Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы


Slide 1

Жаркент гуманитарлық техникалық колледжі

Курстық жұмыстың тақырыбы:

Дарынды балалармен

жұмыс

412 Топ студенті: Токтар Маржан

Slide 2

Зерттеу мақсаты -

бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу.

Slide 3

Зерттеу міндеттері :

Дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу.

Дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу.

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысындағы қажеттіліктерді анықтау

Slide 4

Дарындылық психологиясының теориялық қағидалары

Дарындылық туралы жалпы түсінік

Slide 5

Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт, күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.

Slide 6

Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.

Slide 7

Дарынды адамдарға тән қасиеттер:

Slide 8

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Slide 9

Дарынды балалар - жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет, техникаға т. б. ) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарының озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған .

Slide 10

Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка саласындағы, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикаға дарындылық тезірек байқалады.

Slide 11

Дарынды балалардың анықталып кемелдендірілуі мектептер (мысалы, музыка, математика мектептері) факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер, студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркем өнерлерінің конкурстарын өткізу және т. б. жағдай жасайды. Мұндай балалардың оқу жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы білімдік дайындықпен және тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді.

Slide 12

Дарындылық - бұл бірдей өмір шартында, қатарларымен салыстырғанда үйрену мен оқытуда аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Дарындылық - бұл тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір ішкі талап-мақсаттар. Сонымен қатар, дарындылық - бұл әлеуметтік құбылыс.

Slide 13

Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:

Slide 14

Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанүяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады.

Slide 15

Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары) .

Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т. б. ойындарды ұнатады.

Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.

Slide 16

Дарындылықтың жас кезеңдеріне сай дамуы.

Бастауыш сыныптағы дарындылықтың ерекшеліктері

Slide 17

Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2-5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс-әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата-ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.

Slide 18

Дарынды балалар үшін

танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады:

Қабылдауларының кеңдігімен ерекшелене отырып, олар айнала әлемдегі болып жатқанды тік әрі тез қабылдайды, сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса сұқтанып көп нәрсені құмартып білгіш болады. Олар бір мезгілде бірнеше процесті бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім.

Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті әрі соның негізінде қорытындылар жасай алады; оларға өз қиялдарында балама жүйелеер құрау ұнайды.

Slide 19

Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып, ақпараттың едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім. Әрі оны қарқынды қолдана біледі.

Дарынды балалардың сөздік қоры бай, әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі. Дегенмен, жеке қанағаттануы үшін олар жиі жағдайда өздерінің жеке сөздерін ойлап табады.

Бұл балалардың зейіндерінің шоғырлануы ұзаққа созылады және міндетті шешуде үлкен табандылық танытады.

Slide 20

Дарынды балалар әділ шешімге жақын болады; адамгершілік дамуы озыңқы дамиды.

Бұл балалар өзіне, айналадағыларға жоғары талаптар қояды.

Дарынды балаларға шығармашылық, ойлап тапқыштық, бай қиял мен фантазия тән.

Бұл балалар әзіл сезімге өте бай, қалжыңдарды ұнатады.

Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, себебі ерте жас кезеңінде олар өте-мөте шыдамсыз әрі шайпау болады.

Кейде оларға аса қорқыныш және жоғары сезімталдық тән.

Бұл кезеңде эгоцентризм де байқалады.

Кей жағдайларда дарынды балаларда жағымсыз өзін-өзі қабылдау, құрбылармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болып тұрады.

Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы:

Slide 21

Бастауыш сынып оқушылары

дарындылығын зерттеу

Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау әдістері

Slide 22

Қазіргі таңда озық технологиялар оқушылар шығармашылығын, дарындылығын дамытудың тиімді құралдарының бірі болып отыр. Оқушылардың математикаға қабілеттілігі-ол бір құбылыс.

Slide 23

Математикалық қабілеттіліктертің төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады:

Slide 24

Есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сол себепті олимпиада есептерін таңдап алып шығарудың маңызы ерекше. Кейінгі кезде математикалық ойын түрде есептерді жиі кездестіруге болады.

Slide 25

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында «Оқушының дарындылығын дамыту картасы» жасау тиімді әдістің бірі.

Дарындылықты дамыту картасының басты идеясы жеке тұлғаны дамыту механизмі болғандықтан, картамен жұмыс дарынды оқушының субъектілігінің қалыптасуына септігін тигізеді. «Дарындылықты дамыту картасының» тәжірибелік маңыздылығы жеке тұлғаның субъектілік негізінде дарынды оқушының шығармашылық даралығын дамыту, білім беру процесіндегі субъектілерді психолог, ата-ана, оқушы, және мұғалімнің өзара әрекетін ұйымдастыра отырып, олардың жұмысын тиімді етеді.

Slide 26

Бала туралы жалпы мәлімет.

Жеке тұлғаның дамуын және оқушы дарындылығын анықтау.


Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс
Психологиялық оңалту
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі
Дарынды және талантты баланы анықтау
Дарын, дарындылық
Дарынды балалар
Миға шабуыл жасау
Дарынды балалармен тәрбие жұмысы
Балалардың дарындылығын бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz