Баланың еңбек бостандығына құқығы
Презентация қосу
Қазақстандағы балалар
құқығы, тарихы
және қазіргі заман
Жоспар:
Балалардың негізгі құқықтары мен
міндеттері
Тарихы
Қазіргі заман
Қазақстан Республикасы-
ның ұлттық саясатының
басты бағыттарының бірі -
балалардың құқықтары мен
заңды қызығушылық-
тарын қорғау. Мұның
дәлелі Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың
қоғамдағы өмір сүруді,
оның ішінде балалардың
өмірін жақсартуға бағыт-
талған «Қазақстан халқы-
ның әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың
басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауы болып табылады.
Мемлекетте ересек адамдар балалардың жайлы да жақсы өмір сүруіне
бағытталған барлық жұмыстарды атқаруда.
Қазақстан Республикасында көп жылдар қатарында бала құқығын
қорғауда әлеуметтік жағына көңіл бөлінсе, бүгінгі таңда құқықтық
қорғауға ауысып жатыр.
БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және
оны сақтауға құқығы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының
бостандығына, қадiр-қасиетiне және
жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа,
қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
20-бап. Баланың мiндеттерi
ТАРИХЫ
Жалпы. Әлемдегі бірін-
ші Балалар құқықтарын
қорғау ұйымы 1919 жылы
пайда болды, 1924 жылы
Ұлттар Лигасының бала
құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959
жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары
декларациясы қабылданып, 1979 жыл
халықаралық балалар жылы болып жарияланды,
осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы
Конвенция қабылданды.
Қазақ АКСР кезінде. 1923 жылғы мамыр айында
республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ
АКСР» бірыңғай еңбек мектепртерінің жарғысын»
қабылдады. Мектеп құрылысында біржылдық және
екіжылдық мектепртерінің үлес салмағын кемітіп,
«үшжылдық» және «төртжылдық» мектептердің
үлес салмағын көбейтуге бағыт алынды. 1930-31 оқу
жылында – отырықшы аудандарда, 1931 жылдың
көктемінен бастап көшпенді халқы бар аудандарда
жалпыға бірдей оқу енгізілді. Қазақстан үкіметі
халыққа ілім беру ісіне қаржы бөлуді едәуір
ұлғайтты; оқушыларға интернаттар, жатақханалар
желісін кеңейту, стипендиялар беру, оқулықтармен,
оқу құралдарымен, аяқ киіммен, киім-кешекпен,
көлікпен тегін жабдықтау түрінде материалдық
көмек көрсету көзделді.
Қазіргі уақыт. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына
20 жыл толып отыр, қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен
мемлекетіміздің алған бағыттарына көтермелеуші ықпал жасауға, адамдардың
өмір сүрудегі іс-әрекеттерінің барлық саласына қатысты жауапкершілікті
қалыптастыруға қабілетті екендігін көрсетті. Экономика еркіндігі тұлғааралық
қатынастардың да өз деңгейінде жауапты және еркін дамуына ықпал ететіні
сөзсіз. Жеке адамдардың құқығы мен еркіндігі қажеттілікке айналды. Өзіне
жауапкершілік жүктеген мемлекетіміз де, адамдар да қазіргі кезде ең алдымен
әлеуметтік қауқарсыз адамдардың, әсіресе балалардың қадір-қасиетіне
қамқорлық жасауға, олардың құқықтарын жүйелі және тиімді түрде қорғауға
дайын.
Балалардың ең басты мүдделерін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы
мақсаты бала құқықтарын қорғау болып табылатын маңызды конвенцияларға
қосылды: Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы, Шет елден алимент
өндіріп алу туралы Конвенция 1999 жылы, Жұмысқа қабылдау үшін ең
төменгі жас туралы Конвенция 2000 жылы, Балаларды саудалауға және
балалар зинақорлығына қатысты баланың құқықтары туралы конвенцияның
факультативтік хаттамасы және Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына
байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік
хаттамасы 2001 жылы, ХЕҰ-ның балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым
салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясы 2002
жылы бекітілді, ал 2004 жылдың қараша айында Қазақстан БҰҰ-ның
адамдарды саудалауға қарсы күрес туралы конвенциясы мен оның қорытынды
хаттамасына қол қойды.
Қазақстанға берілген ұсыныстардың ішінен негізгі деп айтуға тұратын
мәселелердің бірі ретінде елдегі балалар жағдайын жақсартуға арналған іс-
қимылдардың Ұлттық жоспарын әзірлеу және балалардың құқықтарын қорғау
мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті
арнайы орган құру қажет екендігін айтуға болады. БҰҰ бала құқықтарын қорғау
жөніндегі Комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы
Үкіметі 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау Комитетін құрды. Еліміздің бірінші Ханымы
С.Назарбаеваның бастамасы және қолдауымен 1998 жылдан бері
Республиканың барлық өңірлерінде осы кезеңге дейін әлеуметтік мекемелерден
және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан дарынды балаларға қолдау
көрсетумен айналысқан Қоғамдық балалар қорлары өз жұмысын жүргізіп келді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz