Қостанай облысы Павлодар облысы




Презентация қосу
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫ
Солтүстік Қазақстан облысы

Қостанай
облысы Павлодар
облысы

Ақмола облысы
Солтүстік ауданның табиғат жағдайы да колайлы. Жер бедері,
негізінен жазық болып келеді. Торғай үстірті, Қазақтың ұсақ
шоқысы және Солтүстік Қазақстан жазығы. Климаты
континенталды - жазы коңыржай ыстық, қысы суық болып келеді.
Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстігінде 300-430 мм
болса, оңтүстігінде 200-300 мм. Жауын-шашынның 70%-ы жылдың
жылы кезеңдерінде түседі. Қар калыңдығы солтүстігінде 40 см,
оңтүстігінде 20 см-ге дейін жетеді. Топырақ жамылғысына
келетін болсақ, негізінен құнарлы қара және орманның сұр
топырағы, шалғынды дала топырағы мен қоңыр топырақ кездеседі.
Жалпы алғанда топырағы мен климаттық жағдайы қолайлы
болғандықтан егіншілікпен шұғылданады. Бірақ жылы кезеңдердегі
(әсіресе көктем, жаз) аңызақ желдер және ылғалдың жетіспеуі -
топырақтың құнарлылығын төмендетеді.
Солтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы
салыстырмалы түрде қолайлы, республиканың шеткі және Ресеймен
шекаралас ауданы. Біріншіден, Ресейдің Орал жәнө Батыс Сібір
экономикалық аудандарымен шектеседі. Екіншіден - аумағы аркылы
ірі темір жол магистралі өтеді
Ауыл шаруашылығы. Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең
дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты
ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына
игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық
бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік
Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан (3 млн га-дан
астам).
Бұдан басқа, мұнда сұлы, арпа, күздік бидай және қарақұмық псіріледі.
Экономикалық аудан жалпы астық жинаудан Қазақстанда алдыңғы орын алады
(67%), сонымен бірге оның басым белігі үш облыстың - Ақмола, Солтүстік
Қазақстан және Қостанай облыстарының үлесіне тиеді. Техникалық
дақылдардың үлесі (күнбағыс, зығыр, қыша т.б) көп емес, дегенмен күнбағыстан
алынатын өнім біршама жоғары - республикадағы жалпы өнім жинаудың 11%-
ын құрайды.
Қала маңдары мен өзен аңғарларында көкөніс, картоп және бақша дакылдары
өсіріледі. Бұл дақылдардың жалпы жиынтық үлесі 15%, бірақ бұл аймақтың
бүкіл халқын қамтамасыз етуге жеткілікті. Аймақтың ауыл шаруашылық
жерлерінің басым бөлігін (25%- дай) азықтық дақылдар - көп жылдық шөптесін
өсімдіктер, жүгері, азықтық қызылша алып жатыр. Аймақта сүтті, етті-сүтті
бағыттағы ірі қара мал өсіруге болатын жайылымдық және шалғындық жерлер
де мол. Сонымен қатар қой, жылқы, құс және шошқа шаруашылықтары да
дамыған.
Солтүстік қазақстанның туризмі дамыған облыстары
Қазіргі кезде Павлодар облысында туристтік қызметті ісе асыруға рұқсат
қағазы бар 72 туристтік ұйым тіркелген және қызмет етеді. Баянауыл
мемлекеттік ұлттық табиғи бағында тұрғын орнын, қайық, катамаран,
экскурсияға арналған автобус, жазғы кезеңге айналған мәдениет шараларын
ұсынумен 35 демалыс үйі бар, оның ішінде 28 – Жасыбай көлінде, 5 –
Сабындыкөл көлінде, 2 – Торыайғырда және 2 балалар лагері тіркелген.
Қазіргі таңда ұлттық бақ аумағында 37 археологиялық ескерткіш, табиғат
ескерткіштері мен көрсету орындары бар. Туризмді дамыту мақсатында бақ
аумағында 208,5 км ұзындықтағы және 1 ботаникалық орман жолымен 11
туристтік бағыттар әзірленіп, бекітіліген. Облыс өз емдік орындарымен де
бай. Павлодар қ. Солүстік-шығысында емдік-сауықтыру орны – «Мойылды»
санаторийі орналасқан. Мойылды өзені мен оның сазының емдік қасиеттері
туралы Ертіс өңірінің халқы бұрыннан білген. Павлодар облысының шығыс
жағында Ертісің оң жағалауында ««Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи
резерваты» ММ бар. Шекарасының ұзындығы 556 км. «Ертіс орманы»
МОТР екі филиалдан тұрады – Шалдай (ауданы 143247 га, орталығы
Шарбақты ауданының Шалдай ауылы), Бесқарағай (ауданы134714 га,
орталығы Лебяжі ауданының Шақа ауылы) және 16 орман шаруашылығы.
Аумақ «ерекше бағалы орман массивтері» сақтаудың бір санатымен
ұсынылған.
Ақмола облысының туризмі. Облыс туристік бизнесті дамыту үшін қолайлы аумақта
орналасқан. Облыстың көпшілік аудандарында ішкі туризмді дамытуға арналған үлкен
мүмкіншіліктері бар. Демалыс үйлері, санаторийлер мен туристік базалар, алдын ала емдеу
орындары мен пансионаттар және т.б. бар.
Щучье-Бурабай курорттық аймағы - тамаша табиғи-климаттық жағдайы, бай емдеу-
рекриациондық ресурстары, тарихи-мәдени қоры, Республиканың орталығында орналасқан
географиялық тұрғыдан қолайлы, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласына
жақын орналасқан курорттық орын.
Курорттық аймақты одан әрі дамытуға шет елдік капиталды тарту үшін инфрақұрылымды
дамытуға ерекше назар аударылады. Жаңа жолдарды салу, әуе байланысын ашу, тұрақты
түрде сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар әзірленді.
Аталған шаралар өмір сүру, белсенді түрде демалу және туристердің қатынасы үшін қажетті
ғимараттарды және имараттарды салуға инвестицияны тарту үшін жағдай жасауды
қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық ауа-райын құру, отандық және шет елдік
инвестицияларды тарту, сондай-ақ болашақта оның аумағында туристік ойын-сауық
орталығын дамыту мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймақ құрылды.
Туристік ойын-сауық орталығы - әлеуметтік жоба: ойын мекемелерін көшіру осы ауданның
жағдайын жақсартуға, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерінің
бюджетке түсуін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар тиісті инфрақұрылымдарды да
дамытуға септігін тигізеді.
Ойын бизнесінің дамуына арналып белгіленген екі арнайы орталықтардың біреуінің
орналасу орнының анықталуы да Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға
айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.
Тұтастай алғанда, облыста өңірдің экономикасын, атап айтқанда халықаралық туристік
бизнесті дамытуға инвестиция тарту үшін зор әлеует бар және ынтымақтастық жөніндегі
кез келген ұсыныстарды қарауға дайын.

Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Солтүстік қазақстан экономикалық ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы туралы ақпарат
Конвенциясының орындалуы
1921 жылы маусымда Орал губерниялық партия комитеті
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары
Қазақстанның жалпы көмір қоры
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2018 жылдың басында Қазақстан халқының саны
Пәндер