Электр доғалық дәнекерлеу
Презентация қосу
Мазмұны
• Дәнекерлеу өндірісі
• Электр доғалық дәнекерлеу
• Бенардос тәсілі,
• Славянов тәсілі
• Үш фазалы
Дәнекерлеу өндірісі
• Металл бөліктерін бір-бірімен тығыз жанастырып, балқу
температурасына немесе пластикалық күйге дейін жеткенше
қыздырып біріктіруді пісіру деп атайды. Металды қыздыруға
жұмсалатын жылу энергиясын алу жолына байланысты пісіру
электрмен және химиялық жолмен пісіру болып екіге бөлінеді.
Электрмен пісіру әдісі электр доғалық және контактілі пісіру болып
екіге бөлінеді. Электрмен пісірудің электр доғалық әдісінде металды
пісіруге қажет жылу энергиясы электр доғасынан, ал контактілі
әдісінде электр тогының пісіретін металл арқылы өту процесінде
бөлінген жылудан алынады.
• Пісірудің химиялық тәсілі тобына газды және термитті пісіру
жатады. Металды химиялық жолмен пісіру әдісінде оны қыздыруға
қажет жылу энергиясы химиялық реакциялардың нәтижесінде
бөлінген жылу энергиясынан алынады.
• Газбен пісіру әдісінде металды балқытуға қажет жылу жанғыш
газды оттегімен қосып, арнаулы газ шілтерлерінде жағудан пайда
болған жалыннан алады.
• Пісірудің термитті әдісінде металды қыздыруға қажет жылу термит
қоспасы деп аталатын алюминий ұнтағы мен темір тотығының жану
реакциясынан алынады.
• Металл бөліктерінің пісірілетін аумағының температурасына
байланысты пісіру балқыту және қысым арқылы пісіру болып екіге
бөлінеді.
• Балқыту арқылы пісіру әдісіне газбен, электр доғасымен пісіру және
термитті пісіру әдістері жатады. Пісірудің бұл әдісіне металл белгілі
температураға дейін қыздырылғаннан кейін пісіру аумағына
қосымша металл беріледі.
Металды пісіру арқылы біріктірудің өндірісте мынандай негізгі
түрлері қолданылады:
тоғыстыру;
Тоғыстырып пісіруге байланысты металдың ұшы оның
қалыңдығына байланысты былайша өңделеді:
бұрыштық қосу
Металдарды бұрыштық қосылыспен пісіргенде олардың
бұрыштары өңделіп немесе өңделмей де пісірілуі мүмкін.
қос табанды;
Қос табанды (таврлы) етіп қосуда металл бөліктері бір-біріне
бұрыш жасай біріктіріп пісіріледі
o ақастыру
o Айқастыру арқылы біріктіруде металдың айқастырылған
бөліктерінің ұзындығы қалыңдығынан 3-5 есе артық етіп алынады
Электр доғалық дәнекерлеу
• Электр доғалық пісіру – металдарды пісіру әдістерінің
ішіндегі көп тараған түрі. Пісірудің бұл түрінде металды
қыздыру үшін қажет жылу электродтардан немесе электрод
пен металл арасында түзілетін доғадан алынады. Пісіру
тізбегіне негізі бұйым және электродтың жалғануына қарай
электр доғалық пісірудің мынадай негізгі түрлері болады:
балқымайтын көмір (графит) электродымен пісіру немесе
Бенардос тәсілі, балқитын металл электродымен пісіру
немесе Славянов тәсілі және балқитын металл
электродтарымен үш фазалы доғаны пайдаланып пісіру.
Бенардос тәсілі
• Бенардос әдісі бойынша тұрақты ток,
доғасы оң полярлы бағытта (электродта
«-», бұйымда «+») көмір немесе грфаит
электроды (2) және пісірілетін бұйым (1)
арасында жанады. Қосымша металл (3)
пісіру тізбегіне жалғанған, сондықтан
доға негізі металға тікелей, ал қосымша
материалға жанама әсер етеді. Сол
полярлы бағытта электрод анод болып
(электродта «+»), ал бұйым катод болса
(бұйымда «-») доға тұрақсызданып,
металл көміртегімен қанықтанады.
Бенардос әдісімен пісіруді негізінен
шойын және қола құймаларының
ақауларын түзетуге және тез тозатын
детальдарды қатты қорытпалар
ұнтағымен қаптауда пайдаланады.
Славянов тәсілі
• Славянов әдісі бойынша тұрақты ток (оң
немесе сол полярля бағытта) немесе
айнымалы ток, доғасы балқитын металл
электроды (2) мен пісіру тізбегіне жалғанған
оған тура әсер ететін пісірілетін бұйымның
(1) аралығында жатады. Пісіру тізбегіне
жалғанған электродтың қызуы күшейе түсіп
тез балқиды. Өйткені оның шеткі беттері
электр зарядталған бөлшектерінен
қоршалған. Доғамен балқытылған электрож
қосымша материал ретінде пісірілген
ваннаны толықтырады.
Үш фазалы
• Үш фазалы доғамен пісіргенде.
Пісіру тізбегінің үш фазасына
бөлек-бөлек екі электрод (2) және
пісірілетін бұйым (1) жалғанған.
Әр электрод пен бұйым арасында
және электродтар арасында бірден
үш доға пайда болады. Әрбір
электрдқа және негізгі металға екі
доға тіке, ал бір доға жанама әсер
етеді. Бұл әдісті көбінесе қалың
металдарды автоматты түрде
пісіруге қолданады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz