Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар
Презентация қосу
Акционерлік
қоғам
Акционерлік қоғам – капиталы,
құрылтайшылар мен өз үлесін
қосқан акционерлерден құралған
заңды тұлға болып табылатын
компания, өндірісті ұйымдастыру
акцияларды сату арқылы құралған
қаржы негізінде жүзеге асады.
Акционерлік қоғам
Ашық акционерлік Жабық акционерлік
қоғам қоғам
Акционерлік қоғамның қатысушыларына барлық
азаматтар кіреді, олар қоғамның басқа мүшелерінің
келісімінсіз өз акцияларын сата немесе басқа біреуге бере
алады. Акцияларды сату немесе басқа біреулерге беру тек
осы акционерлік қоғамның мүшелерінің қабылдау
процедурасынан өткен қоғамның жаңа мүшелерінің, онда
да бұрынғы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.
Ашық типтегі акционерлік қоғамда оның мүліктік және
қаржылық капиталы одан әрі осы қоғамның акцияларын
ашық және еркін сату жолымен құрылады және
қалыптасады. Бастапқыда акциялар оларды шығарғаннан
кейін құнның өз бағасымен, одан соң оларды қайта сату
қалыптасқан сұраныс пен ұсыныстың негізінде нарықтық
бағамен – акция бағасымен жүргізіледі.
Акционерлік кәсіпорындар
барлық елдерде ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам және
компания түрінде жұмыс істейді
барлық міндеттемелері бойынша заң алдында жауап береді
барлық акция пакетінің құнынан аспайтын шектеулі
мөлшерде тәукелге бара алады
акционерлік қоғамдар жеке жағдайда қабылданған кейбір
аз акционерлерінің мүлікті міндеттемелері бойынша жауап
бермейді
пайдасының белгілі бір бөлігі акция иелеріне процент
түрінде беріледі(дивидент)
өз қызметін тоқтатқан жағдайда акционерлер жою
квотасын (мөлшерін), яғни кәсіпорын мүлкін сатудан түсетін
құнның бөлігін алуға акция иелерінің құқы жоқ
әрбір акционер өздерінің акцияларын бағалы қағаз ретінде
еркін ұстай алады, ал мүлікті акционерлік қоғамның басқару
ұйымдары өз құздарында ұстайды.
Акция
оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталына өз үлесін
қосқан және оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқы бар
акционер екендігін дәлеледейтін құжат
акционерлік кәсіпорынның ісін басқаруға құқық береді
еркін сатуға немесе сатып алуға, сыйлауға немесе кепілдікке
қалдыруға болады
Акция
Кәдімгі жай акциялар дивидендтің нақты
процентін алуға құқық
беретін акциялар
Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен
мыналарға шектеу қойылуы мүмкін:
Қоғам акцияларымен келісім жасау;
Бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны;
Бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс
саны.
Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім
қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам
құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның
құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003
жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР
Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен
құрылуы мүмкін.
Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын
жұмыстары мыналар:
Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын
қызметтерді анықтайды;
Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;
Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;
Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін
акцияларды бекітеді;
Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
Қоғам тіркеушісін таңдайды;
Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны
таңдайды;
ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал
төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;
Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын
үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін
тұлғаны таңдайды;
Қоғам жарғысын бекітеді.
Құрылтайшылық келісім-шарт
1.Жазбаша түрде бекітіледі
2.Құрылтайшылар мен оның
өкілдіктерінің қолдары қойылады
3.Нотариуспен куәландырылады
Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:
Қоғамның толық және қысқартылған атауы;
Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын
куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;
Қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;
Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс
тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік
отырысы тәртібі;
Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті
болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;
Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру
тәртібі;
акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары
туралы ақпарат тәртібі;
егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін
көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да
ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;
қоғам қызметін тоқтату шарасы;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа да
жағдайлар.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды
бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан
Республикасы валютасымен көрініс табады.
Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда
бекітілген талаптармен жүзеге асады.
Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін
отыз күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен
құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының
өсуі қоғамның жарияланған акцияларының орналасуына байланысты.
Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық
есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық
бюджет туралы заңымен бекітілген.
Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:
- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен
қоғамды басқаруға қатысу;
- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның
Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану
үшін кандидатураларды ұсыну;
қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;
дивидендтер алу;
- қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде
акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам
жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп
беруімен танысу;
- тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы
қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені
алу;
- қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу
және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде
дәлелді жауаптар алу;
- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын
бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім
қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату)
бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең
артықшылықпен сатып алу.
Ірі акционер – қоғамның дауыс беруші акцияларының он және одан
артық пайызы тиесілі болатын (жиынтықты түрде) арада келісімдер
жасау негізінде іс-қимыл жасайтын акционер немесе бірнеше
акционерлер.
Қоғамның ірі акционерінің мынадай құқықтары бар:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап
етуге немесе Директорлар кеңесі акционерлердің кезектен тыс
жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда сотқа шағым-
талап жасауға;
- Директорлар кеңесіне Заңға сәйкес акционерлердің жалпы
жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізуге ұсыныс
жасауға;
Директорлар кеңесінің мәжілісін шақыруды талап етуге;
Қоғамға аудиторлық қоғамның аудитті өз есебінен жүргізуін талап
ету. Сонымен қатар ірі акционер аудиторлық ұйымды дербес
анықтауға құқылы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz