Жеке меншік капиталы



Қазақстандағы
жаңа
экономикалық
саясат

Орындаған: Жантай Әсем
Дефектология
2 - курс

Мақсаты:
Қазақстандағы жаңа
экономикалық саясат аясында
жасалған іс - шаралар мен
оның нәтижесі туралы толық
мәлімет беру.
Өзектілігі:
Жаңа экономикалық саясат
аясында жүргізілген
іс - шаралардың халықтың
тұрмыс - тіршілігіне
қалай әсер еткендігіне
көз жеткізу.

Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі - адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі - өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйенің билігіне нұқсан келтіреді.
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына алу, орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принциптері арқылы мәжбүрлеудің басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.



Сауда айналымына келетін болсақ, ол қалалық жеке меншік иелері есебінен - 84, 7%-ды, кооператорлар есебінен - 14, 0%-ды (мемлекеттік саудада-1, 3% ) құрады. Ауылдар мен қыстақтарда (кооперациядағы бағаның төмендігі есебінен) екі сегменттің де үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте-50, 5%, ал кооперативтік саудада-49, 5%. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы, яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей, оны айналып өту сәтсіз аяқталды.
Тап сол кезде, большевиктер мұны қалады ма, жоқ па, қоғам тауар-ақша қатынастарының ақиқаттығын сезіне келе, Т - А - Т формуласы бойынша кең ауқымда және сеніммен өмір сүре бастады. Оның қызметін жеке меншік-капиталистік (мемлекет меншігінде жоқ шағын және ұсақ кәсіпорындар, сауда-саттық, ірі шаруа қожалықтары және т. б. ), мемлекеттік-капиталистік (жеке тұлғаларға жалға немесе концессияғс берілген өнеркәсіп орындары) және ұсақ тауарлы (нарыққа жұмыс істейтін шаруашылықтар) құрылыстар (құрылымдар) табиғи түрде және бірден игеріп әкетті.


Мемлекет іс жүзінде оның көтерме сауда жасау жолын кесіп тастады, оның есесіне бөлшек саудада ол қаладағы сияқты ауылда да өз позициясын нығайтты. Жалақы берілген 1924-1925 жылдарда Қазақстанда 5 мыңнан астам жекеше сауда-саттық орындары болды (кооперативтік кәсіпорындардан 9 есе, мемлекеттік сауда-саттық кәсіпорындарынан 25 есе көп) .
Жеке меншік капиталды ең алдымен сауда-саттықта орналастыру оның ірі қаржы салуды талап етпеуімен, қаражаттың тез қайтуымен және жоғары табыстылығымен, еркін қимылдауға болатындығымен түсіндіріледі. Жеке меншік капиталы қорының көп бөлігі нақ осы айырбас саласында қалыптасты, жаңа экономикалық саясатының алғашқы үш жылында айтарлықтай тез: ел бойынша тұтас алғанда 150 млн сомнан 800 млн сомға дейін өсті.


Жер заңнамасы, сондай-ақ еңбекті қорғау мен нормалау туралы құқықтық актіні мүлтіксіз қолданған жағдайға, жұмыс күшін жалдауға - жалға беруге рұқсат етті. Еңбек қатынастарының құқықтық регламенттелуін бақылау міндеті Кеңестерге, ЖОҚО (Жер мен орман қызметкерлері одағына) мен шаруа ұйымдарына («Қосшы» және ШӨК және басқа одақтарға) жүктелді.
Жұмыс күшін жалдау - жалға берудің ашықтығы (құпия түрде оған дейін де болған) олардың таралу динамикасын қадағалауға мүмкіндік жасады. Егер 1926 жылы 80 мыңнан аса адам (кедейлердің) жалданған болса, ал 1928 жылы оның саны 130 мыңға жетті (іс жүзінде одан әлдеқайда көп) . Жалданудың тығыздық коэффициентінің, яғни кедейлердің әр жүз шаруашылыққа шаққандағы санының өсімі (ресми деректер бойынша оның деңгейі 10-11-ге жетті) таптық жіктелу процесінің жедел жүріп жатқандығын көрсетті.

«Партия фундаменталистерінің», революцияшыл романтиктердің және «тап тартысында шыныққан күрескерлердің» бүлікшіл жан-сезімін жұбата келе, РК(б) П ХІ съезі өз қарарында: «. . . Жаңа экономикалық саясат жұмысшы табының мәнін өзгертпейді, алайда социалистік құрылыстың әдістері мен формаларын өзгерте отырып, социализм құрушылар мен капитализмнің қайта өрлеуі арасындағы экономикалық жарысқа жол береді. . . » деп жазды. «Кім кімді» деген сұрақ ЖЭС лейтмотивіне айналды.
ЖЭС-тің бүкіл кезеңінде мемелекет тауар-нарық және капитализмге дейінгі үрдістердің, әсіресе аграрлық саладағы қауырт іс-қимылдарын тоқтата алмады. Объективті типтің жікке бөлінунің (капиталистік және буржуазияға дейінгі) тікелей ықпалымен әлеуметтік құрылым пролетарланған және қайыршыланған топтарды ығыстыра және «пұрсатты» жоғары топқа икемделе отырып дәл атом сияқты толассыз ыдырап, бөлшектенді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz