Тері шикізаты: сұрыптау түрлері, құрылымы және ақаулары


Slide 1

Тақырыбы : Тері шикізаты, сұрыптау түрлері.

Дайындағандар: Даулетұлы Қ.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Slide 3

Терілерді сорттау - МЕМСТ - тің талаптарына сәйкес өлшемдерді өлшеу мен сапа құнына негізделген.

Сорттауда теріні түріне, кряжасына, сортына, ақауларына қарай бөледі. Негізгі әдістері :

Терілердің барлық партиясын түрлер бойынша бөлу.

Терінің ақауларын және сұрыптарын, түстерін, өлшемдерін, кряждарын анықтау.

Slide 4

Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен теріасты клеткалардан (шел) тұрады.

Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.

Slide 5 Slide 6

Былғарының гистологиялық құрылысы.

1 - эпидермис; 2 - былғары; 3 - өзең;

4 - гипоөзең; 5 - жүн қылшығы; 6 - жүнді фолликула ұшы; 7 - жүн тамыры; 8 - тер ағымы; 9 - май безі; 10 - жүн бұлшығы; 11 - жүнді фолликула; 12 - май безі; 13 - жүн түбірі; 14 - жүн емізікшесі; 15 - тері асты тамыры; 16 - тері асты май қабаты.

Жүнсіз былғары эпидермисі.

1 - мүйізікше қабат; 2 - жылтыр қабат; 3 - бидай қабат; 4 - өстік жсуша қабаты; 5 - цилиндрлік қабат; 6 - қосылыс тіні; 7 - тер безінің шығу ағымы.

Slide 7

Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.

Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.

Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.

Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.

Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.

Slide 8

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Slide 9

Мехтік теріден өнделген тері тінінің негізгі қасиеттері:

Қалыңдығы. Өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігі.

Беріктігі. Бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі.

Иілгіштігі. Бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы.

Жұмсақтығы.

Slide 10

Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері:

Cыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы. Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:

Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т. б. )

Гельминтозды жаралар

Жұқпалы аурулар

Таз аурулар

Шіркейдің шағуынан

Механикалық зақымдану және т. б.

Ақаулар бірінші рет туған сиырларда кездеседі. Қамшының ізі - қамшымен қатты ұрғаннан болады.

Тері бөртпесі - көп мөлшерде терлеудің салдарынан пайда болады.

Таңбаның орны - темірді қыздырып, мал терісіне ен салғаннан қалады.

Сызат - терінің беткі қабатын өткір заттармен тіліп кетуінен пайда болады.

Slide 11

Қорытынды :

Терілерді тексеру барысында жүнді жабындысы тегіс және бірқалыпты жататындай етіп сілку қажет. Осы түрдегі терілерде қанау, ойылғандар, дақтар және қылшықтар сиреуі, тесіктер, сызаттар жақсы көрінеді.

Slide 12

Назарларынызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Тері мен мех шикізатын қабылдау, сұрыптау және сақтау әдістемесі
Мал терісіне әсер ететін факторлар және тері ақаулары
Былғары және тері өндірісінің шикізаты: терінің құрылысы, өңделуі және жіктелуі
Ішек шикізаты: ақаулардың түрлері және алдын алу шаралары
Мехтік және терілік шикізаттарды қабылдау, сақтау және сұрыптау
Ағаш материалдары: құрылымы, техникалық қасиеттері, ақаулары және қолданылуы
Былғары шикізаты: терінің топографиясы, химиялық құрамы, консервілеу және ақаулар
Малдың түр-тұлғасы, дене құрылымы және тері-тері асты қабаттарын клиникалық зерттеу
Жүн, тері және ішік шикізаттары: түрлері, техникалық қасиеттері және тері микрофлорасы
Тері топографиясы, құрылымы және химиялық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz