Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты, құрамдық түрлері және семантикалық топтары


Slide 1

Үстеу

Slide 2

Қарастырылатын мәселелер:

1. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.

2. Үстеудің құрамдық түрлері.

3. Үстеудің семантикалық топтары.

Slide 3

Семантикалық жағынан

үстеулер қимылдың

әр түрлі белгісін, жүзеге

асу амал-тәсілін білдіреді.

Үстеулер түрленбейді

Синтаксистік қызметі-

пысықтауыш болу

ҮСТЕУ

Slide 4

Үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің

әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал-

тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін,

жай-күйін білдіреді.

Мысалы:Биыл Абай он үшке толған

еді(Әуезов) . Кейін баспай, ілгері бас

(Шәкәрім) . Ақыл, қайрат, жүректі бірдей

ұста (Абай) .

Slide 5

Жалғанда болмас жұбаныш (Абай) .

Құздарыңда бал бұлағың (Сәрсенбаев) .

Бозторғай шырылдайсың жерге түспей (К. Әзірбаев) .

Аспандап алыс кеткен не бір мықты

(Қ. Аманжолов) .

Жоқ-барды ертегіні термек үшін (Абай) .

Slide 6 Slide 7

Негізгі түбір үстеулер

Жылдам, әрең, әдейі, жорта, әзір, әлі,

бұрын, ұдайы, ақырын, ерте, кеш,

жоғары, төмен, қазір, үнемі, дереу,

жаңа, енді, шапшаң, бағана, ілгері, әрі,

бері, мана, ылғи, әзір, бекер, кері,

бермен, нақ, нағыз, дәл, оқыс т. б.

Slide 8

Негізгі үстеулердің көпшілігіне шырай жұрнақтары жалғанады. Атап айтқанда,

мезгіл үстеулеріне: бұрынырақ, ертерек,

кешірек т. б.

Мысалы: Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін (Әуезов) .

мекен үстеулеріне: төменірек, әрірек, жоғарырақ, төмендеу, берірек т. б,

сын- қимыл үстеулеріне: тезірек, жайырақ, жылдамдау т. б.

Slide 9

Туынды түбір үстеулер

Қазақша, түнде, соншама, мұнша,

осылай, шикілей, бірдей, кенеттен,

ауызша, босқа, зорға, амалсыздан,

екеулеп, т. б.

Slide 10

Көлемдік

септіктердің

көнеленуі

арқылы

Сөзжасам

жұрнақтары

арқылы

Туынды түбір үстеулердің

жасалу жолдары

Slide 11

Күрделі түбір үстеулер

1. Басқа сөз таптарының бірігуі, кірігуі

нәтижесінде пайда болған үстеулер:

бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл),

Жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі

(ендігіден әрі) т. б.

Slide 12

2. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер: бірте-бірте, бет-бетімен, бостан-босқа, қолма-қол, оқта-текте, анда-санда, жата-жастана, жапа-тармағай, аз-аздап, күні-түні т. б.

3. Сөздердің тіркесуі мен идиомаланған тіркестер:алдын ала, ала жаздай, күні кеше, күні бүгін, ертеден қара кешке, күн ұзаққа, әлі күнге, күн ілгері т. б.

Slide 13

Бүгін, биыл, қазір,

енді, ертең, кешке,

ала жаздай, күндіз,

таңертең, қыстай,

қыстыгүні, жаздай әуел-баста, әлі, т. б.

Мезгіл

үстеулері

Slide 14

Төмен, жоғары, ілгері, әрі, бері, әрмен, алға, артқа, артта, тысқары, осында, мұнда, кері, алды-арты, әрі-бері, жолшыбай, жол-жөнекей т. б,

Мекен

үстеулері

Мекен

үстеулері

Slide 15

Сонша, осыншама, мұнша, едәуір

сондайлық, онша,

анағұрлым, біраз

бірталай, бірқыдыру

бірен-саран т. б.

Мөлшер

үстеулері

Slide 16

Ақырын, тез, әзер, шалқасынан, оқыс, дереу, зорға, тікелей, бірден, өзінше, қапыда, лезде, үнемі, емін-еркін, ерекше, өзгеше, көйлекшең, астыртын,

жападан-жалғыз, қолма-қол,

бетпе-бет, біржола, кезекпен,

шала-пұла, зым-зия, ретімен, жайымен т. б.

Сын-қимыл үстеулері

Slide 17

Заттың сындық қасиетін және қимыл, іс-әрекеттің белгі, сапасын,

мөлшер, көлемін күшейтіп не

солғындатып көрсетеді.

Күшейткіш үстеулері

Slide 18 Slide 19

Мақсат үстеулері

Мақсат үстеулері қимыл, іс-әрекеттің болу мақсатын

білдіріп, не мақсатпен? деген сұраққа жауап береді.

Мақсат үстеулер:әдейі, жорта, қасақана, әдейілеп.

Мысалы: Құнанбай бағанадан әзіл салғанда да, әдейі соған шұқшиған (Әуезов) .

Slide 20

Себеп-салдар үстеулері

Қимыл, іс-әрекет, амалдың болу,

болмау себебін немесе салдарын

(нәтижесін) білдіріп, не себепті? неге?

деген сұрақтарға жауап береді.

Себеп-салдар үстеулері: босқа,

амалсыздан, лажсыздан, текке,

құр босқа, шарасыздан, жоққа т. б.

Slide 21

Топтау үстеулері

Қимыл, іс-әрекеттің жасалуының

топтық сипатын білдіреді.

Сұрақтары: нешеден? қаншадан?

Топтау үстеулері: біреулеп, екеулеп,

көптеп, қос-қостап, топ-тобымен,

бір-бірлеп т. б.

Slide 22

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық топтары және жасалу тәсілдері
Үстеу: лексика-грамматикалық ерекшеліктері, мағыналық топтары, синтаксистік қызметі және адвербиалдану
Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары мен қимылдың өту сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің лексика-грамматикалық сипаты, түбірлік құрылымы және категориялары
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты, жіктелуі және түрлену жүйесі
Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері және грамматикалық, лексика-грамматикалық және семантика-грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі үстеудің жіктелуі, құрамдық ерекшеліктері және синтаксистік қызметі
Қазақ тіліндегі функционалды-семантикалық грамматикалық категориялар: теория мен зерттеу мәселелері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер: синтетикалық, аналитикалық және лексика-семантикалық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz