Етістік түбірі


Slide 1

Етістік

Slide 2

Қарастырылатын мәселелер:

1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

2. Етістік түбірінің семантикалық ерекшеліктері.

а) бұйрық райдың 2-жағымен сәйкес келуі;

ә) етістіктің түбір тұлғасында қолданылу сипаты;

б) етістік түбірінің жіктелу ерекшеліктері.

Slide 3

3. Етістік түбірлер:негізгі және туынды түбір, біріккен, қосарланған, тіркескен түбір етістіктер.

4. Негізгі және көмекші етістіктер.

5. Көмекші етістіктің түрлері.

6. Аналитикалық форманттар.

7. Күрделі етістік

Slide 4

Қазіргі қазақ тілінде етістік-ең күрделі сөз табының бірі.

Етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың семантикалық, морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі ұстанымның белгілері етістіктің өн бойынан айқын байқалады.

Slide 5 Slide 6

Заттардың

қимыл-

әрекетін

білдіреді

Сөйлемнің

ұйытқысы

Құрылымы

күрделі

Құрамы

жағынан

сөзге

бай

Етістік

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10

Тілде етістіктің атқаратын қызметі өте зор. Құрамында етістік жоқ сөйлемдер өте сирек. Бір сөйлемде бірнеше етістік қолданылу-әдеттегі заңды құбылыс.

Мысалы:Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарымен он-он бес кісі болып бөлек аттанып, әрлі-берлі жүрген қалың топтан оқшауырақ шығысты.

Slide 11

Етістік сөйлемнің ұйытқысы, оның басқа сөздерді ұйымдастыру қабілеті күшті.

Slide 12

Етістік құрамы жағынан өте күрделі, оған себеп-етістіктің грамматикалық категорияларға байлығы.

Slide 13

Мысалы:

Ол бұл әңгімеге қайта орала бермейді.

-а бер-қимылдың өту сипаты категориясының көрсеткіші;

-ме-болымдылық, болымсыздық категориясының жұрнағы;

-й-келер шақтың жұрнағы;

-ді-жақ категориясының жалғауы.

Slide 14

Етістіктің категориялары

Slide 15 Slide 16 Slide 17

Етістік түбірінің өзіне тән ерекшеліктері

Slide 18

Лексикалық мағыналы етістіктің морфемдік құрамы

Дербес етістіктер деп лексикалық мағынасы бар, сөйлем мүшесі қызметін атқара алатын етістіктер аталады. Мысалы, кел, бар, сана, келіп кет, барып кел т. б. Бұлардың әрқайсысы белгілі қимыл-әрекетті білдіріп, сөйлем мүшесі бола алады.

Мысалы, Кітапты сана. Бізге келіп кет.

Slide 19 Slide 20

Негізгі түбір етістіктер

Негізгі түбір етістіктер бір ғана морфема -дан тұрып лексикалық мағынаны білдіреді, олардың құрамын әрі қарай бөлуге болмайды. Олар негізгі морфемаға жатады. Мысалы, ал, бер, кет, оқы, кір т. б.

Slide 21

Туынды түбір етістік

Туынды түбір етістік ең кемі екі морфемадан құралады, олардың біріншісң негізгі морфема болады, екіншісі көмекші морфема болады, яғни сөзжасамдық жұрнақ болады. Мысалы, ақта, сына. жақсар, желбірле т. б.

Slide 22

Күрделі етістіктер

Slide 23

Тіркесті күрделі етістіктер

Тіркесті күрделі етістіктер екі лексикалық мағыналы етістіктен құралып, бір күрделі қимылды білдіреді. Мысалы, Маған бүгін келіп кет.

Олар:кіріп шық, қайтып кел, алып бер, барып қайт, көріп кел, жазып бер, алып қал, сұрап ал т. б.

Slide 24

Біріккен күрделі етістік

Біріккен күрделі етістік екі етістіктен бірігіп, бір лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы, апар-алып бар, әкел-алып кел, әкет-алып кет.

Slide 25

Құранды етістіктер

Құранды етістіктер есім сөзге ет, қыл, бол, қақ, сал, көмекші етістіктері тіркесіп, есім сөзге қимыл мәнін қосып, етістік жасайды. Мысалы, жәрдемет(іңіз), адам бол(са), қорған бол(ды), көмек ет(сін), айғай сал, қабыл ал т. б.

Slide 26

Тұрақты тіркесті етістіктер

Тұрақты тіркесті (идиомаланған) етістіктер-құрамы тұрақты, біртұтас лексикалық мағына білдіретін болып қалыптасқан етістіктер. Мысалы, таяқ жеді, опық жеді, көз салды, қырғи қабақ балды, жан алқымға алды, бетке шіркеу салды. т. б.

Slide 27

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Етістік туралы түсінік
Бастауыш сыныпта етістікті оқыту тәсілдері
Түбір морфема
Тіл білімі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Өнегелі өрісі кең ғалымдық жол
Нөлдік морфема
Сан есімнің сұрақтары
Еліктеуіш сөздер
Етістік жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz