Өсімдік карантинінің даму тарихы




Презентация қосу
Өсімдік карантинінің
даму тарихы. Қазақстан
Республикасының
өсімдік карантині.
Кіріспе
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы
2.2. Қазақстан Республикасындағы
өсімдік карантині
2.3.Сыртқы және ішкі карантин
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді
аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін
ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге
бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік
маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы
арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек,
орман жәнежеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.)
барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы
карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған
жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі,
жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың
тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ
денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл
біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің
бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш
қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары
шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады.
2.1.Өсімдік карантинінің даму тарихы

Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн),
уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе
сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды,
өсімдіктерді жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың
жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік,
медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық,
фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.
«Карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine) деген
итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы
қалаларына шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн
бойы қашықта ұстай тұру мерзімін білдіреді. Бұл ереже «қара
ажал» - обаның әкеліну қауіптілігіне байланысты белгіленген.
Алғашқы өсімдік карантині туралы заң 1660 жылы Францияда
эпифитотты сабақ татына байланысты енгізілді. Ал 1870-1915 жылдар
аралығында көптеген елдерде – Германия, Австралия. АҚШ, Мексика,
Австралияда ауылшаруашылық өндірісіне байланысты карантинді заң
қабылдана басталды. XX ғасырдың 70-ші жылдары 100- ден астам
карнатиндік заңдар мен бақылаушы мекемелер құрылды.
1873 жылы Ресейде өсімдік карантині туралы заң қабылданды. 1931
жылы КСРО-да карантиндік мекемелер, республикалық, облыстық
инспекциялар құрылды. Бұл мекемелер ауылшаруашылық министрлігінің
мемлекеттік карантиндік инспекциясына қарады. Ал елімізде осы жылы
ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен
күрес жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын
Қазақстан Республикасында өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік
инспекция құрылды. Алғашқы карантиндік аурулар мен зиянкестер тізімі
де сол жылы, ал 1935 жылы арам шөптер тізімі енгізілді.
1931 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес
жөніндегі Бүкілодақтық бірлестік жүйесінде одаққа бағынатын Қазақстан Республикасында
өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция (ҚазМемкарантин) құрылды. Ол Алматы
қаласында отау тікті. Оның құрамына Республикалық карантин зертханасы, Республикалық
фумигациялық отряд және жеміс-жидек дақылдары көшетжайы кірді. Бұл қызметтің мән-
мазмұны мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын мемлекеттік карантин Одағы іс
жүзіне асырды.
Осы уақыттан бастап жеке-дара, көбіне кездейсоқ шараларды жекелеген ауыл шаруашылығы
дақылдарына ғана емес, сонымен бірге олардың тұтас кешенін қамтитын жүйелі карантиндік
шараларға өту басталды. Өсімдік зиянкестері мен ауруларының карантиндік түрлеріне қарсы, сондай-
ақ елдегі ішкі және сыртқы карантин жөніндегі Бүкілодақтық мемлекеттік қызмет жайлы арнайы
ережелер жасалынып енгізілді. 1932 жылдың басында кедендерде, кемежайларда жүктерді
карантиндік тексерудің ережелері бекітіліп, өсімдік жүгінің карантиндік жағдайы туралы куәліктің,
яғни сертификаттың бірегей формасы енгізілді. Қазақ ССР-і жерінде бірегей карантиндік қызмет
кұрылғаннан бастап, ауыл шаруашылығы дақылдары мен өсімдік ағаштарын, олардың карантиндік
нысандармен залалданған-залалданбағанын анықтау үшін жоспарлы түрде тексеріп, зерттеу
жүргізілетін болды.
Осы зерттеу нәтижелерінің негізінде халықаралық карантиндік мәні бар биологиялық
нысандардың, сондай-ақ еліміз жеріне шектеулі ғана таралған түрлер тізімі жасалды. Жыл
сайын әрбір одақтық республикада зерттеу нәтижесіне қарай Одақ бойынша шолу
құрастырылды. Осындай соңғы шолу баспадан 1982 жылы шығарылды. КСРО тарағаннан
кейінгі жылдары әрбір республика өз шолуын жасап, кейін республикалар оны алмастырып
қарап отырды.
Одан әрі Қазмемкарантин ҚР АШМ-не қарасты карантин жөніндегі Бас мемлекеттік
инспекция болып қайта құрылды, содан соң 1999 жылы ол ҚР АШМ-ның өсімдік карантині
жөніндегі комитеті, ал 2007 жылдан бері ҚР АШМ-і АӨК-інің өсімдік карантині жөніндегі
мемлекеттік инспекция Комитеті деп аталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 15-қаңтарындағы №19 қаулысымен дәнді
дақылдардың Республикалық интродукциялық-карантиндік көшетжайын құру туралы тұрақты
шешім қабылданды.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, сондай-ақ халықаралық сауда байланысы ұлғайғаннан кейін
республика жері үшін карантиндік мәні бар карантиндік нысандар тізімі жаңадан қарастырылды.
2.2. Қазақстан Республикасындағы
өсімдік карантині

Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер
зиянкестері, аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген
және таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық
зиян келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер
карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді.

Сонымен қатар ҚР-сы территориясын
карантиндік және аса қауіпті зиянкестерден
қорғау мақсатында шекара бекеттерінде,
кедендерде және облыс аудан
орталықтарында мемлекеттік бақылау
органдары жұмыс істейді және осы зиянды
организмдерді анықталған жағдайларда жою
үшін Фитосанитария мекемесі құрылып
республикамыздың әр аймақтарында
республикалық карантиндік сараптама
зертқаналары жұмыс істеуде. Қазіргі
уақытта ҚР-да оннан астам карантиндік
организмдер таралып үлгерген.
Қазақстан Республикасына таралып кетуіне жол бермеу мақсатында және
таралған зиянды организмдерді жою мақсатында карантиндік шаралар
жүйесі іске асырылды.

•Жыл сайын төмендеуге объектілер
тексерістен өтуі тиіс:
•Территориялар, қоймалар,
элеваторлар өңдеу өнеркәсіп
орындары ауыл шаруашылық
өнімдері мен шикізаттары
•Тұқым шаруашылықтары
питомниктер ғылыми зерттеу
мекемелері, тұқым учаскілері себу
және отырғызу материалдары
•Барлық ауыл шаруашылқ
дақылдары егістер және шеттен
әкелінген ген тұқымдары
2.3.Сыртқы және ішкі карантин

Республикаға өзге елдерден карантиндік
Республикамыздың халық организмдер енуінің алдын-алу үшін басқа
шаруашылығына едәуір нұқсан келтіретін мемлекеттердің бакылау органдарымен
карантиндік және тағы басқа кауіпті (шекаралық, кедендік т.б.) бірлесе отырып,
зиянкестердің, өсімдіктің ауру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қоздырғыштары мен арам шөптердің шет
елдерден Қазақстан Республикасының
шекарасынан өткізу бекеттерінде, әкелінген
территориясына енуінен қорғау жөніндегі өнімдерді алғашкы карантиндік тексеруден
мемлекеттік шаралар жүйесі - шекаралық өткізетін өсімдік карантині жөніндегі
карантиндік фитосанитарлық қадағалауды шекаралык бекеттер өз қызметін жүзеге
ұйымдастырудың негізі. асырады.

Өсімдік карантині жөніндегі шекаралық бекеттер теңіз, өзен
кемежайларында, автожол, шекаралық өтпежолдарда, халықаралык
почтамтарда, әуежайларда құрылған. Осы саладағы, өсімдік карантині
жөніндегі мемлекеттік инспекторлар саны шет елдерден келген көлік
құралдары санының көп-аздығына, сыртқа шығарылатын, сырттан әкелінетін
және транзиттік карантиндік тексеруге жатқызылған өнімдерді тексеру және
сараптау жұмыстарының көлеміне байланысты келеді.
Өсімдік карантині

Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің
аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау.
Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы Ішкі карантиннің негізгі
бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің мақсаты – республика
(дән, жеміс-жидек, орман жәнежеміс ағаштары, сәндік
аумағында кездесетін, бірақ та
дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы
карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге
әлі аса кең тарала қоймаған
тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы зиянды нысандарды жою және
қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған әрі қарай таралуын
жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе шектеу. Карантин шараларын
жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Қазақстан Республикасы Ауыл
Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері шаруашылығы
жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ министірінің өсімдіктерді
денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток
қорғау және карантин
құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі;
аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің департаменті “Өсімдіктер
бактериоздары, жүгерінің карантині туралы” заңды
гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш басшылыққа ала отырып
қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; жүргізеді
ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы
күнбағыс, т.б. жатады.
Карантиндік шаралар жүргізіледі:
•«карантиндік тексеруге жататын өнім» (карантиндік тексеруге жататын
материал, жүк) деп аталатын жүктерге, материалдарға;
•ауыл шаруашылығы, орман, дәрілік және әсемдік дақылдары мен
өсімдіктер тұқымдары мен отырғызу материалдарына, олардың бөліктеріне
(қалемшелер, жуашықтар, тамырсабақтар, тамырлар, тамыржемістер, қыш
құмыраларға отырғызатын өсімдіктер, гүл қиындылары т.б.);
•балғын (жас) көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырау- құлақтарға;
•азық-түліктік, жемдік және техникалық дәнге, сонымен бірге олардың
өңделген өніміне, күнжара, мақта талшығы, зығыр тағы басқа талшықты
дақылдарға, дәрілік өсімдік шикізаттарына, сондай-ақ тері шикізаттары мен
жүнге;
•күрішке (ақталған, ақталмаған), жаңғаққа, жержаңғаққа, ұн, жарма, кофе
дәні, какао бұршақтары, кептірілген жемістер мен көкөністерге, темекі
шикізатына, дәмдеуіштер мен шайға;
•тірі саңырауқүлақтар, бактериялар, вирустар, жұмырқұрттар, кенелер,
бунақденелілерге. Өйткені олар тірі өсімдіктерді, өсімдік тектес өнімдерді
зақымдайды, сондай-ақ өсімдік ауруларын қоздырып, таратады;
•поштамен жөнелтілген жүктердегі, жолаушылардың жүгі мен қол
жүгіндегі өсімдік тектес дүниелер;
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, «карантин» атауы quarante giorni (қысқаша quarantine)
деген итальян сөзінен шыққан. Ол Италияның теңіз жағалауындағы қалаларына
шығыс елдерінен келген кеме рейдтерін 40 күн бойы қашықта ұстай тұру мерзімін
білдіреді. Өсімдік карантині бұл мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін
карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін
ұйымдастырылады.
Алғашқы өсімдік карантиніне байланысты заңдар 1660 жылы Францияда
қабылданды. Ал елімізде 1931 жылы өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік
инспекция жұмыс жасай бастада.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 10-желтоқсанындағы №1295
Қаулысымен карантинді нысандар тізімінде тіркелмеген зиянкестер, өсімдік ауру
қоздырғыштары мен арам шөптердің 95 түрі (зиянкестер - 45, аурулар - 38 жэне арам
шөптер - 12), бөгде туыстар - 5 түр (зиянкестер) және шектеулі таралғандар - 12 түр
(зиянкестер - 6, арам шөптер - 5 және жұмыркұрттың бір түрі - картоптың алтын
түстес жұмырқұрты) болды.
Қазақстан Республикасында карантиндік және аса қауіпті өсімдіктер зиянкестері,
аурулары, арамшөптерін қорғау үлкен маңызға ие. Шет елдерден келген және
таралып кеткен осы зиянды организмдер елімізге орасан зор экономикалық зиян
келтіреді. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін елімізде өсімдіктер
карантині жүйесі құрылып, арнаулы өсімдіктер карантині заңымен бекітілді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Насиев Б.Н., Габдулов М.А., Жанаталапов Н.Ж.,
«Өсімдіктер карантині» оқу құралы/ - Орал,Жәңгір хан
атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті, 2015.
2. Сагитов А.О., Камбулин В.Е., Бадаев Е.А., Динасилов А.С.,
Карантин растений, учебное пособие для студентов ВУЗ-ов и
колледжей
3. Торыбаев Қ.Қ. Ашықбаев Н.Н.,. Өсімдік карантині, Алматы
«Қонжық» 2000 жыл
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Өсімдік карантинінің даму тарихы. Қазақстан Республикасының өсімдік карантині
Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Филлоксера
Жасушалардың тотипотенттілік феномені
Геоботаника негіздері,мақсаты мен міндеттері
Биотехнология өндірісі
Цитология - жасуша туралы ғылым
Фармация тарихы
Клетка ең ұсақ тірі система, оның құрылысы және атқаратын қызметі
ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕК НЕГІЗІНДЕ БАЛАБАҚША ЖОБАСЫН ФИРМАЛЫҚ СТИЛЬДЕ ӘЗІРЛЕУ
Пәндер