Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы

Тақырыбы:Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері.

Slide 2

Жоспар

Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері

Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның ролі

Инвестициялаудың субъектілері және объектілері

Инвестициялық іс -әрекетті мемлекеттік реттеу нысандары

Slide 3

Мемлекеттің құрылымдық саясаты және негізгі көрсеткіштері

Мемлекет құрылымдық өзгерістерде маңызды рөл атқарады. Мемлекет қоғамдағы құрылымдық өзгерістерді ынталандырып отырады. Атап айтсақ, мемлекет кәсіпорындардың ҒТП жетістіктерін қолдануын ынталандырып отырады, капитал салымдарын жасауда болатын қатерлерді азайтуға көмектеседі, экономиканың жаңа салаларын игеруге көмектеседі. Кейде мемлекет экспорттық салаларды және импортты алмастыратын салаларды да демеп отырады.

Slide 4

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін барлық елдерде құрылымдық өзгерістер болды. Оларды жүзеге асыру жолдары мен тәсілдері әрқалай болғанымен, барлығына ортақ негізгі екеуін атауға болады.

1. Бірінші жолды шартты түрде америкалық деп атауға болады. Бұл жолды 80-жылдары Ұлыбритания таңдап алды. Мұнда негізгі сүйеніш ретінде мемлекеттің пассив түрінде араласып отырған реттелмейтін нарықты айтуға болады. Өндіріс құрылымы пайдасы бар нарықтық өзгерістер нәтижесінде өзгеріске ұшырайды. Болашағы жоқ салалардағы кәсіпорын қожайындары күйзеліске ұшырайды немесе аз пайдамен ғана қанғаттанады. Ресурстардың (капитал, жұмыс күші, кәсіпкерлік мүмкіндік) пайдасы көбірек салаларға ауысуы байқалады. Ірі көп салалы және өзіндік қаржыландырылатын кәсіпорындар құрылымдық қайта құруларын осы жолмен жүзеге асырады. Мемлекет бұл жағдайда демеуқаржы арқылы тоқырауға ұшыраған салаларды демеп отырады. Мұндай жол уақыттың көп бөлігін алады, оның әлеуметтік шығындары біршама болады.

2. Екінші жол - жапондық (бұл жолмен 30 жыл бойы Оңтүстік Корея, Батыс Еуропа елдерінің бірнеше мемлекеттері, Түркия, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа индустриалды мемлекеттері жүріп келеді) . Бұл жол бойынша құрылымдық өзгерістер мемлекеттік жоспарлау және ресурстарды салааралық жедел қайта құйылу тәсілдеріне жүгінеді. Яғни прогрессивті құрылымдық өзгерістерді жеделдету үшін мемлекеттік реттеу кеңінен қолданылады. Ол үшін қажетті болжау бағалары пайдаланылады, олар құрылымның қандай бірлігін қысқарту керек екендігін, қайсысына демеу берілу керек екендігін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Бұл - әлеуметтік шығындары азырақ болатын және өнімділіктің қарқынды өсуі болатын жылдамырақ жол.

Slide 5

Қазақстан және басқа да бұрынғы кеңес республикалары үшін құрылымдық саясаттың міндеттері деп келесілерді атауға болады:

тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістерді қодау және болашағы жоқ не ескірген өндірістерді біртіндеп жою

артта қалған аймақтардың дамуын ынталандыру

тұрақты экономикалық өсудің алғышарттарын жасау

өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы жылу-энергетика кешенінің экспортты табыстарын капиталдау

инфрақұрылымның басым дамуы (өндірістік, нарық, ақпараттық)

өндірістің салалық құрылымының төлеуге қабілетті сұранысқа икемделуі

тұралаушы салалардың барлық ресурстарын өсу салаларына құюды ынталандыру

Slide 6

Құрылымдық және өнеркәсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның ролі

Қазіргі кездегі кәсіпкерлікті ынталандырудың нормативтік -құқықтық аспектілері Экономикалық өсуге мемлекеттің құрылымдық саясатының ықпалы айтарлықтай болатынын анықтадық. Өнеркәсіп өндірісі ЖІӨ және экспорт және ішкі пайдалану үшін жасалатын тауар массасын жасаудың негізгі көзі болып табылады.

Нарықтық экономикасы бар елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өнеркәсіп құлдырау кезінде ынталандыру шаралары қажет екенін аңғартады.

Slide 7

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік өнеркәсіп саясатының екі түрі белгілі, олар: жалпы жүйелік және іріктемелі

Жалпы жүйелік өнеркәсіптік саясат индустрияның дамуына оң ықпал ететін жалпы жағдай жасауға бағытталған, ол деңгейлес жүргізіледі. Оның шаралары нарықтың барлық субъектеріне бірыңғай әсер етіп, экономикалық, институциалды, ұйымдық және құқықтық орталарды құрайды.

Іріктемелі өнеркәсіптік саясат нарық субъектерінің белгілі бір топтарына (кәсіпорындар, өндірістің жеке түрлері, жеке бір сала, аймақтар) бағытталған. Ол сатылас іс-әрекет жасайды: орталықтан халық шаруашылығы иерархиясының төменгі сатысына дейін бағытталады. Бұл жағдайда оның микроэкономикалық сипаты басымырақ болады.

Slide 8

Өнеркәсіптік саясаттың әдістері алуан түрлі және олар көптеген елдер тәжірибесінен өткен. Оларды мазмұнына қарай топтастыруға болады.

1. Ақпараттық әдіс. Мемлекет өнеркәсіптік саясатты жүзеге асырушы ретінде кәсіпорындар мен басқарудың тиісті органдарын қоршаған әлеуметтік-экономикалық орта туралы ғылыми дәлелденген, жүйеленген мәліметтермен қамтамасыз етуі керек. Бұл жерде сөз елдегі, саладағы, аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуының зерттеу нәтижелері мен болашағы туралы мәліметтердің барша мүдделілерге жетімді болатындай туралы болып отыр. Мемлекеттің мұндай болжау-аналитикалық және ақпараттық белсенділігі шаруашылық субъектеріне бағдар ретінде болады.

2. Макроэкономикалық реттеу әдістері Олар жалпыэкономикалық ортаның нақты өндірісіне бағытталған, нақтыласақ, қаржылық тұрақтылыққа, мемлекеттік бюджет тапшылығын болдырмауға, инфляцияны төмендетуге, оң төлем балансын қамтамасыз етуге, ұлттық валютаның тұрақтылығына бағытталған. Қысқаша айтқанда, өнеркәсіптік саясатты макроэкономикалық қамтамасыз ету болып табылады. Макроэкономикалық ортаның жағдайы тиімді өнеркәсіптік саясаттың алғышарты да болып табылады.

Slide 9

3. Ресурстық (шығын) әдістер. Олар ең нәтижелілер қатарына жатады және индустриалды объектеріне тура әсер ететін әдіс болып табылады. Олар: мемлекеттік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу жүйелері, нақты демеу-қаржы және несиелеу, тәуекелді сақтандыру қорларын құру және пайдалану, салық жеңілдіктері. Индустриалды саясат кадрларды даярлау және қайта даярлауды, еңбек ресурстарының иммиграциясын, іргелі зерттеулерді және ҒЗТКЖ қаржыландыруларын біріктіреді.

4. Институтционалды әдістер. Бұл қажетті құқықтық және ұйымдық-экономикалық ортаны қалыптастыру және барлық шаруашылық субъектері үшін ортақ тәртіпті бекіту әдістері. Олар жеке-дара әрекет етпейді, олар барлық институциалды жүйеге бірдей әрекет етеді. Бұл әдістің әсер ету тәсілі - реттегіштік және ынталандыру. Бұл әдістерді қолдану өнеркәсіп саяса-тының объектеріне (салалар, өндіріс түрлері, кәсіпорындар, аймақтар) шы-ғындалуды талап етпейді. Шығындар тек ұйымдық-шаруашылық өзгерістер жасау жұмысымен ғана байланысты. Бұл әдістерге әр түрлі әкімшілік тәсілдер жатады: квота, лицензия, стандарттар, экологиялық нормативтер. Сонымен қатар, оларға шаруашылық заңдарының тұтқалары жатады.

Сонымен, өнеркәсіптік саясат экономикалық өсуді және құрылымдық өзгерістерді ынталандырады.

Slide 10

Инвестициялаудың субъектілері және объектілері


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері
Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясаты
Салықтық саясаттың міндеттері
Банк несиесі
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Ақша және несие
Кадр басқарудағы тұжырымдамалар
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
Ақша массасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz