Ташкент қаржы институты


Slide 1

Өзбекстан

Республикасы

Slide 2

Ташкент

Slide 3

Ташкент - қала, Өзбекстан Республикасының астанасы, Ташкент облысының орталығы, Орта Азияның ірі транспорт кешендері және мәдени орталықтарынан. Республиканың солтүстік-шығысында, Тянь-Шань таулары етектерінде, 440-480 метр биіктікте, Шыршық өзенінің жағасында жайласқан. . Халқы 2 340 900 адамды құрайды. Қала Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Тектоникалық жағынан Ташкент өте белсенді жерде тұр, сондықтан жердің сілкінулері сирек емес. 1966 жылы болған зілзаланың күші Рихтер кестесі бойынша 7. 5-ке жетті. Ташкент уақыты Гринвич уақытынан 5 сағат алда (UTC/GMT +5) . Ташкенттің орналасу координаттары: 41°18′N, 69°16′E.

Slide 4

Климаты

Климаты континентал, ыстық, құрғақ жаз күндері және де суық қыс климатымен Қала басқа дүние қалаларымен ерекшеленіп тұрады. Жылдық орташа температура 13, 5 °C. Жазда есе температура 35 °C қа, қыста есе температура −25, -30 C° қа жетеді.

Жауынгершілік ноябрь және

март айларында

күзетіледі.

Slide 5

Ел: Өзбекстан

Кіреді: 11 аудан

Әкімі: Усмонов Рахмонбек Жахонгирович

Тарихта пайда болды: Б. з. б 5-3 ғасыр

Бұрынғы атаулары: Юни, Чач, Шаш, Бинкат

Жер аумағы: 334, 8 км²

Орташа биіктігі: 455 м

Ресми тілі: өзбек тілі

Тұрғыны: 2 340 900

Тығыздығы: 6859, 3 адам/км²

Агломерациясы: 6, 5 млн. ға жақын

Ұлттық құрамы: өзбектер 63, 0%

Орыстар 20, 0%

татарлар 4, 5%

корейстер 2, 2%

Қазақтар 1, 2%

Т. б. 7, 0%

Діни құрамы: Мусылмандар, хриатиандар жіне т. б.

Телефон коды. +998 71

Почта индексі: 1

Автомобиль коды: 01 - 09, (10, 30 - ескісі)

Ресми сайты: http://tashkent. uz/ru

Slide 6

Етимологиясы

Орта ғасырлар заманында қала «Чач» деп аталды. Кейінірек ол «Чач қаласы» деген мағына беретін «Чачканд» деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол қала дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқанд, Жаркент, Пенжикент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.

16-шы ғасырдан кейін Чачканд деген атау «Ташканд» деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау («Тас қала») халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан.

Slide 7

Тарихы

Чач патшалығының б. з. д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б. з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті.

Хорезмдіктер қаланы 1214 жылы тонады, бірақ Шыңғыс ханның әскерлері 1219 жылы оны қайтара тонады. Әмір Темір әулеті және одан кейінгі Шайбан әулетінің билігінің кезінде қала қайта жанданып, өркендей түсті

Патша Черняев пен оның қарамағындағы адамдарға марапат пен сый-сыяпаттарды үйіп-төкті, бірақ Черняевтың тұрақсыз мінезін еске алып, көп ұзамай оны генерал фон Кауфманмен алмастырды. Ташкентке тәуелсіздік берілмек түгілі, ол жаңадан құрылған Ресей Түркістаныны аймағының орталығына айналдырылып, фон Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ташкенттің жанында орыс поселениесі құрылып, орыс қоныстанушылары мен саудагерлері ағыла бастады. Ресей мен Құрама Патшалықтың арасындағы «Үлкен ойын» атты Орталық Азияның үстінен билік үшін тайталастың кезінде Ташкент тыңшылықтың орталығына айналды. 1889 жылы Каспий темір жолы салынып, оны салған теміржол жұмысшылары Ташкентте қоныстанды. Бұл 1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады.

Slide 8

20-шы ғасырдағы тарихы

Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде Шыңғысхан қазақ даласын жаулап алып, Орта Азияға шапқыншылық жасағанда, отырықшылыққа айнала бастаған қазақтарды да кешіріп ала кеткен: «Сонан соң бұлар бұрынғы Апа тауды қалдырып, Ташкент төңірегіндегі тауларды мекен қылса керек. Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып. бұларды бір інілері билейді екен. . . » т. б. тарихи деректер береді

20-шы-30-шы жалдары қаланың өнеркәсібі қарқындап дами бастады, бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан өнеркәсіп орындарының жаппай КСРО-ның шығыс аудандарына көшірілуінің арқасында ерекше қарқынмен дамыды. Сол арқылы қаланың орыс тілді тұрғындарының саны да қатты өсті, соғыс аймақтарынан шамамен 1 миллион адам көшірілді. Орыстардың саны Ташкент тұрғындарының жартысына жетті

1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкентте жойқын жер сілкіну болды (Рихтер кестесі бойынша 7. 5 балл) . 300 000-нан астам адам үйсіз қалды.

1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ташкент Кеңес Одағындағы тұрғын саны жағынан 4-ші орында тұрған қала, білім беру, ғылым және техниканың ірі орталығы еді

1991 жылдан бері қаланың экономикасы, мәдениеті мен сырт көрінісі зор өзгерістерге ұшырады. Тарихтағы ең биік Ленин ескерткіші Өзбекстанның картадағы бейнесі сызылған глобус ескерткішімен алмастырылды. Кеңес заманында соғылған ғимараттармен бірге жаңа, осы заманғы ғимараттар пайда болды.

2007 жылы тарихи құндылығы бар мешіттер мен басқа діни ғимараттары көптеп кездесетіндіктен Ташкент Ислам дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланды

Slide 9

Қ а л а н ы ң к ө р н е к т і о р ы н д а р ы

1917 жылғы төңкерістен кейінгі болған өзгерістердің нәтижесінде және әсіресе 1966 жылғы жер сілкінуден кейін Ташкент көптеген дәстүрлі сәулеттік мұраларынан айырылды. Алайда онда мұражайлар және кеңес дәуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі

Slide 10

Көкілдаш медресесі

Абдулла ханның билік құрған кезіне (1557-1598) жататын бұл мешітті қазіргі таңда Мауараннахр мұсылмандарының діни басқармасы қалпына келтіріп жатыр. Оны кейін мұражайға айналдыру туралы жоспарлар бар, бірақ қазір ол мешіт ретінде қолданылуда

Жүніс хан мазары

19-шы ғасырда қалпына келтірілген бірқатар 15-ші ғасыр мазарлары. Солардың ең үлкені - Моғол империясының негізін қалаушысы Бабурдың үлкен атасы Жүніс ханның мазары.

Төле би мазары

Төле би Ташкентте жерленген. Оның мазары қазіргі кезде Қарлығаш би мазары деп аталады

Slide 11

Князь Романовтың сарайы

Әлішер Науаи атындағы опера және балет театры

Бұл ғимарат - Мәскеудегі Ленин мавзолейінің авторы сәулетші Алексей Щусевтің жобасы бойынша 1940-1947 жылдары салынған. 1947 жылдың қараша айында Әлішер Науаидың 500-жылдығы аталып жатқан кезде театр салтанатты түрде ашылып, оған ұлы ақынның аты берілді.

Тетардың көрермендер залының сыйымдылығы 1400 адам, сахнасының ауданы 540 шаршы метр. Көрермендер залының екі жағында үш қабатта орналасқан алты фойе сол кезде Өзбек КСР-інің құрамында болған алты облысқа бағышталған: Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез, Хиуа және Ферғана облыстарына. Театр ғимаратының залдарын әрлендіру үшін сәулетші әр облыстан шеберлерді шақырды.

Slide 12

Қолданбалы өнер мұражайы

Бұл музей патша заманындағы бір бай дипломат үшін салынған үйде орналасқан. 19-шы-20-шы ғасырдың қолданбалы өнер туындыларының жиынтығынан гөрі үйдің өзі көбірек назар тартады

Slide 13

Әмір Темір мұражайы

Жалтыраған көк күмбезді, іші ерекше көркем әсемделген бұл бір зәулім ғимарат (оң жақтағы фотода бейнеленген) . Ішінде көрерменнің назарын Әмір Темір мен Ислам Каримовтың көрмесі өзіне тартады. Мұражайдың сыртындағы бақта салт атты Ақсақ Темірдің ескерткіші орнатылған.

Күш - әділеттедір. . .

Әмір Темір

Slide 14

Сонымен қатар Ташкент қаласында жоғарыда көрсетілгендей дем алу саябақтарымен ойын-сауықтыру кешендері көп.

Мустақиллик алаңы

АмирТемур саябағы

Жапон жасыл саябағы

Мирзо Улуғбек паркі

Бобур паркі

Аква парк

Slide 15

Хиуа

Бухара

Самарканд

Ташкент

Туризм бойынша Ташкент қаласы әлемге шығыс елі болып танылған Самарқанд, Бухара, Хиуа қалаларынан кейінгі орталық болып табылады. Қалада мәдени-танымдық, ойын-сауықтық, іскерлік, этностық және т. б. туризм түрлері дамыған.

Slide 16

Экономикасы

Қала экономикасының басты саласы - машина жасау: «Ташкент трактор зауыты», «Ташсельмаш», «Узбексельмаш», «Таштекстильмаш», «Узбекхлопкомаш», «Ташкент экскаватор зауыты», "Ташкент электр машина жасау зауыты, Ташкент тепловоз жөндеу зауыты, Чкалов атындағы ұшақ жасау зауыты (ТАПОиЧ) және тағы басқа

Электронды техника жасап шығаратын зауыттар бар: резисторлар, интегралды схемалар және басқа бөлшектерді жасап шығаратын «Фотон», «Спутник», «Миконд» зауыттары, Ташкент радиоэлектронды аппаратура зауыты және Ташкент электронды есептеуіш машиналары зауыты «Алгоритм», автоматтандырылған басқару жүйелері мен байланыс құралдарын жасап шығарушы Ташкент электромеханикалық зауыты

Сонымен бірге жеңіл (мақта-мата, тоқыма, аяқкиім және т. б. шығаратын), құрылыс, химия, мұнай-химия, химия-фармацевтика, тамақ өнеркәсіптері де дамыған.

Slide 17

Білім беру, мәдениет және ғылым салалары

Қалада 21 университеттет және басқа жоғары оқу орындары бар:

Ташкент мемлекеттік техникалық университеті

«Келажак илми» Халықаралық бизнес мектебі

Ташкент ақпарат технологиялары университеті

Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті

Өзбекстан ұлттық университеті (бұрынғы ТашГУ)

Дүниежүзілік экономика және дипломатия университеті

Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті

Ташкент мемлекеттік заң институты

Ташкент қаржы институты

Мемлекеттік шет тілдері университеті

Консерватория

Ташкент мемлекеттік дәрігерлік академиясы


Ұқсас жұмыстар
Өзбекстан Республикасы
Аудит
Қазақстанның Даму Банкі
ҚАРЖЫ ДЕЛДАЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ
Қазақ хандығының құрылуымен нығаюы
Қаржы делдалдары
Қаржы нарығы
Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты
Бюджет құқығы
Қаланың көрікті орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz