Картоп крахмалы




Презентация қосу
Орындаған:

Крахмал және спиртке
картопты құрамалы өңдеу.
Жоспар:
Картоп крахмалы
Крахмал өндірісі
Картопаты өңдеу
Спирттік ашытқыларды дайындау
Крахмалы бар шикізаттан спиртті өндіру технологиясы
Қолданылғын әдебиеттер
Картоп крахмалы
• Картоп крахмалы (картофельный крахмал)- картоптың құрамындағы құрғақ заттардың
мөлшері 14-36% дейін болады. Крахмалдың орташа мөлшері 15-18,5%. Крахмал
өндіруге, өндіріске алып келінген картоптың құрамында крахмал ірі болу керек, қабығы
жұқа, өзі домалақ, клетчатка, қант, белокты заттар мөлшері аз болу керек.
• Картоптан шикі (ылғалдылығы. 50%- ке дейін) және құрғақ (ылғалдылығы 20%-ке
дейін) крахмал өндіріледі. Картоп өндіріске гидравликалық транспортермен жуылып,
жеңіл, ауыр қоспалардан тазаланып жуу машинасына түседі. Жуылған және өлшенген
картоп ұнтақтау машинасына түсіп картоп клеткаларын бұзып крахмалды босатады.
Келесі операция осы ботқа сияқты қоймалжынды ішіндегі клеткалық шырыннан бөлу.
Ол үшін ботқаны крахмал сүтімен араластырып, әр түрлі електі аппараттарға береді.
Електердің негізгі мақсаты ботқадан бос крахмалды бөліп алу және пайда болған
крахмал сүтін майда езінділерден тазалау. Қалған өнім қайтадан ұнтақталынады.
Картоп крахмалы
• Крахмал сүті езінді массасының көбінен ажырағанымен құрамында езінді
болғандықтан ары карай рафинацияланады-жібектен жасалған тор кездерден
тербетіліп өткізіледі. Мұнда қалған езіндіні құрғатуға бағыттайды. Рафинацияланған
шырында аз мөлшерде езінді болғандықтан, одан тазалау үшін, қайтадан сумен
жуатын гидроциклондар мен тұндырмалы жуу центрифугаларда қолданылады.
Осыдан алынған шикі крахмалды кептіруге жіберіледі. Кептірілген крахмал арнаулы
қаптарға салынып сақталынады. Тамакқа пайдаланылатын крахмалдың бөтен иісі,
дәмі және ауыр қоспалары болмауы керек.
Шикізатты қабылдау
Крахмал өндірісі
жуу

ұсақтау Кәріз су

қоспалар Қоспалардан тазалау
Талшықтарды
Талшықты бөлу сусыздандыру

Таза су Крахмалды жуу Крахмалды Жіңішке
қалпына келтіру сүзгіден өткізу
Крахмалды сусыздандыру

Кептіру және қаптау Қоспа
(мезга)
Құрғақ
крахмал
Картопты өңдеу
• Картопты өңдеу үрдісі сорттау, жуу, тазалау және кесуден тұрады. Оны пайдалану
алдында мұқият жуып, өнген, шіріген, бүлінген түйнектерін алып тастайды да ірі,
майда, орташа түйнектерге бөліп сұрыптайды. Картопты өлшемдері бойынша
сұрыптау картоп тазалағыш машиналарда жүргізіледі, соған байланысты одан
шығатын қалдықтардың мөлшері 6-10% төмендейді. Егер картопты сұрыптамай
тазаласа, онда картоп тазалағыш бірінші кезекте үлкен түйнектерін тазалайды да,
майдаларын тазалау барысында ірілерінің кесіліп кетуі байқалады. Картопты
тазалағышта өңдегенге дейін арнайы ванналарда, көкеніс жуғышта жақсылап жуу
қажет.
• Картоп тазалау принципі төмендегідей жүреді:картоп тазалағыштың цилиндр
дискісінің айналу барысында пайда болатын ортадан тебу күшінің әсерінен картоп
дискісінің ортасынан шет жағына қарай қозғалып, беті кедір-бұдыр камераның
қабырғасына келіп қысылады. Үйкелістің нәтижесінде картоптың сыртқы қабыға
аршылып, судың ағысымен сыртқы шығарылады. Картопты және түйнектерді тазалау
барысында 1 кг көкөніске 1 л су жұмсалады. Картоп тазалағыштың мерзімді және
Картопты өңдеу
Спирттік ашытқыларды дайындау
• Ашытылуы мен тыныс алуы бұл диссимиляцияның екі түрі. Ашыту көмірсутектер
біртіндеп спиртпен СО2 айналғанда ашытқы жасушаларының анаэробты зат
алмасуы болып табылады және тыныс алудан ерекшелігі - сол субстрат тотығымен
СО2 мен Н2О тотығуы. Амин қышқылдарынан пайда болған аммиакпен ашытқы
саңырауқұлақтар қоректенеді де ортада сивуш майлары жинала береді.
• Ашытқыш саңырауқұлақтары қантты ашытып, көмірқышқыл газы мен спирт түзеді.
Спирттік ашу технологиясында ашытқының таза дақылы қолданылады. Төменгі
және жоғары ашыту рассаларын ажыратады. Төменгі ашыту рассасына көптеген
шарап және сыра ашытқылары жатады, ал жоғары ашыту рассасына спирттік,
наубайханалық, кейбір сыра ашытқылары жатады. Төменгі ашытқылар 6-10°С
активті, ал жоғарғылар 14-25°С температураға бейімделген. Ашытқылар қышқыл
ортада (рН 4-6) жақсы дамиды және активтігін 10-15% спирт ертіндісінде сақтайды.
Спирттік ашытқыларды дайындау
Крахмалы бар шикізаттан спиртті өндіру
технологиясы
• Сыра қайнатқандағы сияқты, спирт өңдеуде де қантты жай қанттан ажыратып алу
керек. Ол үшін уыт, яғни алдын ала жылы жерде өсірілген арпа дәні алынады.
Уытта жай қантты крахмалдан ажырататын амилаза ферменті бар. Қазіргі кезде
уыттың орнына құрамында амилаза ферменті бар микроскопиялық
саңырауқұлақтар қолданылады. Жалпы қолданылатын уыт мөлшері қантқа
ажыратылатын шикізат мөлшеріне шаққанда 5-10% шамасында болғаны жөн. Бұл
процесс +60°С температурада жақсы жүреді. Осындай қанты мол (25-30%) сұйық
іркіліс деп атайды. Спирт өндіруде ашытқы саңырауқұлағының күшті топтарын
қолданады. Ал егер спирт өндіру үшін сірке алынса, оның құрамындағы қанттың
концентрациясы жеткенге дейін сұйылтады. Ашытқы саңырауқұлақтардың өсіп
дамуын жақсарту үшін оған аз мөлшерде фосфор қышқыл аммонийді немесе
суперфосфатты қосады, осы кезде одан 8-10% спирт алынады.
Шикізатты дайындау
Су
Қоспаны дайындау
Аммиак және қыздыру

Қайнату
Қаныққан бу Екіншілік бу
Қайнатылған зат

Салқындату
Қанттандырғыш
заттар Қанттандыру
Ашытқы
Қанттандырылған уыт

Хладагент Салқындату

Хладагент Ашыту
СО2
Бу Ашытылған өнім
Лютерлік су
Барда Ректификациялау
Сивуш майы
ЭАФ Ректификат-спирт
Қолданылған әдебиеттер
http://kk.m.Wikipedia.org/wiki/спирт өндірісі

Заядин.Б.Қ, Өнерхан.Г Тағам биотехнологиясы: оқу
құралы.-Алматы: Қазақ университеті,2011.-52-56 бет.

Әлмағанбетов.Қ.Х Биотехнология негіздері.-Астана,2007.-
208бет.

Ұқсас жұмыстар
Картоп крахмалы Жүгері крахмалы
Жүгері крахмалы
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу жайлы ақпарат
Қондырғыштар,эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар. Негізгі қасиеттері
КРАХМАЛ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Крахмал - өсімдіктердің басты қосалқы көмірсуы
Крахмал мен гликоген глюкоза көзі
БАУЫР АУРУЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІЛЕР
Қара бидай ұны
Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы
Пәндер