Азаматтық құқық қатынастарының түрлері




Презентация қосу
Тақырыбы:

Азаматтық құқық
Жоспары:
• 1.Кіріспе
• Азаматтық құқық
• 2.Негізгі бөлім
• Азаматтың құкықтың қағидаларына
• Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық
қатынастар
• 3.Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
• Азаматтық құқық - бұл тауар-ақшалай және қатысушыларының
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ
мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін
құқық саласы.
• —Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері - жеке тұлға
және заңды тұлғалар.
• —Құқық өкілеттігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға
деп атауға болады.
• —Тұлғаның 2 категориясы болады: жеке тұлғалар және заңды
тұлғалар.
• —Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар.
• —Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару
құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра
алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Оған
мекеме, ұйым, кәсіпорын және т.б. жатады.

• Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі Жалпы
және Ерекше бөлімдерден тұрады.
• 1. Жалпы бөлім.
• 1. "Жалпы ережелер" (тараулары: азаматтық құқықтық
қатынастарды реттеу, азаматтық құқық субъектілері, т.б.).
• 2. "Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар".
• 3. "Міндеттемелік құқық".
• 2.Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығының
ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:
• 4. "Міндеттемелердің жекелеген түрлері".
• 5. "Интеллектуалдық меншік құқығы".
• 6. "Мұрагерлік құқық".
• 7. "Халықаралық жеке құқық".
• Азаматтың құкықтың қағидаларына:

• тараптардың теңдігі;
• шарт еркіндігі және таңдау құкығы;
• еркіндік;
• меншікке қол сұкпаушылык;
• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
• азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
• бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету;
• азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың
құқықтарын сот арқылы корғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық
қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір
адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
• Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:

• Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі
нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды,
оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі
катынастарды реттеу негізінде енгізілген
6-бапта:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады
жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар
қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс.
2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да
табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп
жария етілген.
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың
негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық
катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б.
жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше
бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып,
1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1
шілдеде заңдық күшіне енді.
• Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген.
Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық
заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституцияльщ заң күші
бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының
қаулылары, т.б. жатады.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы
органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған
нормативтік құқыктьщ актілері жатады.
Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-
тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып
жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа
мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық
қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды.
Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол
себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып
жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады.
Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне
негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты
жеке қатынастарды реттеуге арналған қүқықтық нормалардың жиынтығы болып
табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық
кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады.
• Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің
біріне,мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де
материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және
пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша
айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық
игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты
қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен
бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
• Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік
қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және
мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес
жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды.
Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар
қатынастар құрайды.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын
қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы
қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе
өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады.
Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен
байланыстылық сипат алады.
• Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген
зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де,
азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты
денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің
кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және
т.6.).
Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық
екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық
бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын,
сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін
білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің
тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен
басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде
рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың
күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот
арқылы шешіледі.
• Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты
түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық
қатынастар дегеніміз қатысушылары бір-бірімен
субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы
жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не
мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс
мүліктік емес қатынастар. Азаматтық құқықтық
қатынастардың ерек-шеліктері:
• біріншіден, азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектілері заң жүзінде тең, бір-бірінен тәуелсіз,
осынысымен басқа құқықтық қатынастардан
айырмашылығы бар; екіншіден, азаматтық құқықтық
қатынастар занда көрсетілген не көрсетілмеген негіздердің
де барысында пайда болады; үшіншіден,азаматтық
құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде
тараптардың келісімі шешуші рөл
атқарады; төртіншіден, азаматтық құқықтарды қорғаудың
тәртібі мен тәсілінің өзгешелілігі.
• Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуьшың негіздеріне заңды
фактілер жатады. Азаматтық құқықтар мен міндеттер зандарда көзделген
негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен занды тұлғалардың әрекеттерінен
пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық зандарда көрсетілмегенімен,
олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен
міндеттерді туғызады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 7-
бабына сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттер:
• 1) зандарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ
зандарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден; 2)
зандарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік
құжаттардан;
• 3) азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен; 4) заң
құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе
иемдену нәтижесінде; 5) өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым,
әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де
нәтижелерін жасау нәтижесінде; 6) басқа жаққа зиян келтіру салдарына,
сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау
(негізсіз баю) салдарынан; 7) азаматтар мен занды тұлғалардың өзгеде
әрекеттері салдарынан; 8) зандар азаматтық-құқықтық жағдайлар
басталуын бай-ланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
• Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтыңсубъектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа
қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, занды
тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің
азаматтық құкықтық қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық
құқықтық қабілеттілікке және азаматтық, әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
• Азаматтық, құқықтық қабілеттілік дегеніміз азаматтық заңмен бекітілген құқықтарға ие
болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Азаматтық құқық қабілеттілігі барлық
азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден
басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.Азаматтық құқықтық қабілеттілік дегеніміз:
азамат Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел
валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында
еркін жүріп-тұруға және тұрғылыкты жер тандауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып
кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген
қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және занды тұлғалармен бірігіп
занды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға;
материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа
да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа,
әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады.
Зандар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге
асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері
көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері
деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың
тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының
тұрғылықты жері болып танылады.
• Азаматтың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі
бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір
міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет
қабілеттілігі жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты
түрлері бар.
• Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ дет танылады.
Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз
әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты
сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған
қорғаншылык белгіленеді.
• Жартылай әрекет қабілеттілігі 6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық
заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше
көзделмесе, олардың атынан ата-анасы ; асырап алушылары немесе
қорғаншьшары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің
жасына лайыты,жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз
бетінше жасауға құқылы.
• Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардын толық емес
әрекет қабілеттілігі бар деп мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді
ата-анасынын, асырап алушыларынын немесе қорғаншыларының келісімімен
жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын
мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де
кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдык меншік құқығы объектілеріне
өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға кұқылы.
• Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет
қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынандай бір сәтті есімізге
салып кеткеніміз жон. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа
жеткенге дейін некелесуге рұксат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа
толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толықкөлемінде әрекет
қабіліеттілігіне ие болады.
• Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан
өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға
ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін com Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген
тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылык белгіленеді.
Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының
келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азамат спирт ішімдіктеріне
немесе есірткі заттарға және нашакорлыққа салынуды тоқтатқан
жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін
жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген
қамқоршылықтың күші жойылады.
• Азаматтық құқықтық қатынастардың
объектілері. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер
мен кұқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар,
ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық
қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық
атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды
дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар
мен баска да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер
мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол
сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы кұпиясы, есім алу
кұқығы, автор болу құкығы, шығармаға қол сұқпаушылық
құқығы және басқа материаддық емес игіліктер мен
құқықтар жатады.
• Азаматтық құқық қатынастарының
түрлері
• 1. Мүліктік және мүліктік емес;
• 2. Абсолютті және салыстырмалы;
• 3. Заңдық және міндеттемелі.
• Азаматтық құқық реттеу тәсілдері.
• Реттеу тәсілдері мына ережелерге байланысты анықталады:
• 1. Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңи
теңдігі;
• 2. жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқықпен азаматтық
міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы;
• Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға
негізделген. Диспозитивтік норма дегеніміз – тараптар
арларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша,
егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі.
• Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа
бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-
ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды
реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.
• Қорытынды

• —Құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық
нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс
болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-
нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң
саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына
қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға
сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның
бөлікгеріне бөлінеді. Ішкі салаларға тән ерекшелік оның
құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және жалпы
ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай
құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық
реттеудің бір арнаға жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен
деп түсінген жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
• —Нормативтік құқықтық актілер
• —Қазақстан Республикасының Конституциясы
30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар
07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
• —Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы,
Юрист, 2003 ж.
• —"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заң
Алматы: Жеті-Жарғы. 2002 ж.
• НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастар
Міндеттемелік құқық
Авторлық және сабақтас құқықтар
Азаматтық құқық қатынастары
Азаматтық құқық қатынастары. Мұрагерлік құқық
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Пәндер