Валюталық саясат


Slide 1

Дайындаған : Даулетұлы Қуаныш

Slide 2

Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Slide 3

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

- Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.

Slide 4

Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.

Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:

• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;

• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;

• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;

• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;

• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;

• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;

• дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;

• халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;

• сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және т. б.

Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.

Slide 5

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т. б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Slide 6

Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр: 1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау. 2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Slide 7

Қазақстанның әлемдік экономикадағы қазіргі орны мен рөлі

Қазақстан бірқатар тауарларды өндіру, ең алдымен шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды, қуат көздерін өндіру бойынша әлемде алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Бұл бір жағынан, Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екендігін, ал екінші жағынан, еңбек пен капиталдың экспортқа бағытталған және пайдасы мол салаларда шоғырланудың өте үлкен дәрежесі бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы бет-бейнесін төмендегілер анықтайды: 1. Мұнай, көгілдір отын, электроэнергия. 2. Қара металлургия, минералды тыңайтқыштар, мақта-мата кездемесі, ағаш өнімдері. 3. Астық өнімдері, сүт, әртүрлі жемістер.

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Ревальвация мен девальвацияның төлем балансының жағдайына әсер етуі Сауда балансына әсері Капитал балансына әсері Төлем балансына әсері Валютаның ревальвациясы Экспорт ↓ Импорт ↑ Қорытынды: нашарлайды Экспорт ↑ Импорт ↓ Қорытынды: нашарлайды Нашарлайды Валютаның девальвациясы Экспорт ↑ Импорт ↓ Қорытынды: жақсарады Экспорт ↓ Импорт ↑ Қорытынды: жақсарады Жақсарады

Slide 12

Қорытынды

Қорыта келгенде, 1995-2005ж. ж. аралығында еліміздің экономикасында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамызтөмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж. ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды. Оған басты себеп мемлекет мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы ұжымдарын (колхоздар мен совхоздар) жеке меншікке айналдырып, шетел инвистицияларын тарту. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп өнімі 1995 жылғы 1100, 5млрд. теңгеден 2005жылы 6985, 2млрд теңгеге, ауыл шаруашылық өнімі 335млрд. теңгеден 606млрд. теңгеге, экспорт көлемі 5871, 6 млрд. теңгеден 12900, 4 млрд. теңгеге, импорт көлемі 3655, 1 млрд теңгеге көбейді.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік -осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық Валюталық жүйе және оның түрлері
Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі
Халықаралық валюта жүйесі
Шетелдік инвестицияларды тарту әдістері Шетелдік инвестицияларды шектеу әдістері
Валюта нарығындағы және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық операцияларды қаржылық қадағалау
ҚР инфляцияға қарсы саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының қалыптасуы мен нығаюы
Ұлттық банк
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
Экономикалық мемлекеттік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz