Биологиялық препарат түрлері
Презентация қосу
Ауыл шаруашылығында
қолданылатын бактериалды
препараттар
Орындаған:
Жоспар
Кіріспе. Биопрепараттар
Ауыл шаруашылығындағы бактериалды препараттар
Биологиялық препарат түрлері
Бактериалды тыңайтқыштар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Биологиялық препараттар, биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің
түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында
қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі
ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда
маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан
өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады.
Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады.
Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын
қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап,
олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан
даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге
қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.
Ауыл шаруашылығындағы
бактериалды препараттар
Ал құрамында фосфор бактериялары бар —
фосфоробактерин биологиялық препараттары
топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп,
оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды.
Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы
— ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза
ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда
ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың
жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден
алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум
биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен
күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып,
ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.
Бактериалды биопрепарат
түрлері
Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі — мал азықтық
ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай
өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың
жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының
(амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден
алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің
бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі
ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин
биологиялық препараттарын Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр
жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады.
Бактериалды биопрепарат
түрлері
Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға
қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарын
Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші
микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын
көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин,
витамицин, комарин, т.б.) малдың салмағын арттырып, алынатын
өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек
құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге
індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар
(энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин)
алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық
препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Бактериалды тыңайтқыштар
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті
агротехникалық шаралардың бірі - бактериялы
тыңайтқыштарды қолдану.Бұл тамыр
айналасындағы топыракты микроорганизмдердің
пайдалы топтарымен байытып, өсімдіктердің
қоректенуін жақсартады. Сөйтіп дақылдар
өнімділігін арттырады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына
зерттеулер жүргізілді. Соның нәтижесінде,
микроорганизмдердің пайдалы топтары табылды, олар жеке
бөлініп алынып ұқыптап зерттелді. Нәтижесінде, олардан
практикаға қажетті бактериялы тыңайтқыштар даярланды.
Мұндай тыңайтқыштарға нитрагин, азотобактерин,
фосфоробактерин, торфты - ізбесті қоспада өсірілген
бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және
силикат бактерияларынан әзірленген препараттар жатады.
Нитрагин
Нитрагинді қолданғанда астык өнімі гектарына 2-3-ге дейін,
ал шөп 50-60-ге дейін артатыны анықталды. Сонымен қатар,
бұршақ тұқымдастардың түріне байланысты күзде егістің
әрбір гектарында шамамен 20-дан - 2000 /сг-ға дейін азот
жиналады. Бұл осы дақылдардан кейін егілген өсімдіктердің
өнімділігін арттырады. Практикада жаңа жерлерге егілген
бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден өніп-өсіп, өнім бере
алмайтыны байқалады. Бұл жерде оларға қажетті түйнек
бактерияларының болмауынан деп түсіндіріледі. Сондықтан
бұршақ тұқымдастар жаңадан егілетін аудандарда нитрагинді
қолдану кажетті агротехникалық шаралардың бірінен
саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-ке дейін арттырады.
Сонымен қатар, бұршақ тұқымдастар көп жылдан бері
өсіріліп келе жатқан аудандарда да, тұқымға әлсін-әлін
нитрагинді жұқтыру, қосымша өнімді 15-тен 20%-ке дейін
Азотобактерин
Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен
Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық микробиология институты
азотабактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны
азотобактерин деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау
1937 жылдан басталды. Қазіргі кезде оны бактериялы
тыңайтқыштар даярлайтын заводтар әзірлеп, шаруашылықта
кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар. Әдетте
лабораторияда және заводтарда агарлы азотобактерин
даярланады.
Фосфоробактерин
Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық
қосылыстарды және минерал фосфаттарды өсімдіктерге
онай сіңетін түрге айналдыруда микроорганизмдердің ролі
зор. 1935 жылы Р. А. Мекина топырақтан осындай
микроорганизмнің бір түрін тапты. Оны бациллус
мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактериядаң
фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярлана-ды.
Бұл бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп,
топырақ-тағы нуклеин қышқылының іқүрамындағы
фосфордың 86%-тін өсімдіктерге оңай сіңетін күйге
айналдырады.
Қорытынды
Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит,
кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т.б.) малдың
салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т.б.) сапасын
жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша
өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы
микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин,
дендробациллин, битоксибациллин, инсектин,боверин) алынады.
Биологиялық препараттардың құндылығы — олар химиялық
препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын
тигізбейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.Х. Әлмағамбетов, Ә .Ө . Байдүйсенова, Қ.M.Мұхаметжанов
Микроорганизмдер биотехнологиясы. - Астана, 2008. - 240 б.
Шоқанов.Н. Микробиология: оқулық.- Алматы, 1997.- 318б
Әлмагамбетов, Қ. Х. Биотехнология негіздері.- Астана. 2007. - 204 б.
Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz