Банктік тұтыну несилері




Презентация қосу
Тұтыну несиесі
Жұмыстың мақсаты: Тұтыну несиесінің
экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың
тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға
алатынын және тұтыну несиесінің берілу
тәртібімен танысу.
Осы мақсатты орындау үшін мынандай
міндеттер алға тартылады:
Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер
жүргізу;
Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін
бағалау әдістеріне сипаттама беру;
Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз
ету формаларын талдау;
Шет елдік тәжірибелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Несие – ақша сияқты тарихи
экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз»,
«несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша
«kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде
әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің
пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және
кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары
сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде
қоғамның даулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге
тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-
ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі :
«Казкоммерцбанк» АҚ-ң жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын
тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен
байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру
тәжірибесіне талдау жүргізу.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:
Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы. Жұмыстың
ақпараттық базасы. Жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының заңдары мен заң актілеріне сүйендім.
Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:

1.Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік экономикалық
маңызы
2.Қазақстан республикасындағы тұтыну несиесін талдау
3.Тұтыну несиесінің Қазақстан Республикасындағы даму
проблемалары мен
перспективалары
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен
түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық
бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің
мазмұны мен оны қолданылатын түрін өзгертеді.Несиелеу
принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.Несиелеу
принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің
берілуі, пайлдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелеодің
берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі,
олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі
және т.б. анықталады.Несиенің қайтарымдылығы оның
экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай
қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды.
Сондықтан да қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып
табылады.Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие
және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері,
құрамы, қарыз объектісі, динамикасы,процент мөлшері және
қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Тұтыну несиесі- бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу,
тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу,
мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін
коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы-
халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер,
мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие
формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну
тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар-
жиhаз,жеңіл машиналар,тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.)
беріледі.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты- халыққа тұтыну тауарларын сатуды
ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді,
себебі тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл
тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді.
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне келетін болсақ, мүлік
құнының 70-75% мөлшерінде беріледі; алынған несие белгілі бір уақыт
өткеннен кейін және бірдей бөліктермен өтеледі; ал егер несие
уақытында өтелмесе банк өз талабын несиеге алынған мүлік арқылы
қанағаттандыруға құқы бар
Тұтыну несиелерінің төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен
қарыз алушы сипаты бойынша ):
Банктік тұтыну несилері;
Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну
несиелері
( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер,
құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т.б.);
Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну несиелері;
Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан
тікелей алынған тұтыну несиелері;
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің
пайдалану мерзіміне қарай бөлінуі:
Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )
Қорытынды

Бұл жұмыстың бірінші тарауында жалпы тұтыну
несиесі және оның жіктелуі туралы сөз қозғалды.
Тұтыну несиесі деп халыққа тұтыну тауарларын
сатып алу, тұрмыстық қызметтерді өтеу
мақсаттарына берілетін коммерциядық немесе
банктік формадағы несие.
Несиенің бұл түрі қымбат өнімдерді сатып алу
мақсатына, мысалы: автокөліктерді,жиһаздарды
сатып алғант уақытта қолданылады. Тауар бағасы
жоғары болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек
қолданылады. Дамыған елдердегі несиенің
жртысынан көбі автокөлік сатып алу мақсатына
беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма қол
ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну несиесі көптеген елдер экономикасында
үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік органдар
Тұтыну несиесінің негізгі ерекшеліктеріне, осы несие түрі
берілген уақытта ақшалай және тауарлы капитал
қатынастары пайда болады, және потенциялды қарыз
алушылар жеке тұлғалар болып табылады. Тауарлы
формада бұл несие түрі қызметтерді және тауарларды
өтеуін кейінге қалдрып өткізетін кез-келген шаруашылық
субъектілеріне беріледі. Ақшалай формада тұтыну несиесі
тұтыну тауарларын алумен, көрсетілген қызметтер үшін
төлемдермен байланысты шығындарды жабу үшін
несиелік мекемелермен халыққа беріледі.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты-халықтың тұрмс
деңгейін жақсарту.
Әр елдегі тұтыну несиесінің даму дәрежесін
салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі әр елде әр түрлі
сатыда екенін көре аламыз.
Соңғы зерттеулерге сәйкес тұтыну несиесі банктермен
берілетін несиелердің ішінде ең табысты түрі болып
табылады.
Екінші тарау жеке тұлғаларды несиелік қабілетін
бағалауға және екінші деңгейдегі коммерциялық банктер
мен тұтыну несиесін беру тәртібіне арналған.

Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесі
Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әдісі ретінде
АҚШ-ТЫҢ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫ
Қаржы несие жүйесі құрылымы
Несие беру
Қор сыйымдылығы - негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші
Тұтыну шығыстары - тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бір бөлігі
Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері
НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ БАНКТІК ЖҮЙЕ
АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – НЕСИЕЛІК МЕКЕМЕЛЕРІ
Пәндер