес сонымен қатар қысқа мерзімді несиелеу кезінде
вексельдерді, ал ұзақ несиелеу кезінде облигацияларды қолдану арқылы да
орналастыруға болады.
«Сбербанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама
«Сбербанк России» Акционерлік қоғамының Еншілес Банкінің тарихы 2006
жылдың аяғынан, яғни «Сбербанк России» Орталық және Шығыс Еуропаның
алып қаржы институты ТексакаБанктің (National Business журналы
клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған) 99,99%
акцияларын сатып алған сәттен басталады.
2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банк және
өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Дәл осы жылы Банктің
жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан
астам) құрды. Бұл «Сбербанк» АҚ ЕБ-не жарғылық капиталының көлемі
бойынша Қазақстан Республикасындағы ірі банктердің ондығына кіруіне
мүмкіндік берді.
Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында
Сбербанктің Қазақстан аумағындағы он екінші филиалы ашылды.
2014 жыл республикадағы алып шаһарлардың бірі - Шымкент қаласында
банктің жаңа филиалының Орталық офисінің ашылуымен ерекшеленді.
«Сбербанк» АҚ ЕБ өнімдерінің желісінде банктің барлық филиалдарында
2014 жылдың наурызынан бастап, жаңа банк өнімі -«Иесіз металл шот»
(ОМС)пайда болды.
«Сбербанк» АҚ – ның активтерінің сапасын бағалау
Банк активтерінің сапасы мына критерийлер негізінде
анықталады:
*активтердің өтімділігі;
*активтердің тәуекелділігі;
*активтердің табыстылығы;
*активтердің диверсификациялануы;
Активтердің өтімділігі – бұл активтердің өткізілуі немесе борышкердің өз
міндеттемелерін өтеуі арқылы олардың ақшалай қаражаттарға айналу қабілеттілігі.
Банк активтері өтімділік дәрежесіне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
Бірінші топқа өтімділігі өте жоғары активтер жатады. Оларға:
* банктің кассадағы қолма-қол ақшалары;
* Орталық Банктегі корреспондеттік шоттағы қаражаттары;
* Мемлекеттік бағалы қағаздар жатады;
* Бұл топтың активтерінің көлемін белгілі бір деңгейде ұстап отыру
* Банктің өтімділігін қамтамасыз етіп отырудың негізгі шарты болып табылады.
Екінші топқа өтімді активтер жатады. Оларға;
* заңды және жеке тұлғаларға берілген қысқа мерзімді қарыздар;
* банкаралық несиелер;
* факторингтік операциялар жатады;
* Бұлардың қолма-қол ақшаға айналу уақыты көбірек болады.
* Үшінші топқа: банктің ұзақ мерзімді жұмсалымдары және инвестициялары, соның
ішінде, ұзақ мерзімді қарыздар, лизингтік операциялар, инвестициялық бағалы қағаздар
жатады. Бұлар өтімділігі төмен активтер деп саналады.
Төртінші топқа: өтімсіз активтер жатады, оларға қайтару мерзімі ұзартылған қарыздар,
бағалы қағаздардың кейбір түрлері, ғиммараттар және құрылғылар жатады.
Тәуекелділік активтердің сапасының критерий ретінде олардың
ақшалай формаға айналған кезде зиян шегу мүмкіндігін білдіреді.
Активтер табыстылық дәрежесіне байланысты екі топқа бөлінеді:
табыс әкелетін және табыс әкелмейтін. Табыс әкелетін активтердің
үлесі жоғары болған сайын банктің капиталдық базасын нығайту
мүмкіндігі де жоғары болады.
Банк активтерінің сапалығы олардың диверсификациялану
дәрежесімен де анықталынады. Диверсификациялану дәрежесі банк
ресурстарының әртүрлі сфераларға орналастыру дәрежесін көрсетеді.
Активтердің диверсификациялану көрсеткіштері мыналар болып
табылады: банктік ресурстардың жұмсалуының негізгі бағыттары
бойынша банк активтерінің құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің
құрылымы; банктің валюталық операциялар жүргізетін валюталарының
құрылымы; банк корреспонденттік қатынас орнатқан банктердің
құрылымдық құрамы. Активтердің диверсификациялануы дәрежесі
жоғары болған сайын оның сапалық көрсеткіші де жоғары болады.
Қорытынды
Қорытындылай келе активтік операциялар бұл банктердің
табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында,
иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын
операцияларды білдіреді. Бұл мақсаттың бірегейлігі банкті
коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды
пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
«Сбербанк» АҚ-ның активті операцияларына талдау
жасалынды. «Сбербанк» АҚ активтивері жылдан жылға өсіп
отыр. Сонымен қатар, активтердің ішінде ең көп үлесті
клиенттерге берілген несиелер 80% алып жатыр. Активтердің
сапасы өтімді деген қорытынды жасауға болады
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz