Ұжымдық қауіпсіздік
Презентация қосу
Халықаралық
қауіпсіздік құқығы
Орындаған:
ЮК-31 тобының студенті
Ешимбаев Н. С.
Жоспар:
› Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы,
мақсаттары мен қағидалары.
› Ұжымдық қауіпсіздік ұғымы.
› Қарусыздану және қарулануға шек қою.
Халықаралық бақылау және сенімді
нығайту шаралары.
› Блоктарға қосылмау козғалысы және
халықаралық қауіпсіздік.
Халықаралық қауіпсіздік құқығы ұғымы,
мақсаттары мен қағидалары.
Қазіргі өзгермелі әлемде халықаралық қауіпсіздікті
сақтау мен нығайту өзекті мәселе. Халықаралық
қауіпсіздік дегеніміз - субъекттің сақталуы мен
тәуелсіз дамуына еш қауіп-қатер болмайтын
халықаралық қатынастардың орнығуы. Қауіпсіздік
мәселесі – халықаралық қатынастар теориясындағы
маңызды мәселелердің бірі және бүкіл халықаралық
саясаттың даму үрдісімен тікелей байланысты,
сондықтан да бұл мәселе үнемі мемлекет
қайраткерлері мен әлемдік саясаттағы тұлғалардың
назарында қала бермек.
Негізгі елдің қалыпты дамуы билік институттарының тиімді іс
әрекетімен тығыз байланысты. Сондықтан, саяси құрылыс пен
мемлекетті сақтау механизмі ол - қажеттілік. Сонымен қатар,
мұндай механизмнің қажеттілігі келесі факторлармен
айқындалады:
1. Елдің келешекте және тұрақты даму құрылысын айқындауға
мүмкіндік беретін «мемлекеттің өзіндік генетикалық кодын»
сақтауды қамтамасыз ету. Бұл пікірді толық сипаттасақ,
мемлекет өзінің даму жолын айқындап, өзінің ұлттық
құндылықтары негізінде дамуы керек.
2. Іс әрекеті саяси жүйені қиратуға бағытталған жаулық
пиғылдағы элементтерді мемлекеттік құрылымға кіргізбеу,
жақындатпау және олардан қорғана білу.
3. Мемлекеттің ішінде және сырттан жиі өзара байланыста
әрекет жасайтын, қалыпты құрылымды бұзуға жаулық
пиғылдағы элементтер мен күштердің мүмкіндіктерінің өсуіне
жол бермеу, олардан қорғана білу.
Мемлекеттер кауіпсіздігі проблемасын халықаралық құқық жүйесі
тұрғысынан қарастырғанда, мемлекет оның негізгі құрылымы
болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тетігі бар
деп айтуға болады. Мемлекеттер қауіпсіз-дігін қамтамасыз ету,
халықаралық ынтымақтастықты дамыту және бейбітшілікті
нығайтуға жәрдемдесу сияқты халық-аралық қауымдастықтың
барлық қатысушыларының негізгі міндеттері ретінде
қарастырылады. Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы бағыт-
бағдарлары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз
ету саласында әрекет ететін осы заманғы халықаралық құқық
нормаларын пайдалануды көз-дейді.Халықаралық іс-тәжірибеде
халықаралық-қүқықтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
проблемаларының жеке аспек-тілері бойынша мемлекеттердің
біршама тәжірибелері бар. Сол арқылы мемлекеттер қауіпсіздігінің
құқықтық кепілдеме-лерінің қалыптасу және даму мәселелерін
біршама саралауға мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда
халықаралық құқық қағи-даларының, нормаларының және
институттарының өзара байланысына және өзара келісуге ерекше
көңіл аударылғанын айтып өткен дұрыс болар.
Біз, поляк ғалымы М. Добросельскийдің "қауіпсіздік" ұғымына
айқын анықтама беруге әрекеттенген кез келген талпыныс
алдын ала сәтсіздікке ұшырайды және оның ешқандай іс-
тәжірибелық маңызы болмайды, өйткені барлық жағдайларда
қауіпсіздікке кепіл беретін элементтерді, құрылғыларды
немесе процестерді алдын ала білу және ескеру мүмкін емес –
дегенпікірімен келіссміз.Кез келген мемлекет халықаралық
құқықтың субьектісі ретінде "қауіпсіздік" ұғымына сүйене
отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз
болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттіңосындай ықпал
етуі дербес немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен
жеңу мүмкіндігін көздейді.Мемлекеттің халықаралық
кауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі оның
халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен қатынастарында
өзара қорғану және өмір
сүруге кепіл беретін жағдайлар жиынтығын көрсетеді.
Ондай тетік құрылымын айқындаған кезде мынадай
мәселелерге назараударған дұрыс болар еді:
Халықаралық құқық теориясы мен іс-тәжірибесінің
қандай мәселелері кауіпсіздік проблемасымен
байланысты?
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық
құралдарықандай?
Мемлекетте қандай ресурстар (табиғи, әкономикалық)
бар?
Әскери күш пен дипломатияның қауіпсіздікті қамтамасыз етуқұралдары
екендігі жалпыға мәлім. Соған орай, қауіпсіздік мүдделері әскери және
дипломатиялық құралдардың қамтамасыз ету объектілері болып табылады.
Жоғарыда аталған құралдар мемлекет саясатының жалғасы және белгілеу
тәсілдерінің нысандары бойынша әр түрлі болып келеді. Сонымен бірге,
мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, белгілі бір табиғи және
материалдық ресурстарға ие болуы керек.Қауіпсіздік құқық субъектісіне
жағымсыз әсер ету мен оның осы әсерлерді өз күшімен немесе шетелдік, я
болмаса өз мемлекетінің басқа субъектілерінің қолдауымен, кейде халықаралық
қауымдастық күшімен жеңуі арасындағы белгілі бір тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Мемлекет өзінің тұтастығын басқа мемлекеттердің жағымсыз әсерінен
қорғауын қамтамасыз етсе, онда ұлттық кауіпсіздік туралы айтамыз.
Халықаралык құқықта "ұлттық қауіпсіздік" ұғымы "мемлекет қауіпсіздігі"
ретінде қалыптасып кеткен. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздікті нығайту
туралы Декларацияда, КСРО бастамасымен 1986 ж. қабылданған бәрін
қамтитын қауіпсіздік Тұжырымдамасында қауіпсіздіктің бөлінбейтіндігі
жөнінде кешенді ұғым жарияланған болатын. 1992 ж. 10 шілдесіндегі "Уақыт
және өзгерістер талабы" деген Хельсинки құжатында кауіпсіздік белінбейді
және әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі басқа мемлекеттер қауіпсіздігімен тікелей
байланысты деп белгіленген. Егемендіктің иесі және кез келген мемлекеттегі
биліктің жалғыз көзі көпұлтты халықтың қауіпсіздігін ұлттық қауіпсіздік деп
айтады .
Ұжымдық қауіпсіздік
Ұжымдық қауіпсіздік — 20 ғасырдың бас кезінен бастап халықаралық
қатынастарда келісімшарттар жасасу арқылы бейбітшілікті қамтамасыз
етуге ұмтылу жолы. Ұжымдық қауіпсіздікке қол қойған елдерге қарсы
басқа бір ел шапқыншылық жасайтын болса, шарт бойынша олар
бірлесіп шапқыншыға тойтарыс береді. Ұжымдық қауіпсіздік теория
тұрғысынан пайдалы. Алайда халықар. құқық нормасы ретінде іске асуы
өте күрделі. БҰҰ өзінің хартиясында көрсеткенімен (52-бап) атомдық
қару заманында Ұжымдық қауіпсіздік шындықтан алыстай түседі.
Әсіресе, атом қаруын қауіпсіздік мақсатында шапқыншыға қарсы
қолдану қауіпті. Егер ол ел өзінің атом қаруымен қарсы жауап берсе,
адамзатқа аса зор қатер төнеді. Қазақстан әлемде өзінің ядр. қаруынан
толықтай бас тартқан тұңғыш мемлекет. Осыған орай ядр. қарулары бар
мемлекеттер Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беріп отыр. Алайда
әлемдік саясатта, геоэкон. жағдайда әр ел өз мүддесін ойлайды. Түбінде
өзінің төл мүдделерінің орындалуы жолында әрекет жасайды.
Сондықтан әрбір ел әлемдік геосаяси ойындардың құрбаны болмауды
ойластырады. Ұжымдық қауіпсіздік қаншама тартымды болғанымен, саяси
тартыстарда қандай да болмасын мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі бола
алмайды. Бірақ Ұжымдық қауіпсіздікке мүше болу еш уақытта зиянды емес.
Белгілі бір шекке дейін әр ел Ұжымдық қауіпсіздікті өз пайдасына жұмыс
еткізе алады. Ұжымдық қауіпсіздік мемлекеттер үшін күрделі әлемдік
қатынастарда өз орнын анықтауға және нығайтуға көмектеседі.
Ұжымдық қауіпсіздік - халықаралық құқық, халықаралық даужанжалдарды
бейбіт реттеу, бейбітшілікке төнген қауіптің алдын алу, тыйып тастау,
жоюдың үжымдық шараларының ережелері мен қағидаттарының жалпы
мойындалған жүйесі. Ұжымдық қауіпсіздік БҰҰ Жарғысының талаптарына
негізделген халықаралық қауымдастық мүшелерінің әрекеттерінен көрініс
табады. Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлді НАТО,
Араб мемлекеттері Лигасы, Америка мемлекеттері Ұйымы, Еуропадағы
қауіпсіздік пен әріптестік Үйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сияқты
мемлекетаралық құрылымдар атқарады. Бүл халықаралық құрылымдар өз
қызметтерін келесідей қағидаттарға сүйеніп жүзеге асырады: күш қолдануды
және қолдануға қоқанлоққы көрсетуге тыйым салу; халықаралық
даужанжалдарды тек бейбіт жолдар мен қүралдар арқылы шешу; егемендікті
қүрметтеу; мемлекеттер теңдігі; ішкі істерге араласпау.
Қарусыздану және қарулануға
шек қою. Халықаралық бақылау
және сенімді нығайту шаралары.
Қарусыздандыру – мемлекеттің немесе оның
белгілі бір аумағының қару-жарағын толық
немесе белгілі мөлшерде шектеу.
Қарусыздандыру халықаралық келісімдермен
белгіленеді. Онда мемлекеттің қарулы
күштері, әскери бекіністері мен базалары,
әскери өндірісі, т.б. болуына толық немесе
ішінара тыйым салынады.
Демилитаризация - (лат. militaris — әскери) қарусыздандыру.
Халықаралық құқықта мемлекеттер арасындағы келісім бойынша белгілі
бір аумақта,мемлекетте қарулы күштер ұстауға, әскер орналастыруға,
соғыс базаларын орнатуға тыйым салу. Екінші дүниежүзілік соғыста
антигитлерлік коалиция елдерінің жеңісі нәтижесінде 1945 ж.
Подтсдамконференциясында КСРО, Ұлыбритания, Франция және АҚШ
әскерлерінің Германияны басып алуының негізгі мақсаттарының бірі —
оны толық демилитарландыру, қарулы күштерді қарусыздандыру және
тарату, Бас штабты, барлық әскери оқу орындарын жабу, қандай да бір
әскери дайындыққа және әскери үгіт-насихатқатыйым салу; қару-жарақтың
барлық түрлерін жою және оларды жасауға тыйым салу болып белгіленді.
Дәл сондай шаралар 1945 ж. Жапония жөнінде белгіленді. Батыс
мемлекеттер (АҚШ, Англия, Франция) бұлшешімдерді орындамады.
КСРО-ның қатысуынсыз олар Федеративтік Германия Республикасында
милитаризмнің өршуіне және оның батыс мемлекеттердің әскери
топтарына қосылуына бағытталған шешімдер қабылдады. Сондай-ақ
Жапонияны милитарландыруға қатысты белгілі бір топтардың іс-
әрекеттері күшейді.
Бүгінгі Қазақстан – бүкіл еуразиялық ареалда ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін құрудың белсенді күресушісі.
1992 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-інші сессиясында
сөз сөйлеп тұрып, Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев бізге болашақтың сынақтарына бейімделудің
жолдарын ұжымдаса іздестіру қажет, бүгінде әлем бізді осы
сынақтар бірлескен күш-жігерлерімізді жаңа сапада
ұйымдастыруға көшіруге мәжбүрлейтіндей шепке келіп отыр,
деді.
Президент Назарбаев проблеманы экономикалық дамудың
емес, әскери-саяси шараларды шешудің пайдасына қарай бұра
тартуды қазіргі халықаралық тұрақсыздықтың басты
себептерінің бірі ретінде атады. ХХІ ғасырда тек экономикалық
прагматизм ғана қауіпсіздік жүйесінің шешуші түйіні болмақ,
деп санайды Назарбаев.
Көрші немесе алыстағы мемлекеттердегі әлеуметтік, экономкалық,
діни және өзге де шиеленістер ерте ме, кеш пе, әйтеуір кез келген
елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болады, деп есептейді Қазақстан
басшысы. Осынау қарапайым ақиқатты басшылыққа ала отырып, ол
БҰҰ мінберінен Ұйым мүшелеріне қайырымдылық ишарасын жасап,
өздерінің әскери шығындарын бір пайызға қысқартып, үнемделген
қаржыны дағдарысты өңірлер мен дамып келе жатқан елдердің
проблемаларын шешуге бағыттауды ұсынды. 2002 жылдың
қыркүйегінде Йоханнесбургте БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі
бүкіләлемдік конференциясында Қазақстан Президенті өз ұсынысын
тағы да қайталады.
Астана үшін саяси императив –қауіпсіздік режимін барлық
деңгейлерде: ұлттық, өңірлік, жаһандық деңгейде нығайту. Сондай-ақ
сенім шараларын құру және жанжалдарды тек қана бейбіт жолмен
шешу. Осылардың бәрінің Қазақстанның халықаралық аренадағы
салиқалы жетістіктері екенін мойындамауға болмайды.
Блоктарға қосылмау козғалысы және
халықаралық қауіпсіздік.
Қосылмау қозғалысы халықаралық ұйым емес, оның қызметі қандай да бір бір
мәселені қарастыруға арналмаған. Қосылмау қозғалысының органдар жүйесі үлкен
көлемді мәселелерді талкылайды және онын қызмет аясы уақытпен шектелмейді.
Оның құрылтай жарғысы жоқ, себебі бұл бірлестіктің құрылуы және онын құқықтык
негіздерінің жасақталуы қайталама іс-тәжірибе арқылы жүзеге асады. Қосылмау
қозғалысында бюджет жоқ, әдеттегі ұғымдағы мүшелік те жоқ. Ол - мемлекетаралық
бірлестіктің жаңа түрі. Қосылмау қозғалысына қатысу өлшемдері мен мақсаттарына
сәйкес, түрлі жүйедегі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру тұжырымдамасы мен
қағидалары оның саяси-құқықтық негізі болып табылады. Қосылмау қозғалысының
құқықтық табиғаты мынадай болып келеді:
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қосылмау қозғалысында жарғылық құжат жоқ.
Дегенмен, ол осы заманғы құқықтың көпшілік мойындаған қағидаларымен және іс-
тәжірибе жүзінде жасақталатын құқықтық нормалар мен қағидалар негізінде
ойдағыдай әрскст етіп, дамып отыр.
Қосылмау қозғалысы — бұл мемлекеттердің тәуелсіз теңдіктерін құрметтеу
қағидасы барысында тәуелсіз мемлекеттердің құратын ерікті бірлестігі. Ол Біріккен
Ұлттар
Ұйымының мақсаттары мен қағидаларының міндетті орындалуына
сүйенеді. Бейбіт қатар өмір сүру қағидасы жалпы құқықтық негізін құрайды.
Қосылмау қозғалысына қатысу үшін техникалық талаптармен қатар
(өтініш, қарау рәсімі және т.б.), мынадай өлшемдер сәйкесуі тиіс: өз
мәртебесінің құрметтелуіне деген құқық, тең құқылы қатысуғақұқық,
косылмау қозғалысының құқықтық мәртебесі мен сыртқы саяси бағытын
халықаралық қауымдастық тарапынан құрметтеу құқығы; әскери одақтарға
қатысуға келісім бермеу құқығы, әскери базалардыжоюды талап ету құқығы
және өз аумағында жана базалардың құрылуына жол бермеу құқығы.
Қосылмау қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері - ұлы
державалардың қозғалысқа қатысуына және өз органдарының жұмысына
араласуына жол бермейді.
Шешім қабылдау кезінде шешім қабылдаудың бірыңғай қағидасы -
Консенсус олданылады.
Қосылмау қозғалысы шешімдерінің әр түрлі күштері бар, кейде тіпті
міндетті күшке ие.
Қосылмау қозғалысының өзіндік халықаралық құқық субъектілігі бар.
Қосылмау қозғалысы жалпы демократиялық мазмұнда болады жәнеәскери-
саяси одақтарға қатыспау бейтараптығын жариялауды білдірмейді. Қосылмау
қозғалысы өзінің құқықтық табиғаты жағынан халықаралық қауіпсіздікті
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті" №90-93 (25939) 12
НАУРЫЗ ЖҰМА, 2010 ЖЫЛ
2. «050301 – «Заңгер» мамандығына арналған пәннің оқу-әдістемелік
кешенінің оқу - әдістемелік материалы. Семей 2011
3. Абайдiлдинов Е.М. Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен
халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу
мәселелері). – Астана
4. https://kk.wikipedia.org және https:// kazakh.academic.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz