КСЕНОБИОТИКТЕР КСЕНОБИОТИКТЕРДІҢ ЗИЯНЫ
Презентация қосу
МИКРООГАНИЗМДЕР
БИОХИМИЯСЫН ТЕРЕҢ
ТҮСІНУ АРҚЫЛЫ
КСЕНОБИОТИКТЕРДІҢ
АЙНАЛЫМЫН БОЛЖАУ
Орындаған:
ЖОСПАР
Жалпы ксенобиотиктер жайлы түсінік
Ксенобиотиктердің зияны
Экотоксикокинетика ұғымы
Тағамдық азықтағы ксенобиотиктер
Ксенобиоткитерді залалсыздандыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КСЕНОБИОТИКТЕР
• Ксенобиотиктер (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі
организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға
кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда
болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер
(детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады.
Олардың 3 тобын бөліп көрсетеді.
• 1) адамның шаруашылық әрекетінің (ауылшаруашылық, өнеркәсіп, көлік өнімдері);
• 2) тұрмыстық химия заттары ( жуғыш заттар, паразиттерге қарсы күреске арналған
заттар, парфюмерия);
• 3) көптеген дәрі-дәрмектер.
КСЕНОБИОТИКТЕР
КСЕНОБИОТИКТЕРДІҢ ЗИЯНЫ
• Қоршаған табиғи ортаға түскен соң ксенобиотиктер аллергиялық реакция туғызуы,
организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті
төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера
деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі
организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация
арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды
ұйымдастыруда өте маңызды.
• Ксенобиотик молекуласының құрамында азот атомы неғұрлым көп болса –
жануарлардағы бұл ферменттердің белсенділігі соғұрлым жоғары болатыны да
анықталған. Құрамында азот атомдары бар ароматикалық ксенобиотиктер
жануарлардың ағзасы үшін қауіпті (оның көпшілігі канцерогендер болып табылады).
КСЕНОБИОТИКТЕРДІҢ ЗИЯНЫ
ЭКОТОКСИКОКИНЕТИКА
• Экотоксикокинетика - экотоксикологияның бөлімі, ол ксенобиотиктердің
(экополлютантардың) коршаған ортадағы шығу көздерін, қоршаған ортаның
абиотикалық жэне биотикалык элементтерде орналасуын, тіршілік ету ортасында
ксенобиотиктердің айналуын қоршаған ортадан элиминациясын қарастырады. Қазіргі
таңда табиғи биополимерлер мен оларды аналогтары, және бұрында биодеградацияға
тұрақты деп саналатын ксенобиотиктер (мұнай жэне мұнай өнімдері, полимерлер,
хлорорганикалық қосылыстар, тринитротолуол, т.б.) сияқты көптеген ластаушыларды
ыдырату мүмкіндігі бар микроорганизмдер сұрыпталып алынған.
• Қолайлы ксенобиотиктердің табиғи көздері жел аркылы таралатын шаң мен тозаң
бөлшектері, теңіз суының аэрозолі, вулкандық, орман өрттері, биогенді бөлшектері,
биогенді ұшқыш заттар және де күннен күнге өсіп жатқан адам іс-әрекеті болып
табылады.
ЭКОТОКСИКОКИНЕТИКА
ТАҒАМДЫҚ АЗЫҚТАҒЫ
КСЕНОБИОТИКТЕР
• Ксенобиотиктердің тағамдық азықтардағы максимальді рұқсат етілетін деңгейлері
(МРЕД) немесе шектік рұқсат етілетін концентрациялары деп аталатын нормативтерін
рұқсат етілетін тәуліктік дозасы (РЕТД) және рұқсат етілген тәуліктік (ағзаға) түсуі
(РЕТТ) негізінде есептеп шығарады. РЕТД – адамның бүкіл өмірі бойына ағзасына
күнделікті түсіп отырғанда, оның денсаулығына және ұрпағының денсаулығына
зиянды әсер етпейтін денесінің 1 кг массасына келетін максималды доза. РЕТТ анықтау
үшін, РЕТД адамның массасына көбейтеді. Максималды рұқсат етілген деңгейді
(МРЕД); тәуліктік рациондағы азықтардың әдеттегі жиынтығы кезінде, ағзаға түскен
ксенобиотиктердің жиынтық (қосынды) деңгейі РЕТД аспайтындай етіп есептейді.
• Тағамдық азықтардың сапасы гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне өндірістік бақылау
және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.
КСЕНОБИОТИКТЕРДІ
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ
• Улы ксенобиотиктер қоршаған ортада түрлі жолмен биозалалсызданады. Заттар
айналымының соңғы нәтижесі бойынша бөлінеді: толық деградация (минерализация,
толык деструкция), толық емес деградация (трансформация, жартылай минерализация,
жартылай декструкция), поллютанттарды немесе олардың метаболлиттерін басқа
заттармен - матрицамен (полимеризация, конъюгация, конденсация) байланыстыру.
• Толық деградацияға ұшырайтын қосылыстар көміртегі және энергия көзі ретінде
немесе кометаболизм процесінде микроорганизмдермен қолданыла алады. Тұрақты
органикалық ксенобиотиктердің толық ыдырауы табиғи жағдайда организмдер
қауымдастығы мен абиотикалық факторлардың бірігіп әсер етуінің нәтижесінде
болады. Микробты минерализация қоршаған ортадан органикалық ксенобиотиктерді
жоюда экологиялық қолайлы және эффективті әдіс болып табылады.
КСЕНОБИОТИКТЕРДІ
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ
ҚОРЫТЫНДЫ
• Қазіргі кезде әртүрлі ксенобиотиктердің деструкция реакцияларын жүзеге асыратын
ферменттердің көптеген түрі бар микроорганизмдердің мүмкіндігін барынша
пайдалану міндеті тұр. Бұл мүмкіндікті пайдалану «биоремедиация» болып табылады.
Бүгінде өнеркәсіптік өндірістің 30% және одан да көбірегі тазартушы құрылыстар
салуға арналған шығындар құрайды. Ағынды суларды тазартудың іс жүзіндегі әдістері
үнемі жетілдірілуде, бірақ олардың тиімділігі кейде экологиялық талаптарға сай
келмейді. Ондай жағдайдан шығу жабық сұйық ағындарды пайдалану циклімен
қалдықсыз өндірістерді жасау мақсатында дәстүрлі өнеркәсіптік технологияларды
қайта қарау болып табылады. Осы мәселедегі қажетті нормаларға дейін тазартылған
технологиялық цикліне қайтару мен ағынды сулардан пайдалы биоөнімдерді алуда –
жергілікті биотазарту технологиялары басты рөл атқарады демекпіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
http://kk.m.Wikipedia.org/wiki/ксенобиотиктер
Х.Ә.Аубакиров Биотехнология: оқулық.-Алматы,2011.-368бет.
Заядан.Б.К Экологиялық биотехнология: оқу құралы.-Алматы,2013.-314бет.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz