Алматы облысының әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы
Презентация қосу
ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ
ДАМУЫ.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері
Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы кезек
күттірмейтін міндет ретінде республиканың
мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан республикасының мемлекеттік Туы
мен Елтаңбасы қабылданды:
Ту авторы: суретші Шәкен Ниязбеков Елтаңба авторлары: сәулетшілер
Жандарбек Мәлібеков,
Шот-Аман Уәлиханов
1992 жылғы 6 маусымда Жоғарғы кеңес сессиясының салтанатты
мәжілісінде жаңа мемлекеттік рәміздерді ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк туы – Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк негiзгi
рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар
Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген.
Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты
кездеме. Оның ортасында арайлы күн,
күннiң астында қалықтаған қыран
бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген
тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк
жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және
ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi
ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл.
туының авторы — суретшi Шәкен
Таласқа түссе жан мен ту!
Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс Жан емес маған керегі,
төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк КӨК ТУДЫҢ
күмбезiн елестетедi және Қазақстан
халқының бiрлiк, ынтымақ жолына
ЖЕЛБІРЕГЕНІ!
адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан
барлық халықтарда әрқашан да
бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен
жақсылықтың нышаны болған.
Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс
және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк,
үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай
келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi
аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс
түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi
және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк
түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене
отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс
Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке
ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын,
асқақтығын көрсетедi деп қорытуға
болады. Нұрға малынған алтын күн
тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн Таласқа түссе жан мен ту!
— қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және Жан емес маған керегі,
өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана
бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар КӨК ТУДЫҢ
нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық ЖЕЛБІРЕГЕНІ!
бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте
қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш
асқақ рухын, қазақ халқының жан-
дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк елтаңба — Қазақстан Республикасының
негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996)
белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң
жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн
шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң
күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала
дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас
жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа
ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған
бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас
талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен
Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр
сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы
бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол
нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының алғашқы
мемлекеттік Әнұраны бекітілді:
Мәтінін жазғандар: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев,
Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаева;
Әуенін жазғандар: Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский,
Латиф Хамиди (1944 жылғы нұсқасы сақталды).
2006 жыды 7 қаңтарда «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы»
Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.
Мемлекеттік гимннің жаңа мәтіні мен музықалық өңдеуі
бекітілді;
Әні – Ш. Қалдаяқовтікі;
Сөзін жазғандар – Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнұран
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1991-1995 жылдар аралығында, яғни 4 жылдың ішінде Жоғарғы
Кеңес 250-ден астам заңдар мен мемлекеттік маңызы бар
құжаттарға қол қойылды. Мысалы:
1992 жылы қаңтарда Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер әскері құрылды. Әскер
қатарына шақырылған жастар республика аумағында қызмет етуге
мүмкіндік алды.
1992 жылы қаңтарда республиканың алғашқы сом алтыны
шығарылды және алтын қорын жинауды бастады.
1992 жылдың тамызында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және
қолдау туралы» заң қабылданды.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1993 жылға Конституция
1993жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш
Конституциясы қабылданды.
Негізгі заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрады. Оның
құрамдас бөлімі-еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін
өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.
Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен
институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-
бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның
тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға
арналған.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1993 жылға Конституция
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының
қызметінің түбегейлі ұстанымдары:
Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық
Халық игілігін көздейтін экономикалық даму.
Қазақстандық патриотизм.
Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді
демократиялық әдістермен шешу.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Конституция негізгі мәселелерге ерекше көңіл бөлген:
Қазақ тілі – мемлекеттік, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
Республика жері – біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.
Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президенттің
құқығы бар.
Қазақстан халқы – мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі.
Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар. Мемлекеттік билік Конституция және республика
заңдары негізінде жүзеге асырылды.
Консституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады.
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті 7 жыл мерзімге сайланады.
Қазақстанның мемлекеттік құрылым формасы – унитарлы.
Конституцияға сәйкес жергілікті атқару билік органы – әкімшілік.
Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтайға, әр адамның ар-намысын,
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1993 жылғы Конституцияның
тарихи маңызы:
Конституция тұтастай еліміздегі ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға негізделген.
Кеңестік және қазақстандық тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен
бостандығының басымдылығы танылды.
Қазақстан халқы дүниежүзілік қоғамдастық ажырамас бөлігі боп айқындалды.
Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің
шыққанын дәлелдеді.
Нағыз демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың іргетасын қалады.
Социалистік даму жолынан бас тартып, нарық қатынастарына көшудің негіздерін
жасады.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Қазақстанда болып жатқан экономикалық, саяси, демократиялық
өзгерістер 1993 жылғы Конституцияңа өзгерістер жасау қажеттігін
туғызды.
1995 жылғы Конституция
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
Бұл негізгі Заңымызда республикасының экономикалық кұш-қуаты
мен мұмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың
әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейтесті
мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан
тұрады. Ерекщеліктері:
Президент басқаруды қалыптастыру ісі аяқталды.
Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Сенат құрамы:
Әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ҚР астанасының әрқайсысынан
сайланатын 2адам.
Президент тағайындаған 7 депутат, Мәжіліс 67 депутаттан тұрды.
Дамыған елдердің соның ішінде Франциялық конституциялық тәжірибесі ескерілді.
Конституцияның негізі- адам мен азаматтың құқықтары.
Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім
шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгілендң.
Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды.
Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен заңға
бағынады.
Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды
бұзуға жол берілмейді.
Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды.
Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1995 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:
Егеменді Қазақстан әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму
кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан.
Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат.
Қазақстандық парламентаризм
1993 жылы 9 желтоқсанда Президент ҚР сайлау туралы кодексін қабылдау туралы
жарлыққа қол қойылды.
Жоғарғы Кеңес құрамы 177 депутаттан тұрады.
Оның 42-сі Президент жасайтын мемлекеттік тізім бойынша сайланады.
Депутаттыққа кандидаттарды қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
Жекелеген азаматтар өздерін-өздері ұсына алады.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
ҚР Жоғарғы Кеңесіне және маслихатқа сайлау 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
Алғаш рет көппартиялық негізде заң шығаруға қабілетті парламент сайланды.
Сайлау құқығы бар азаматтардың 73,52 %–ы қатысты.
ҚР Жоғарғы Кеңесіне 176депутат сайланды.
Ең көп орынды Қазақстан халық бірлігі одағы (ҚХБО) алды.
11 адам ҚР кәсіподақ федерациясынан.
9 адам Халықтық Конгресс партиясынан (ХКП).
8 адам Қазақстан Социалистік партиясынан.
4 адам ҚР шаруалар одағынан.
4адам «Лад» қоғамдық қозғалысынан.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1994 жылы 19 сәуірде жаңа парламент өз жұмысын бастады.
Төрағасы – Ә.Кекілбаев.
«ҚР өкілді және атқару органдар туралы» заң қабылданды. Заң
бойынша жергілікті депутаттардың саны едәуір азайды:
Облыстан – 45;
Қалалардан – 30;
Аудандардан – 25 адамға дейін қысқартылды.
Алайда 1994 жылы 7 наурызда сайланған парламент депутаттарын
сайлау барысында кейбір учаскілерде сайлау тәртібінде заң
бұзушылық тіркеліп:
1995 жылы көктемде парламент таратылды.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Заңдағы өзгерістер
1995 жылы күзде парламенттің жаңа сайлауы өтті.
1996 жылы 30 қаңтарда парламент өз жұмысын бастады (Сенат және
Мәжіліс).
1995 жылы референдум бойынша Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік
мерзімі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1998 жылы Парламент Конституцияға өзгерістер енгізді.
Президенттің өкілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.
Президенттікке үміткер жасы – 65-тен аспау керектігі алынып тасталды.
1999 жылы Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау өткізілді.
Н.Назарбаев үлкен басымдылықпен жеңіске жетті.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Әкімшілік басқару жүйесіндегі
өзгерістер
Облыстардың, қалалардың және аудандардың басқару органдарына реформалар
жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, әкімдерді тағайындау және
қызметінен босату Президент пен жоғарғы әкімшілік орындарына жүктелді.
Әкімдердің атқаратын міндеттері:
1. Президент пен үкімет шешімдерін орындау.
2. Жергілікті жерлерде экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелерді шешу.
КОКП-ның таратылуымен және аудандық, қалалық, облыстық әкімшілк жүйесінің
құрылуымен Кеңестер бұрынғы мазмұнынан айырылды. Өткен замандағы Кеңестер
бүгінгі кезеңде саяси және экономикалық процестерде елді дағдарыстан шығаруға
ықпал ете алмады. Кеңестер таратыла бастады:
1993 жылы 16 қарашада Алматы қаласындағы Алатау аудандық Кеңесі өзін-өзі
тарату жайлы алғаш рет мәлімдеді.
1993 жылғы қарашада айының соңында 100-ге жуық Кеңестер таратылды.
1993 жылдың соңында Қазақстанда Кеңестер жаппай таратылды.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Кейбір халық депутаттары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің де өзін-өзі таратуы туралы
мәселе көтерді.
1993 жылы 8 желтоқсан Республика Жоғарғы Кеңесінң ХІ сессиясы өткізілді.
(Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Әбдилдин). Жоғарғы Кеңес өзін-өзі таратуы туралы
шешімін жарияламас бұрын өзінің өкілеттігі Президентке берді.
1993 жылы 13 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңес өз өкілеттігін мерзімінен
бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы (Мемлекет
басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган) құрылды.
Мақсаты: қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту.
1995 жылы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы 1 сессиясы ашылды.
Қаралған мәселелер:
Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы дейін ұзарту мақсатында
бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу.
Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың
желтоқсанында аяқталатын еді.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000
жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум
өткізілді.
Сайлаушылардың 95,4 %–ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін ұзартуды
қолдады.
Әкімшіл-басқару аппаратын қысқарту жіне құрылымдық оңтайландыру
жөнінде батыл шаралар қолданылды:
Орталық Үкімет қайта құрылып, сан жағынан ықшамдалды.
Жергілікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды:
1997 жылы министрліктер мен ведомостволар 50-ден 25-ке азайды.
Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды.
Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары
таратылды.
1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған,Семей облыстары
таратылды.
Кеңестңк атаулар қайта өзгертіле бастады:
Гурьев қаласы – Атырау;
Целиноград қаласы – Ақмола;
Шевченко қаласы – Ақтау;
Голощекин темір жол станциясы – Приуралье;
Ленинск қаласы – Байқоңыр (1995 ж. 20 желтоқсан);
Жамбыл қаласы – Тараз (1997 ж. 8 қаңтар);
Жамбыл облысындағы Луговой ауданы – Тұрар Рысқұлов;
Солтүстік Қазақстан облысындағы Совет ауданы – Аққайын т.б.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ДАМУЫ.
Ел территориясында әкімшілік-аумақтық өзгерістер болып өтті;
1999 жылы 8 сәуірде Ақмола облысының шекарасы өзгертіліп Солтүстік Қазақстан
облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Щучинск аудандары Ақмола облысына енгізілді.
Ақмола облысының әкімшілік ортылығы – Көкшетау қаласы.
Алматы облысының әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. (2001ж. 14 сәуір)
Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz