Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Презентация қосу
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университет
Тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Орындаған: Өмірбек Ж.Қ.
Тексерген: Нұртазаева А.
05в042000
Группа: Архб-14-3к
үшін ұстап алып, айыптауға болатын еді.
Екіншіден, Орал қазақ әскерлері тарапынан бұрынғысынша дала
төсіндегі «әскери іздестірулер» тоқтатылмады.
Үшіншіден, Нұралы ханның және оның төңірегіндегілердің беделі жыл
өткен сайын төмендей берді. Ол бірте-бірте патша үкіметінің қолындағы
қуыршақ қолшоқпарға айнала бастады.
Мәселен, Нұралы хан Орынбордан жыл сайын жалақы алып тұрды.
Олардың тарапынан халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінбеді. Ханның
отбасындағылар мал жайылымдарын өздерінше және өз пайдаларына
қалай қаласа, солай бөліске салды.
Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері[өңдеу]
Шаруа соғыстың жауынгерлiк әсерлерiнiң картасы
Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды. Ол Кіші жүздің ішіндегі
он екі ата Байұлы бірлестігінің байбақты руынан шыққан ірі тұлға болатын. (Датұлы Е. Пугачев
бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі
көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би
ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-
ақ «Бала би» атанған болатын.
Сырым Датұлының дене күші де зор еді. Жеке өз басының ерлігі мен қайыспас қайсар
батырлығы, ерекше ерік күші таңғалдыратын. Өз замандастарының арасында ат құлағында
ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген
ағылшын журналисі Д.Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы,
қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген,
халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар
белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе
Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының
ауыртпалығын көтерген де, Орал қазақ әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де
солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді.
Мәселен, атақты батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре болды.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын
тоқтату, сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына
тыйым салу болды.
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі[өңдеу]
1782 жылдың аяқ кезінде патша үкіметінің жарлығы шығып, онда қазақтардың Жайықтың оң
жағалауындағы аймақтарға қыс мезгілінде жайылымдық жерлерді жалға алу арқылы ғана уақытша өтуіне
рүқсат етілді. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесіне пайдалана қойды - қазақтардың жерін
қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал шекара шебіндегі бекіністердің күзеті күшейтілді.
Қазақтар аманат беруге тиісті болды.
1782-1783 жылдың қысында шекара шебінің ішкі жағында казактар қазақтардың 4 мыңнан астам жылқысын
күшпен тартып алды. Қыстың өте суық болуы жағдайды одан сайын қиындатып жіберді. Жұт басталды.
Дала тұрғындарының 10 000-нан астам жылқысы мен сиыры қырылып қалды. Міне осындай қиын-қыстау
жағдайда Кіші жүздің шекара шебіне таяу ауылдарында бұқаралық қозғалыс басталып, ол көп ұзамай
азаттық күресіне ұласты.
1783 жылдың көктемінде қазақтар Орал шекара шебіне шабуыл жасай бастады. Қазақ жасағы Гирьял
бекінісіндегі солдаттарды тұтқынға алып, малдарын айдап кетті. Орынбордың солтүстік-шығысында тама
руының жасақтары шабуылдаумен болды. Орынбор коменданты қазақ даласына Орынбор қазақтарының
жазалаушы әскерлері мен башқұрттардың 1500 сарбазын жіберді. Қазақ көтерілісшілері оларға
табандылықпен қарсылық көрсетті. Қазақтардың тастан тұрғызған бекінісі дұшпанның баса-көктеп бірден
лап қойған шабуылы кезінде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам қазыналық жұмыстарды атқаруға
жіберілді.
1783 жылдың жазында казақтардың әскери бекіністер мен сауда керуендеріне шабуылы жиілей түсті. Мұның
өзі орыс мемлекетінің Орта Азия хандықтарымен жасалатын сауда-саттық деңгейін құлдырата төмендетіп
жіберді. Қарағай бекінісіне бірден лап қойған шабуыл жасалды. Көтерілісшілер Орынбор мен Елек
қорғанысының екі арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз бақылауларына алды. Көтерілісшілердің Ор
(Жаманқала) қамалы мен Төменгі Орал аймағындағы қимылы ерекше белсенді болды.
1785 жылы қазақ жасақтары Төменгі Орал шекара шебінің аймағында патша үкіметінің әскерлерімен
кескілескен шайқасқа түсті. Сырым Датұлы 2700 сарбазы бар жасаққа, старшын Барақ Жанұзақұлы 2000,
Тіленші батыр 1500 сарбазы бар жасақтарға басшылық етті. Бұларға қарсы казактардың үш отряды
жасақталды.
1785 жылы ру старшындарының Нұралы ханмен және оның төңірегіндегілермен арадағы күресі күшейе
түсті. Ханның халық көтерілісін басып-жаншып тоқтатуға мұршасы келмеді. Ол - ол ма, көтерілісшілер
халыққа жексұрын болған оны орнынан түсіруді талап етті. Қазақтардың да, отаршыл билеушілердін де көз
алдында өзінің беделінен жұрдай болған Нұралы хан 1786 жылы Кіші жүзден біржолата қуылды. Ол ендігі
жерде патша билігінің қамқорлығына алынды. Біраз уақыт Калмыков бекінісінде жасырын тұрды. Содан
кейін 1790 жылы Уфаға жер аударылған Нұралы хан ақырында сонда қайтыс болды.
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі
бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен
қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі —
қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының
күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған
байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық
қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып
табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы
жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді
пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге мал жаю
мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал
гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар
арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан
Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін
ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын
тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің
қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-
ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші
халықтың шаруашылығын күйзелтті.
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға
«ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың
күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау,
зорлық-зомбылық көрсетумен болды.
Шаруалар мен феодалдардың арасындағы қарама-қайшылықтар шиеленісумен қатар, феодалдық таптың өз
ішінде де бплік үшін тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық феодалдық
билеушілердің (би, старшын, батырлар) ықпалының күшеюімен келіскілері келмеді. Әртүрлі феодалдық
топтардың арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің
барысына әсерін тигізді. Оның негізгі күші шаруалар еді. Көтеріліске билер мен старшындар, батырлар да
қатысты. Олар қаналушы халықтың дүмпуін, наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым
шаруа старшындар мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды, сонымен қатар, олар хан мен сұлтандардың
тепкісінен халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ, бұлардың бастауымен
Орал казак әскерлерінің шабуылынан да құтыламыз деп ойлады. Патриархалдық феодалды бай-манаптардың
көздеген мақсаты шаруалардың мақсатымен ұштаспайтын еді, олардың арасында қарама-қайшылық болды.
Көтеріліске шыққан шаруалар феодалды және отаршылдық қанаудан құтылмақ ойда еді. Олар хан мен
сұлтандардың тарапынан зорлық көріп, алым-салықтар төлеп тақыр кедейге айналғанды. Шаруалар феодалды
құрылысты жою туралы міндетті қойған да жок, және қоймақ та емес еді. Көтерілісті бастаған үстем таптың
өкілдері хан мен сұлтандардың хұқтарына ғана шек қойып, жүздегі өзінің беделі мен үстемдігін нығайтуды
көздеді. 1782—83 жылдардың қысында «Ішкі жаққа» өткен Кіші жүз малшыларының 4 мыңнан астам жылқысын
Орал казак әскерлерініц старшындары айдап әкетгі. Осыдан кейін іле-шала Орал әскерлері таяу жатқан
ауылдарға шабуыл жасайды екен деген қауесет тарады. Сонымен Кіші жүздің батыс аймағында дүмпу пайда
болды. Бұл қауесет басқа жерлерге де жайылды. Көтерілісшілер топтары ұйымдасып, әдеттегідей оларды ру
старшындары басқарды. Солардың ішінде ерекше көзге түскені Сырым батыр еді. Ол ірі феодал, Байбақты
руының старшыны болатын.
Сырымның ауылы Ембі мен Жайықтың арасын жайлайтын. 1785 жылдың басында Сырым Датовтың отрядында
2700 адам болды. Бұл кезде көтерілісшілердің жалпы саны 6 мыңнан астам еді. Олардыц негізгі ұйытқысы
Сағыз өзенінің бойына топтасқан. Бұлардың саны барған сайын арта түсті.
Көтерілістің етек алуынан сескенген Нұралы хан мен Айшуақ сұлтан Орынбордағы патша
әкімшілігінен көтерілісті басу үшін әскер жіберуді өтінді. Шекарадағы патша әкімшілігі бұл
жағдайды Петербургке мәлімдеп, қазақ даласында көтерілістің етек алуы ханға ғана емес,
патшаға да қатер туғызатынын білдірді. Орынбордағы көтерілісті басу үшіп генерал
Смирновтың отряды құрылды. Бұл отряд 1785 жылы ақпанның орта шенінде Елек бағытына
қарай қозғалды. Сол кезде Жайықтан Ембі бағытына Колпаков жәнө Паномаревтардың
зеңбірекпен қаруланған отряды да шыққан еді. Бірақ бұл кезде көтеріліске араласқан ауылдар
Ембіден әрі көшіп кеткен-ді. Қазақ отрядтары көтерілісшілердің топтасқан жеріне іздеу салып
жүргенде Сырым батыр 500 жігітпен олардың ту сыртынан аттанып, Антоновск бекінісіне
шабуыл жасады. Содан кейін Сахарная тағы басқа бірнеше қорғандар мен беіністерді шапты.
Көтерілісшілердің хан мен сұлтанға патша үкіметінің жазалаушы отрядтарына қарсы күресі
еңбекші халықтан қолдау тапты. 1785 жылы 24 наурызда майор Назаров бастаған жазалушы
отрядтың Каршинск бекеті мен Сахарная қорғанысының аралығында көшіп жүрген бейбіт
ауылды тонап, талқандауы еңбекші халықты қатты ызаландырды. Бұған дейін қозғалысқа
қатыспаған көптеген ауылдар енді көтерілісшілерге қосылды. Қол астынан кетіп қалған
ауылдарды қайта өзіне қаратпақ болған ханның қарекетінен ештеңе шықпады. Оның өкіметі
дағдарысқа ұщырады. Кіші жүз ішіндегі осындай жағдай патша әкімшілігіне ханның ықпалынан
тыс көтеріліске шыққан ру басшыларымен байланыс жасауға мәжбүр етті. 1787 жылдың жазы
мен күзінде өткен старшындардың съезінде патша үкіметінің қарары талқыланып, одан
қазақтарға Ембі мен Жайық арасынан көші-қоныс жер беруді және Орал казак әскерлерініц
әскери жорықтарына тыйым салуды талап етті. Сол съезге көтерілісшілер де кеңінен қатысты.
Талаптың басты тармағы Нұралы ханды тағынан түсіру еді. Сырым бастаған старшындардың бір
тобы хан өкіметін бүтіндей жою талабын ұсынды. Ал өзге тобы хан тағын сақтап, Нұралыға ғана
қарсы шықты.
Осы кезде көтерілісшілер хан ауылына шабуыл жасады. 1786 жылы сәуірде
көтерілісшілердің қысымынан ығысқан хан патша үкіметін паналауға мәжбүр
болады. 1786 ж. маусымда Екатерина II Нұралы ханды хандықтан шеттету
туралы рескриптке қол қойды. Нұралы Орынборға шақыртылып, одан әрі Уфаға
жөнелтілді. Патша үкіметі казақ даласындағы дүмпуді әрі үстем тап
арасындағы тартыстарды пайдаланып, Кіші жүздегі хандық өкіметті жоюды
ұйғарды. Патша әкімшілігінің кеңесіне құлақ қойып, съезд старшындары 1785
жылдың күзінде Кіші жүзді үшке бөлу туралы шешімге келді. Бұл бөліктердің
әрқайсысын съезд сайлаған старшындар билейді. Патша үкіметі Кіші жүзде хан
өкіметінің жойылуы — отаршылық саясатты жүргізуге ыкпалын тигізеді деп
ұйғарды. Сонымен қатар патша үкіметі патриархалдық-феодалдық
шонжарларға арқа сүйеп отырды. Ықпалы күшті деген беделді старшындарға
«Бас старшын» деген атақ берді. Бұларға өзге де руларды бақылау міндеті
жүктелді. Басқару жүйесіндегі төменгі буын — ру старшындарына да жалақы
белгіленді. Бірақ, бұл «реформа» Кіші жүздің ірі старшындары мен билерінің
қарсылығына, әрі бұған Орта жүздің ханы Уәлидің, Түрікменнің ханы Пірәлінің
құптамауына байланысты жүзеге асырылмады. Бұған қоса патша үкіметі
Францияда басталған буржуазиялық революциядан сескенген-ді. Осындай
жағдайда ел басқарудың ескі жүйесіне қандай да болса өзгеріс енгізу
революциялық іс тәрізді болды.
1790 жылы тамызда Нұралы Уфа қаласында кайтыс болғаннан кейін билер тобы Кіші жүздің хандық
тағына Есім сұлтанды отырғызды. Патша әкімшілігі бұл сайлауды тән алмай, үкіметтің бекітуіне
Ералы сұлтанды ұсынды. Ресми тәртіпті сақтаған болып, сұлтандар мен старшындардъщ жаңа
сайлайтын жиынын 1791жылы тамыздың ақырында шақыру белгіленді. Хан «сайланатын» жерге (Ор
қорғанына таяу) патша әскері келтірілді. . Осындай жағдайда халық жаратпайтын Ералы сұлтан хан
«сайланды». Бұл хабар халық наразылығын тудырып, елді қатты дүрліктірді. Соның салдарынан
малшы шаруалар сұлтандардың ыркына көнбей, өз бетінше көтерілді. Бұл қозғалыстың феодалдарға
қарсы белгілері айқып көріне бастаған-ды. Осындай жағдайда билер мен сұлтандар арасында
хандықты қалпына келтіру, сұлтандармен келісімге келу деген пікір ашық айтылды. Халық
қозғалысының осы кезеңінде Сырымның басында толқу пайда болды. Ол хан үстемдігін жою райынан
қайтып, «өзіміздің ырқымыздан шықпайтын хан сайлайық» деген билер мен старшындардың
көпшілігінің талабына қосылды. Сырым Ералыға карсы күресе отырып, Кіші жүздің хан тағынан
дәмелі Әбілғазы Қайыповты жақтауға ден қойды. Әбілғазы көп жанды әрі қолды Шекті руының
билеушісі және Хиуа ханымен де берік байланыста еді. Сырым Сырға қарай көшті. Бұхар мсн Хиуа
хандарына, феодалдарына арқа сүйеген Әбілғазы сұлтанға Сырымның иек артуы қарапайым
халықтың мүддесіне қайшы келді. Бұхар мен Хиуа шонжарлары, діни ағымдары қазақтың кейбір бай-
манаптарымен жең ұшынан жалғасып, қазақ жерін Россиядан бөлуге ат салысты. Бірақ олардың
көтерілісшілер арасына жүргізген үгіті ықпал етпеді. Кіші жүз Россияның қол астында 60 жылға жуық
болуының да әсері тиді. Көтөріліске шыққандар бүкіл казақ жұртшылығы сияқты Россиямен
шаруашылық байланыстың пайдасын бұзып, байырғы жайылымдық жерлерін сақтап қалуға тырысты.
Соған қарамастан Кіші жүздегі көтеріліс өрісі жаңа қарқынмен үдей түсті де, 1792 жылдың жазында
бүкіл жүзді толық дерлік қамтыды. Еңбекші халық хандықты қалпына келтіру жолында күресті. Олар
қозғалысқа қарсы билер мен старшындардың ауылдарын шапты. Қазақ даласына жазалаушы
отрядтардың шығуы, көтерілісшілердің шекара қорғаныстарына шабуылын үдетті. Сырым көп
кешікпей көтерілісшілердің қонысына келді.
1792 жылдың күзінде көтерілісшілердін негізгі күші Елек қалашығына таяу жерге орналасып, қорғанға
шабуыл жасауға әзірленді. Бұдан бұрынғыдай, сұлтандар көтерілісшілер отрядының қай жерге
орналасканын, олардың мақсатын шекара өкіметіне алдын-ала хабарлап қойған-ды. Сондықтан қорған
гарнизондары тойтарыс беруге әзір еді. Сырым бастаған отряд 29 қыркүйекте Елек қалашығына
шабуылға шығып, корғанды ала алмады. Патша қорғаныстарына тұтқиылдан жасаған бірнеше шабуылы
сәтсіз аякталғаннан соң көтерілісшілер күрес тәсілдерін өзгертті. Олар партизандық соғыс тәсіліне
көшті. Аз топпен қимыл жасаған көтерілісшілер отряды ізін білдірмеді. Ауылдар бар көмегін жасады.
1794 жылдың жазында Ералы дүние салды. Патша үкіметі жана хан сайлауды ұзақ ойластырды. 1796
жылы қазанда ғана билердің аз ғана тобынын қатысуымен Кіші жүздің ханы Нұралының баласы Есім
сұлтан болды деп жариялады. Есім хан көтерілісті басуға барлық жазаны қолданды.
1795—96 жылдың қысында қазақ даласын жұт жайлады да, көтпеген ауыл ақсүйек болып қалды. Мал
қырылған соң, ел аштыққа ұшырады. Еңбекшілердің осындай ауыр жағдайына қарамастан Есім мен оның
сыбайластары әр түрлі алым-салық жинауды тоқтатпады. 1797 жылғы наурыздың 26-нан 27-не қараған
түні көтерілісшілер отряды хан ауылын шапты. Есім ханды өлтіріп, ауылы талкандалды. Ханның
тумалары бытырай қашты. Ханнық өлімі, халық дүмпуінің барған сайын арта тусуі шонжарларды
сескендірмей қоймады. Олардың жана ханды құптайтъінын патшаға білдірді. Алаш, Беріш, Тама, Адай,
Шеркеш тағы басқа ру-тайпа старшындары ханды өлтірген көтерілісшілерді жою үшін Орал әскерінің
атаманы Донский ұйымдастырған жазалаушы отрядтың жорығына қатысты. Сонымен қатар патша
үкіметі айлаға көшті, хан сайланбай хан кеңесі құрылды. Хан кеңесінің басшылығына Айшуак сұлтан,
мүшелігіне алты старшын, патша әкімшілігінің уәкілі мүфти Құсайынов сайланды. Кеңеске сұлтандар мен
старшындардың уәкілдері енді. Бұл феодалдардың халыққа қарсы күресін біріктіруге жағдай туғызды.
Хан кеңесі 1797 жы тамызда шақырылды. Көп кешікпей жиын өтіп жатқан жерге, құрамында 7 мыңға
жуық адам бар отрядты бастап Сырым келді. Ол халықтың қатты күйзелгеніне және хан кеңесінің
құрылуыыа байланысты күресті тоқтатқанын мәлімдеді. Сырым кеңестің мүшелігіне алынды. 1797 жылы
қазанда патша үкіметі қаусаған қарт Айшуақ сұлтанды хан сайлады.
Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері[өңдеу]
Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын
басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.
1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О.Г. Игельстром келді. Ол аймақты басқару
жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. Кіші жүз қазақтары
арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым
батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.
1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні
хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сотбилігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-
тайпалық жүйе бойынша — Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның
әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге
тиісті «расправалар» құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден
тағайндалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы
үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді.
II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше
мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де
Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс
еді. Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын
туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен
Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай деп ойлап, олармен ынтымақтастық танытты.
Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты.
Әкімшілік орган — расправалар іс жүзіде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та
атқармады. Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.
1786 жылы старшындардың съезі өтті. Онда тек қана Шекаралық сот құруға келісім берілді. Соттың
құрамына алты ру старшыны сайланды. Жаңа әкімшілік орган құрамына сайланғандардың арасында Тіленші
, Жәнібек және Тілеп сияқты беделі күшті қазақтар да болды. Мұның өзі лауазымды әкімшілік қызметінде
қазақ ру старшындарының сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көрсетті.
Алайда мұндай сайлау Кіші жүздің үш-ақ руында болып өтті. Сөйтіп Шекаралық сот Кіші жүздің бүкіл
руларымен жоғары дәрежелі билер тобы арқылы байланыс жасай алмады. Соның салдарынан Кіші жүздегі
саяси жағдайға ықпал ету мүмкін болмай қалды. Сұлтандар қазақ даласында расправалар құруға үзілді-
кесілді қарсы болды.
Шекаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер туралы, Еділ мен Жайық арасында қысқы
кездегі мал жайылымының көлемін ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен қатар бос жатқан
жайылымдарды жалға беру тәртібін жоюды да ұсынды. Генерал-губернатор бос жатқан жайылымдарды
жалға алып, оған ақы төлеу тәртібін ғана жойды. Ал жеке меншіктегі жерлерді жалға беру тәртібі сақталып
қалды. Сонымен қатар Шекаралық шептің ішкі жағына өту үшін аманат тапсыру тәртібі орнатылды.
1786—1787 жылдардың қысында қазақтардың Еділ мен Жайық аралығына жаппай көшуі басталды.
Старшындар өздерінің талаптарын күшейте түсті. Олар Кіші жүзден Ресейге кашып кеткен құлдарды
қайтару мәселесін де қозғады.
Игельстром старшындардың талабын ішінара ғана қанағаттандырды. Бірақ қазақтардың шекара шебіндегі
бекіністерге шабуыл жасауын токтатуды шарт етіп қойды. Қазақ старшындары бұған жауап ретінде шекара
шебіндегі әкімшілік пен Орал қазақтарының тарапынан қазақтарға күш көрсетіп, озбырлық жасауын
тоқтатуды талап етті. Жаңа әкімшілік орган - «расправалардың» құрылуы сұлтандарды Кіші жүз қазақтарын
билеу жүйесінен шеттетуде елеулі рөл атқарды.
Бұл жағдай сұлтандардың патша үкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Өйткені олар өздерінің
артықшылықтарынан айырыла бастаған болатын. Сөйтіп Кіші жүзде өкімет билігін жүзеге асыру мәселесі
жөнінде сұлтандар мен старшындар арасындағы күрес одан әрі жалғаса түсті. Старшындар мен
сұлтандардың қарама-қарсылығы басталды. Сырым батыр патша үкіметінің ықпалынан біржолата шығып
кетуге бағытталған шаралар қабылдай бастады. Мұның өзі патша үкіметіне тіпті де ұнаған жоқ.
Игельстромның реформасы іске аспай қалды.
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әскер, азық-
түлікпен көмектесу, көтеріліс жеңіліп қалған жағдайда көшіп-қонып жүру үшін
Хиуа хандығының бір шетінен мал жайылымын беру жөнінде келіссөздер жүргізді.
1789 жылы Игельстром Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа жобасын ұсынды.
Онда патша үкіметінің қалауы ескерілді: хан билігін қайтадан қалпына келтіру
және Кіші жүзді одан сайын бөлшектеп алты расправа құру көзделді. Хан
басқаратын бас басқарма құрылды. Сырым батырға прокурор қызметі ұсынылды.
Жаңа жоба бойынша патша үкіметі Кіші жүзде хан мен сұлтандардың құқығына
шек қоюдан бас тартты. Бірақ бұл жоба да іске асқан жоқ. Енді патша үкіметі
қазақтардың Еділ мен Жайық аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану
құқықтарына шек қоюға тырысты. Мұның өзі бұл аймақтағы қарама-қарсылықты
күшейте түсті. Қазақтар Орал шекара шебіндегі бекіністерге шабуыл жасауды
жиілетіп жіберді.
1791 жылы Ералы сұлтан Кіші жүздің ханы болып сайланды. Ал ол қайтыс
болғаннан кейін Нұралы ханның ұлы Есім сұлтан хан болды. 1792 жылы Сырым
Датұлы құрамында 1000 сарбазымен Елек қорғанысына шабуыл жасады. Содан
соң Красногорскбекінісін бірден лап қойған шабуыл арқылы алмақ болды. Бірақ
мықтап нығайтылған бекіністер мен жақсы қаруланған қорғанысшылар
көтерілісшілердің жоспарын жүзеге асыртпады. Қазақ жасақтары әсіресе 1796
жылы ерекше белсенділік танытты. Өйткені бұл жылғы қыста болған жұтта мал
жаппай қырылып, халықтың жағдайы нашарлап кеткен еді.
Ұлт-азаттық қозғалысының ақырғы кезеңі[өңдеу]
1797 жылдың көктемінде Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап, Есім
ханды өлтіреді. Бұған жауап ретінде патша үкіметі қазақ даласына жазалаушы отрядтар
жіберді. Бірақ олар көтерілісшілерді кездестіре алмады. Кіші жүзде хан тағына талас
басталды. Игельстром Кіші жүзді басқаруды Хан кеңесіне тапсыруды ұсынды.
Сөйтіп 1797 жылдың тамыз айынан бастап Хан кеңесі жұмыс істей бастады. Отаршыл өкімет
билігі қартайып қаусап отыріан Айшуақ сұлтанның кандидатурасын қолдады. Бірақ
сұлтандардан ғана тұратын қазақ ақсүйектері дәстүрлі халық жиынын өткізбей-ақ
Қаратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзі сұлтандардың Хан кеңесіне деген
қарсылығын білдіруі еді. Өйткені Хан кеңесінде старшындардың ықпалы күшті болып
шығатын еді.
Сырым Датүлы Хан кеңесінің құрамына сайланбай қалды да, Сырдария өзені бойына көшіп
кетті. Онда ол Әлімұлы старшындарының қолдауына ие болды да, Хан кеңесінің алдына Кіші
жүздегі жағдайды жақсарту жөнінде мәселе қойды. Сырым батыр руаралық барымтаны және
Орал қазақтарымен қақтығысты тоқтатуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сайланды. Бұл кандидатураны сұлтандар да, ру
старшындары да қолдады. Хан жасы жетіп қартайған адам еді. Ол қазақтардың арасында
бәлендей рөл атқара алған жоқ. Кіші жүздегі сұлтандар мен ру старшындарының өзара
татуласуы Сырым Датұлын өзінің төңірегіне ру старшындарын бұрынғысынша топтастыру,
сұлтандарға және патша әкімшілігіне қарсы күресін жалғастыра беру мүмкіндігінен айырды.
Сырым батыр Хиуа хандығына көшіп кетті. Халық аузындағы аңызға қарағанда, Сырым
Датұлы кейбір мәліметтерге қарағанда 1802 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан
қаза тапқан көрінеді.[
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz