Еңбек құқығының принциптері


Slide 1

Тақырыбы:

ҚР еңбек құқығы

Орындаған: Арысбай А

Қабылдаған: Дүйсенова Л

Slide 2

Жоспар:

I кіріспе

ҚР еңбек құқығына жалпы сипаттама

II негізгі бөлім

ҚР еңбек құқығының негіздері

III қорытынды

IX пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Еңбек құқығы - жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын және еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Ол біріккен еңбек қызметінің процесінде жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегін, сондай-ақ еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың еңбегін қолдануда туындайтын қоғамдық қатынастарды қамтиды. Еңбек құқығының негізгі қағидалары: еңбек ету құқығы; еңбек тәртібін сақтау; еңбекті қорғау

Slide 4

Еңбек келісім-шарты - еңбеккерлер мен кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар арасындағы еңбекшінің белгілі бір мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша жұмысты атқаруға және ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағынуға міндеттенетін, ал кәсіпорын, мекеме, ұйым еңбек туралы заңдарға, ұжымдық шарттарға және тараптардың келісіміне сәйкес еңбекақысын төлеп, жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге міндеттелетін келісім. Бұл келісім-шарттың тараптары: жұмысшылар, қызметшілер және мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар

Slide 5

Еңбек заңдарының негізгі институттарының бірі жеке еңбек шарты болып табылады. Жеке еңбек шартының негізінде жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек құқықтық қатынастары белгіленеді. ҚР-дағы Еңбек туралы заңның 10-бабына сәйкес жеке еңбек шартының мерзімі - белгісіз мерзімге, белгілі бір мерзімге, белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы мүмкін.

Кәсіпорындарды, мекемелерді, және ұйымдарды басқаруға жұмыс шаралары мен қызметшілерді тартудың маңызды нысаны ұжымдық шарт болып табылады.

Ұжымдық шарт - бұл бір жағынан тараптардың мүдделерін келістіру - кәсіпорын иесінің және еңбек ұжымының, екінші жағынан, еңбек ұжымының оның мүшелері мен отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша негізделетін еңбек ұжымының міндеттемелері.

Slide 6 Slide 7

Жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт. Қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жұмыс аптасы, әдетте, екі демалыс күні бар бес күндік болып табылады.

Демалыс уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты.

Жалақы - жеке еңбек шартының негізінде орындалған қызметкер еңбегіне жұмыс беруші төлеуге міндетті ақы.

Еңбекке ақы төлеу жүйесі - жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі.

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы - еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсету мен бағып-күтудің нақты түрлері әлеуметтік қамсыздандыру түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар, зейнетақыны қамсыздандыру “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңына сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру үшке бөлінеді:

Мемлекеттік (зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан) ;

Мемлекеттік емес (жинақтаушы зейнетақы қорларынан) ;

Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары бойынша

Slide 12

Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақы төлемдерінің белгіленген мөлшерін сақтай отырып зейнетақымен қамсыздандыруға кепілдік береді.

Зейнеткерлік жасқа жеткен және 1998 ж. 1 қаңтардан кейін зейнет жасына жеткенге дейін қалған мерзімнің кемінде 3/4-не тең кезең ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын төлеуді жүзеге асырған азаматтарға, егер зейнетақы мөлшері заң актісінде белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен болған жағдайда тиісті үстемақы түрінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Slide 13

Еңбек құқығының принциптері. Еңбек құқығының принциптері - еңбек қатынастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар, идеялар. Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек саласындағы қатынастарды құқықтық реттеудің мынадай принциптері баянды етілген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықтан қорғау (24-бап) ; денсаулықты қорғау құқығы (29-бап) ; бірлестіктер бостандығына құқығы (23-бап) ; құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы (13-бап) ; еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз және жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы (24, 28-бап) ; демалуға құқығы (24-бап) .

Slide 14

.


Ұқсас жұмыстар
Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін бекемдеу
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Еңбек құқығының функциясы
Еңбектік қатынастар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕН ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек құқығының қағидалары
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ
Еңбек құқығының субъектілері
Халықаралық сауда көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz