Бунақденелердің және кеміргіштердің бактериялды аурулары




Презентация қосу
Бунақденелердің және
кеміргіштердің бактериялды
аурулар

Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар:
• Кіріспе
• 2.1. Бунақденелердің және кеміргіштердің
бактериялды аурулары
• 2.2. Бактериялы аурулардың түрлері
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі организмдер тобы –
энтомофагтар; гербифагтар, маңызды зиянкестер патогендері мен
антогонистерінің, арамшөптер мен ауру қоздырғыштарының жүйелеуін;
биология мен экология негіздерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының
зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының табиғи жауларының тиімділік
дəрежелерін, саңырауқұлақтық, вирустық жəне бактериялық препараттарды
алу жəне сақтау технологиясын, энтомофагтар, акарифагтар мен
гербифагтарды жаппай көбейту, сақтау жəне қолдану əдістерін,
биофабрикалар мен биозертхана машиналарын білу керек.
Сонымен қатар:
-зиянкестер, аурулар жəне арамшөптермен күресу үшін керекті биологиялық
құралдардың қажетті мөлшерін есептеу тəсілдерін;
-оларды қолданудың биологиялық, экономикалық тиімділігін анықтай білуін;
-ауыл шаруашылығында зиянкестер, аурулар жəне арамшөптермен күресуге
өсімдік өсуін реттеушілер тізімі мен қорғау жүйесін құруға керекті
ақпараттарды іріктей біліп, аймақтағы энтомофагтар, акарифагтар мен
микроорганизм түрлерін қорғауға, керек болғанда тиімділерін көбейтіп
пайдалана білулері керек.
2.1. Бунақденелердің және кеміргіштердің
бактериялды аурулары

Зиянды бунақденелер бактериялы ауруларының бар екендігін 1879
жылы алғаш байқаған И.И.Мечников болды. Ол Украинаның
оңтүстігінде астық қоңызы дернəсілінің ауруын қоздыратын
бактерияны сипаттап жазды, ал Л.Пастер жібек құртының фляшерия
ауру қоздырғышын анықтады. Ал Ф.Чешаир жəне У.Чейн бал арасының
европа шірігі ауру қоздырғышын анықтады. Содан бері бунақденелер
мен кеміргіштердің ауруын туғызатын бактериялардың жүзден артық
түрлері мен түр тармақтары ашылды.

Бунақденелер мен кеміргіштердің ішектерінде көптеген тұрақты бактериялар
болады. Бұлардың көпшілігі - зиянсыз сапрофиттер, комменсалдар, ал кейбір
жағдайларда жануарларға пайдалы, маңызды симбионттар (селбесушілер). Ішек
флоралары сапрофиттерінің біраз түрлері организмге улы болуы мүмкін, қанға
араласқан кезде тез көбейіп кетіп, организмді жалпы уландырып, бунақденелерді
өлтіреді. Əдеттегі жағдайда олар латентті деп аталатын күйде, яғни жасырын
күйде «мүлгіген, қалғыған» пішінде болып, олардың көбеюі мен қанға енуін ас
қорыту сөлінің бактероцидті жəне басқа организмнің басқадай қорғаныс
механизмімен бақыланады. Организмге қолайсыз жағдайда оның қорғаныс күші
бəсеңдеп, ауруға шалдығады.
Бунақденелердің алғашқы патогендері ретінде белсенді
түрде ішек қабырғалары немесе организмнің жабыны арқылы
енуге қабілетті бактериялардың кездестіні белгілі. Бұлардың
иелерінің ұлпалары бөлінген улар немесе ферменттердің
əсерінен бактериялардың еніп, тез көбеюіне жайлы келеді.
Қазіргі кезде бұлардың біразы бунақденелер мен
кеміргіштерге қарсы күресу үшін зауыт жағдайында
бактериялық препараттар дайындауға қолданылады.
Микроорганизмдер көне заманнан бері тіршілік етіп еле
жатқан жер бетіндегі тірі организмдер өкілі болып саналады.
Олар 3 миллиард жыл бұрын пайда болған деген
түсініктемелер бар. Бірқатар зерттеушілер микроорганизмдер
ең алғаш пайда болған тірі денелер десе, басқаларының
пікірінше микроорганиздерден де бұрын жасушалық пішіні
жоқ организмдер (архебионттар, фотобионттар,
протобионттар жəне т.б.) тіршілік еткен деген мəлімет бар.
Микробиологияда «штамм» жəне «клон» деген терминдер жиі
қолданылады. Штамм деген түрге қарағанда біржақты түсінік. Əдетте, штамм
деп əртүрлі (топырақ, су, организм жəне т.б.) немесе бір түрлі табиғи ортадан
бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің əртүрлі
культураларын айтады. Бір түрге жататын штаммдардың қасиеттері жағынан
айырмашылығы болады. Соның өзінде əртүрлі штаммдардың қасиеттері түр
қасиеттерінің шегін ен шықпауы тиіс. Клон дегеніміз бір жасушадан алынған
культура. Бір түрдің дарақтарынан тұратын микроорганизмдер жиынтығын
таза культура деп атайды.
2.2. Бактериялы аурулардың түрлері
Қазіргі кезде Д.Х.Бергидің «Бактериялар анықтамасының» соңғы тоғызыншы
басылымы (1984) қолданылады. Мұнда барлық прокариоттық микроорганизмдер
дүниесі 4 бөлімге біріктірілген. Ол бөлімдер тиісінше кластарға, қатарларға,
тұқымдастарға, туыстарға жəне түрлерге бөлінеді. Микроорганизмдер
негізінен олардағы жасуша қабырғасының бар- жоғына қарай жəне басқа да
таксономиялық категорияларға байланысты бөлімдерге ажыратылады.
Энтомопатогенді бактерияларды жіктеу үшін қосымша олардың уыттылықтарын
анықтайтын жағдайлары мен қасиеттері есепке алынады.

Энтомопатогенді бактериялар 4 топқа бөлінеді:
1) облигатты патогендер;
2) криссталды спора-түзушілер;
3) факультативтілер;
4) потенциалды патогендер.
Өсімдіктерді биологиялық қорғау тұрғысынан қарағанда
керекті бактериялар негізінен эубактерияларға жатады, ал
риккетсиялардың тобын зерттеу енді ғана басталды.

Эубактериялар-Eubacteria. Бұлар табиғатта кең таралған жəне 3
тұқымдастардан тұрады: псевдомонадтар тұқымдасы, ішек бактериялары
тұқымдасы, бациллдар немесе спора түзуші бактериялар тұқымдастары.

Ішек бактериялары тұқымдасы. Бұл
тұқымдасқа Грам теріс, қозғалатын немесе
қозғалмайтын, спорасыз аэробты немесе Псевдомонадтар (Pseudomonadaceae) тұқымдасы.
факультативті анаэробты таяқшалар жатады. Бұл тұқымдасқа спорасыз, тік немесе сəл иілген
Олардың кейбір түрлері капсулалар түзеді. таяқша тəріздес Грам теріс бактериялар жатады.
Бактериялардың жіпшелері перитрихальді, Жіпшелері жасушаның екі ұшына немесе бір
яғни жасуша бетін түгелдей басады. Кəдімгі шетінде орналасқан. Табиғатта кең таралған,
қоректік ортада жақсы өседі. Бұл тұқымдасқа факультативті организмдер, кейбір түрлері
12 туыс жатады, солардың ішінде міндетті, минералды ортада дамиды. Көптеген түрлері көк -
факультативті патогендер жəне жасыл, қызыл, күлгін түсті флуоресценсиялаушы
сапрофиттер де кездеседі. Факультативті пигменттер түзетін бактериялар. Бұл тұқымдасқа
патогендерге жататын бактериялардың басқа псевдомонас туысы бунақденелер потенциалды
туыс өкілдерінен ерекшелігі қызыл пигмент - ауру қоздырғыштарының мына түрлері жатады -
продиогизин құрайтындығында. Осы Pseudomonas P.aeruginosa, P.chlororaphis,
қасиетіне қарай оны ғажайып қан таяқшасы P.fluorescens жəне басқалар.
деп те атайды.
Қауіпті ауру қоздырғыштар қатарына сальмонелл туысының өкілдері жатады.
Сальмонелл кейбір тышқан тəрізді кеміргіштердің сүзек ауруын қоздырады. Осы
бактерияның негізінен тышқан тəрізді кеміргіштермен күресуге пайдаланылатын
бактериялы препарат дайындалады (бактероденцид).
Бактероденцид кең түрде тышқан тəрізді кеміргіштерге (тышқандар, сұр
тышқандар, сұр атжалман) қарсы кең түрде қолданылады.
Бациллдар немесе спора түзуші бактериялар тұқымдастары. Бұл тұқымдасқа
температураға төзімді споралар түзетін бактериялар жатады. Тұқымдастың
өкілдері түгелдей Грам теріс таяқшалар. Өсімдікті биологиялық қорғау үшін
маңыздыларына Bacillus жəне Clostridium туыстарының өкілдері жатады.
Бациллус туысына аэробы грам оң таяқшалар жатады. Споралары жасушаның
ортасында түзіледі. Бұл жағдайда да жасуша өз пішінін жəне көлемін сақтайды.
Қоректік қор ретінде жасуша ішінде май тамшылары болады. Бунақденелердің
міндетті ауру қоздырғыштарының кристалл түзбейтіндерінен осы туысқа
жататындары B.lentimorbus Dut. жəне B.popilliae Dut., бұлар жапон қоңызы
дернəсілінің жəне басқа тақта мұрттыларының, мысалы мамыр қоңызының сүт
ауруын қоздырады. Иелерінің сезімтал түрлері бактерия спораларын жұтқан соң,
ие организімінде-ішегінде бактерия көбейеді. Өніп келе жатқан споралардың
вегетативтік жасушалары дене қуысының біраз бөлігін толтырады. Аурудың бұл
кезеңін септицемия (аурудың белгілері бір мүшені жайлауы) деп атайды. Иесі
өлместен бұрын ауру қоздырғыш қалың қабырғалы сəулені сындырушы спора
түзеді, ол бунақденелер сыртынан ақ сияқты болып көрінеді. Осыдан аурудың
аты аталған. Осы тұқымдасқа бактериялардан Bacillus thuringiensis Berl.
Бактериозы жатады. Осы бактерияның түр тармағы бунақденелерге қарсы
пайдаланатын бактериялық препараттар дайындауға кең түрде қолданылады.
Бактериялардың бұл тобына кристалл тəрізді ақуызды қоспалар түзу немесе
параспоралды дене түзу тəн. Мұндай қоспалар, əсіресе қабыршақ қанаттыларға
залалды болады
Bacillus туысына кейбір түрлерге факультативті патоген (ауру қоздырғыш):
Bacillus cereus Fr. Et Fr. жатады. Бұлар бунақденелерге улы зат С - фосфолипазаны
жеткілікті мөлшерде бөлгенде олардың ішкі жасушалары бұзылып, улы зат ие
денесінің қуысына енеді.
Клостридиум туысына міндетті анаэробты спора түзуші таяқшалар жатады.
Бациллдардан айырмашылығы бұларда спора түзу кезінде жасуша қабырғасы
қалыңдайды. Спора жасуша денесінің ортасына немесе ұшына орналасады, осыған
орай жасуша пішіні ұршық тəрізді болады. Бұл туысқа бунақденелердің міндетті
екі ауру қоздырғышы енеді - C.brevifaciens Buch. жəне C.malacosomae Buch.

Bacillus cereus Fr. Et Fr C.brevifaciens Buch
Риккетсиялар – Ricketsia. Бұл бактериялардың қасиеттері мынадай:
қозғалмайды, грам теріс, прокариоттарға тəн жасуша қабығы болады.
Ішінде тірі ұлпалары бар арнаулы қоректік ортада өсіріледі. Бірақ бұл
қасиет осы қатардың барлық өкілдеріне тəн өсіріледі. Риккетсийлер
арасында қозғалғыш, Грам мен оңға боялатын, жəй қоректік орталарда
өсіруге көнетін түрлері де болады. Организм мен риккетсийлер
арасындағы қарым – қатынас түрліше. Олар паразиттікпен қатар
мутуалистік қатынаста байқалады.
Паразит - риккетсийлер арасында көпшілігі патоген емес, ал аз бөлігі ғана адамда,
омыртқалы жəне омыртқасыз жануарларда ауру қоздырады. Қолайсыз жағдайда
жасушалар цитоплазмасы мен жасуша қабығы қатайып, олар тыныштық күйге келеді.
Бұл құбылыс плеоморфизм деп аталады. Риккетсийлер жасушасында бактериялар
жасушасына тəн құрылымдық элементтер кездеседі: нуклеотид, цитоплазма,
цитоплазмалық мембрана, үш қабатты жасуша қабығы, рибосомалар. Жасушалары
капсула тəрізді нəрсе мен қоршалған. Кейбір риккетсийлер ақуыз жəне липидтер түзе
алады. Ұсақ микроорганизмдер (көбінесе диаметрі 0,2 мм) шар тəрізді немесе таяқша
тəрізді жеке немесе тізбектелген организмдер. Бұлардың негізгі немесе аралық иелері
бунақденелердің осы тұқымдастарының (Ricketsiacea) басты өкілдері.
Энтомопатогендік риккетсийлер негізінен риккетсиела (Ricketsiella Philip.) туысына
жатады. Бұл туысқа жататын түрлер, əдетте бунақденелер майлы дене жасушаларында
дамиды, иесін əлсіретеді жəне өлімге ұшыратады. Риккетсийлер мамыр қоңызының, жапон
мəрмəр қоңызының дернəсілдерінен, шілделіктерден, зиянды бақашық қандаладан
табылған жəне бұлар маманданған міндетті паразиттерге жатады. Мамыр қоңызы
дернəсілдерінің ауруын Rickettsiella melolonthae Kr. қоздыратындығын 1936 жылы
Дармштад қаласының жасанды Лорша орманында байқалған жəне лорш ауруы немесе
дернəсілдер көкшесі ауруы ретінде белгілі. Залалданған дернəсілдер топырақтан жылтыр
түсті немесе көкшіл түсті болып жер бетіне шыққан соң өлген. Сол жерде жүргізілген
тəжірибелерде əдетте зауза дернəсілдерінің 50%, кейде 75% залалдаған.
Краснодар өлкесінің Қырым ауданында риккетсий қоздырған зиянды
бақашық ауруы табылып, ол Rickettsiella eurygasteris Luk. деп аталған.
Зертханалық тəжірибеде 4-5 жастағы дернəсілдерді қолдан залалдағанда 17
күннен соң тазартылмаған риккетсий суспензиясынан 100% қырылған.
Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Искендирова Р.Ə./И 45 Өсімдікті биологиялық қорғау. -
Алматы, ҚазҰАУ, 2015.
2. Штерниш В.С.Биологическая защита растений. изд.-
М.:Агропром- издат, 2004.
3. Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының
зиянкестерімен биологиялық күрес тəсілдері.-
Алматы.:Қайнар,1983.
4. Торыбаев Х.К. Энтомофаг насекомдар.-Алматы.: 2009.
5. Ашикбаев Н.Ж., Агибаев А.Ж., Прокофьев О.Н.
Энтомофаги вредных насекомых и гербифаги сорных
растений.-Алматы:Агроуниверситет, 1996.

Ұқсас жұмыстар
Бунақденелердің және кеміргіштердің бактериялды аурулар
Егістіктерге зиян келтіретін кеміргіштер
Ауруды анықтау
Жұқпалы аурулар туралы
Ауыл шаруашылығында колданатың бактериалды препараттар
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Жануарлардың тұратын жерін дератизациялау үшін дәрі түрлерін дайындау технологиясы және жалпы сипаттамасы
Дератизация әдістер
Гүлді дақылдардың аурулары
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Пәндер