Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты


Slide 1

Тақырыбы : Тері, терінің қасиеттері.

Дайындағандар: Даулетұлы Қ.

Slide 2

Тері - жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен теріасты клеткалардан (шел) тұрады.

Терінің атқаратын қызметі жануарлар организмін сыртқы ортадан, механикалық химиялық және бактериялық әсерлерден қорғайды, жылу алмасуды реттейді сезіну органдары болып, сонымен қатар жануардың тіршілігіндегі өңделген заттарды денеден бөліп шығару қызметін атқарады.

Slide 3 Slide 4

Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беттік қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Slide 5

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол коллаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Коллаген талшығы - белок коллагенен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - коллаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин белогынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.

Slide 6

Былғарының гистологиялық құрылысы.

1 - эпидермис; 2 - былғары; 3 - өзең;

4 - гипоөзең; 5 - жүн қылшығы; 6 - жүнді фолликула ұшы; 7 - жүн тамыры; 8 - тер ағымы; 9 - май безі; 10 - жүн бұлшығы; 11 - жүнді фолликула; 12 - май безі; 13 - жүн түбірі; 14 - жүн емізікшесі; 15 - тері асты тамыры; 16 - тері асты май қабаты.

Жүнсіз былғары эпидермисі.

1 - мүйізікше қабат; 2 - жылтыр қабат; 3 - бидай қабат; 4 - өстік жсуша қабаты; 5 - цилиндрлік қабат; 6 - қосылыс тіні; 7 - тер безінің шығу ағымы.

Slide 7

Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.

Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.

Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.

Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.

Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.

Slide 8

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Slide 9

ІҚМ терісінің топографиясы

А - жонарқа; Б - жаға терісі; В - қол терісі; Г - құйымшақ тұсы терісі; Д - шап терісі; Е - табан терісі; Ж - бас бөлігі.

Жылқы терісінің топографиясы

А - алдыңғы терісі; Б - хаз;

В - шпигель.

Slide 10

Мехтік теріден өнделген тері тінінің негізгі қасиеттері:

Қалыңдығы. Өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігі.

Беріктігі. Бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі.

Иілгіштігі. Бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы.

Жұмсақтығы.

Slide 11

Назарларынызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Жалпақ құрттардың жіктелуі
Жануардағы тері және олардың туындылары
Малдың терісіне әсер ететін факторлар
ТЕРІ ШИКІЗАТЫ, СҰРЫПТАУ
Тері құрылысы және химиялық құрамы
Жұмыр құрттар типі
Тері топографиясы құрылысы және оның химиялық құрамы
Терінің қызметі
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz