Олимпиаданы өткізу



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану-география факультеті Биология және экология кафедрасы Биология пән бойынша олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері мен мәні
Орындаған: 01303 топ студенті Таскайров С. С
Тексерген: аға оқытушы Ихласова Ж. М
Орал, 2016

Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері
1. 1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен оған қойылатын талаптар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1. 2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі
2. 1 6, 7, 8 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
2. 2 9 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2. 3 11 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

Кіріспе Олимпиада - республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің мазмұнын қалыптастыру, оның тұрақты даму аясында жетілдірудің құралы. Ертедегі Грецияда б. д. д 776 жылы қалыптасқан олимпиадалар тек түрлі спорттық жарыстарды ғана біріктіріп қоймаған, сонымен қатар өнер байқауларын да біріктірген. Тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырылған байқаулар да олимпиада деп аталған.

Олимпиадалық қозғалыстардың қалыптасуы мен дамуына, оларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемелерін жасауда зор үлес қосқан ғалымдар: П. С. Александров, В. Г. Болтянский, А. Л. Брудно, Б. Н. Делоне, Ю. С. Ильяшенко, В. Ф. Каган, П. Л. Капица, Л. И. Каплан, М. Клайн, СМ. Козел, А. Н. Колмогоров, Н. Н. Константинов, М. А. Лаврентьев, Л. А. Люстерник, А. И. Маркушевич, И. С. Петраков, Д. Пойя, СЕ. Рукшин, АЛ. Савин, И. Ш. Слободецкий, В. И. Смирнов, СЛ. Соболев, В. Н, Сойфер, В. М. Тихомиров, А. Л. Тоом, Д. В. Фомин, Д. Шклярский, Л. Г. Шнирельман И. М. Яглом және т. б.

Биологиялық олимпиаданың « жаңа ғасыры » 1951 жылдан кейін басталды. 1995 жылдан бастап олимпиада бес этаптан тұрды. Бірінші: мектептік; екінші: аудандық, қалалық; үшінші: облыстық, өлкелік; төртінші: республикалық; бесінші: халықаралық.

Соңғы жылдары түрлі пәндік олимпиадалардың міндеттері артқан:
оқытудың міндетті нәтижесін бақылаушы;
оқушыларды тиісті білім беру аясында оқыту формасы;
оқушылардың ақыл ойын, шығармашылықтарын дамытушы форма;
ақыл-ойы жоғары дәрежеде дамыған оқушыларды анықтау;
оқушылардың кәсіби бейімділіктері мен қабілеттерін айқындау мен үйлестіруші;
ЖОО емтихансыз қабылданатын оқушыларды таңдау формасы ретінде және т. б.
жазбаша(теориялық) ауызша(практикалық)
Олимпиада 2 турдан тұрады

І тарау Олимпиада оның құрылымы және ерекшеліктері 1. 1 ЖОББ мектептерінде олимпиада өткізудің мазмұны мен маңызы Биологиядан жүргізілетін мектептік олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми - зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
Ұйымдастыру Оқу - әдістемелік бағыттар
ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.
- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.
Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдары

Ұйымдастыру бөлімі олимпиаданың өткізілуін және оған дайындықты қадағалайды.
1) . Олимпиаданың өткізілу орнын және уақытын анықтау керек.
2) . Олимпиада сұрақтарын даярлау және өткізу формаларын анықтайды.
3) . Олимпиаданы өткізу.
4) . Қорытынды жасау және марапаттаудан тұрады.

Биология олимпиада оқушыларға міндеттейді: - биологиялық ойлаудың жүйелі қалыптасуын; - биологиялық білімді оқушының терең және берік меңгеруін; - оқушының биология пәніне деген қызығушылығының көтерілін; - оқушының шығармашылық ұсынысын және интеллектуалдық қабілетінің дамуын; - табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді; - оқушының патриоттық сезімінің оянуын; - болашақта мамандықтарын саналы түрде өздері таңдауға т. б

Биологиялық олимпиада екі турдан тұрады.
Бірінші тур жазбаша түрде
Мысалы: тест тапсырмалары беріледі.
Екінші тур ауызша немесе басқада форма күйінде сарамандық, зертханалық жұмыс түрінде өткізіледі. Бұл кезде оқушылар белгілі бір сарамандық жұмыс жасайды.
Нәтижесінде оқушы білімі комплексті түрде бағаланады: бақылау, анализ жасау, зерттеу бойынша есеп дайындау, график құру т. б. Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін толық көрсете алатындай барлық жағдай жасалу керек, бұл ұйымдастыру бөлімінің міндеті болып табылады.

Биология пәні бойынша пәндік олимпиадаға дайындаудың күнтізбелік жоспарын төрт кезеңге бөліп жоспарлаймыз:
І. Оқушыларды таңдау: бақылау, сараптау, жазбаша жұмыс, оқушылардың жалпы және пәндік дарындылықтарын айқындау үшін алғашқы сауалнаманы алу.
ІІ. Теориялық дайындық:
ІІІ. Практикалық дайындық- іскерліктерін қалыптастыру.
IV. Өзіндік дайындық

Педагогикалық шарттары:
- оқушылардың дарындылықтарының деңгейін анықтау;
- оқушыларда оқу-зерттеу біліктіліктерін, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту;
- оқушылардың жеке даму бағдарламаларын құрастыру;
- оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу;
- жан-жақты ақпараттандыру:
- байқаулар ұйымдастыру.

Мотивациялық деңгейде: дарындылықты дамытуда пәнге қатысты танымдық тапсырмаларды орындаудың қажеттілігін түсіну;
Мазмұндық деңгейде: олимпиадалық тапсырмалардың жауабын жүйелі зерттеп, іздеу жолдарын білу (ақпарат көздерін білу) ;
Іс- әрекеттік деңгейде: олимпиадалық тапсырмалар мазмұны бойынша білімдерін жаңа тапсырмалар жүйесінде қолдану .
дайындау жұмысының деңгейлері

1. 2 Жалпы бiлiм беретiн мектепте биология пәні бойынша мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу ережелері
1. Жалпы ережелер
Бұл ереже Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде әзірленді.
Олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты ғылыми-әдістемелік орталық: 1) Осы ережемен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды; 2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады; 4) Мектеп директорына Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi; 5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды; 6) Олимпиада материалдарын жариялайды

Олимпиаданың мектепішіліккезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3адамнан кем емес) .
Олимпиаданың қазылар алқасы: 1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады; 2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін әкімшіліккеұсынады;
4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді
5) Ғылыми-әдістемелік орталықпенбiрлесе отырып, аймақтық олимпиадаға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі 10. Олимпиадағақоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатысады. 11. Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді. 12. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады. 13. Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек.

Қорытынды ереже 14. жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады. 15. Олимпиаданың аймақтық кезеңіне қатысушылар саны әр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады. 16. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

ІІ тарау Биологиядан олимпиада өткізу әдістемесі 2. 1 6, 7, 8 - сынып бойынша олимпиада өткізу жолдары Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың жаратылыстық ғылымдарға деген танымдық қызығушылықтарын дамыту, ғылыми - зерттеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, экологиялық білімдерді насихаттау, табиғатқа деген аяушылық қатынасқа негізделген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, сонымен қатар белсенді өмір ұстанымын қалыптастыру.
Теориялық турдың тапсырмалары (1 тур)
1 тапсырма . Әр сұраққа 1 ұпайдан
1. Өсімдіктерде қор заттар қай жерде сақталады?
а/ядро
ә/хлоропласт
б/вакуоль
в/ядрошық
2. Итмұрынның жалған жемісі- көпжаңғақты жеміс неден дамиды?
а/түйін
ә/гүлтабан
б/аналық аузынан
в/аналық мойынан
3. Қылқандылар бүрлері дегеніміз не?
а/жеміс
ә/көбею органы, түріөзгерген өркен
б/тұқымбастама
в/ұрық
4. Тонометр өлшейді
а/өкпенің тіршілік сыйымдылығын
ә/қан қысымын
б/жүректің бір минутта жиырылу саны
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz