Бұрандасы трапеция профильді ОТТМ шегендеуші құбырлар




Презентация қосу
МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ
ТЕХНИКА
ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Такырып: Ұңғыма түп жабдықтары
Орындаған: МГІ-14/2 студенттері
Сағатбаев Ернар
Шаукен Махабет
Сәрсенбаева Руфина
АНЫҚТАМА
Мұнай ұңғымаларының маңызды этап және
соңғы этап болып табылады. Ол келесі
жұмыстарды қамтиды.
Өнімді қабатты ашу шегендеу құбырларын
түсіру және цементтеу мұнай ағынын шақыру
соңғы этапты дұрыс жүргізуден ұңғыны меңгеру
уақыты және әрі қарай ұңғыны дұрыс пайдалану
болып табылады.
Шегендеуші құбырлар тізбегі болаттың беріктік тобы әр түрлі және
қабырға қалыңдығы әр түрлі шегендеуші құбырларынан
толықтырылады. Негізінде тігіссіз бүтін құбырлар қолданылады. Аз
мөлшерде бағыттаушы мен кондуктор ретінде электрмен
дәнекерленген құбырлар қолданылады. Шегендеуші құбырлардың
келесі түрлері ажыратылады:

Конустық бұрандалы үшбұрыш профильді құбырлар –
қысқа және созылған;
Бұрандасы трапеция профильді ОТТМ шегендеуші
құбырлар;
Жоғары герметикалық бұрандасы трапеция профильді
ОТТГ шегендеуші құбырлар;
Трапецедиальді бұрандалы муфтасыз ОГ-1М шегендеуші
құбырлар;
Жоғары герметикалық бұрандасы трапеция профильді
муфтасыз ТБО шегендеуші құбырлар.
Ұңғыма конструкциясы

Бағыттауыш. Бастапқы ұңғыма аймағы:
Шайылмалы жыныста орналасқан құбыр,
Тау жынысына бекітілген тереңдікке тең
ұзындығы (4 – 8 м) болады

Кондуктор. Шегендеу құбыр колоннасы
(100 – 500 м):
бекіту жоғарғы интервал мақсатында
ұңғымаларды жабу тау-кен жыныстарының
бейім құлату немесе бұрғылау ерітіндісін
сіңіру;
орнату сағасындағы шығарындыға қарсы
жабдықтары;
аспаның кейінгі колонналары үшін.
Бұрғыланған пайдалану Фонтанды
ұңғымаларында процесінде оларды немесе айдау
игеру және пайдалану жабдықталады: арматурасы

Саға жабдығы
жоғарында
орналасады
Саға колоннасын
байлау

Фонтандық арматураға сорғы-компрессорлық
құбырлар ілінеді (НКТ)

Түп бөлімі-қабат
өнімділігі
Түп перфорациясы
1- Тізбек басы
2- Цементтелген
стакан
3- Бағыттауыш
4- Кондуктор
5- ВПТС
6- Аралық
коллонна
7- Пайдалану
құбыры
8- Өнімді қабат
9-
Телескопиялық
құрылғы
10- Түп
А-А – алғашқы
кровля қабат
қалыңдығы Н
ШЕГЕНДЕУШІ ҚҰБЫРЛАР
ӨЛШЕМІ
Шегендеуші құбырлар мен оларға арналған муфталар ГОСТ 632-80
бойынша келесі өлшемдерде жасалып шығарылады (құбырдың
шартты диаметрі, мм): 114; 127; 140; 146; 168; 178; 194; 219; 245; 273;
299; 324; 340; 351; 377; 406; 426; 473; 508. 351, 377 және 426 мм
өлшемді құбырларды қолдану ұсынылмайды.
Шегендеуші құбырлар созылған және қысқа болатын бұрандамен
бірігеді. Шегендеуші құбырларда үшбұрышты және трапециялы
бұрандалар қолданылады. Трапеция бұрандалы құбыр мен муфталы
шегендеуші құбырлар, осыған орай ОТТМ шифрын иемденді.
Трапеция профильді бұранда берік және жоғары герметикалық
байланысты қамтамасыз етеді.
ОТТГ маркалы құбырларда беріктік трапеция бұрандасымен, ал
герметикалығы – құбырдың шет жағында орналасқан арнайы конусты
тығыздағыш беттер арқылы жетеді. Муфтасыз шегендеуші құбырлар
(ТБО) ОТТГ құбырларымен өзара алмасады және ұқсас болып
келеді. Олар жасалу әдісімен ғана өзгешеленеді. ОТТГ құбырлары
муфта көмегімен байланысады, ал ТБО құбырлары муфтасыз
байланысады, олардың бұрандалары сыртқы шығарулары бойынша
жасалған. АҚШ-та шегендеуші құбырлар келесі он төрт сыртқы
диаметрлер бойынша шығарылады: 5,2 мм-ден 14,15 мм-ге дейінгі
қабырға қалыңдығымен 114,3; 127,0; 139,7; 152,4; 168,3; 177,8; 193,7;
219,1; 244,5; 272,5; 298,5; 339,7; 406,7 және 508 мм.
ШЕГЕНДЕУ ҚҰБЫРЫНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Стандарт бойынша болат шегендеу құбырлары 114-тен 508 мм-ге
дейін шығарылады.Әр диаметрдегі құбырлар қабырғаларының
қалыңдығы әртүрлі өлшемде дайындалады. Мысалы, диаметрі
146 мм шегендеу құбырының қалыңдығы 6,5; 7; 8; 9; 10 және 11
өлшемде дайындалады. Құбырлар шетіне конусты бұранда
ойылады. Ұзындығы 9,5-13 құбырлар муфта арқылы
жалғанады.
Шегендеу құбырларын ұңғыма ішіне түсіру және оны
цементтеуді жеңілдету үшін тізбектің төменгі шеті төмендегідей
жабдықталады: бағыттау тығыны, башмак, башмактың келте
құбыры, кері клапан және тірек сақинасы.
Цементтен немесе шойыннан дайындалатын бағыттау тығыны
шегендеу тізбегін ұңғы ішіне түсіру барысында бағыттау
қызметін атқарады. Цемент тығыны тез бұрғыланады,
сондықтан оларды аралық тізбектерді түсіруде қолданады.
Шойын тығындар кейінгі кезде жаппай қолданылуда. Оларға
бір орталық және тар бүйірлік тесіктер тесіледі. Бұл
тығындардың беріктігі жоғары, әрі тез бұрғыланады.
Башмак ұзындығы 300-600 мм қабырғасы қалың болат келте
құбыр, жоғары шетіне шегендеу құбырларына жалғау үшін, ал
төменгі шетіне шеген тығынмен жалғау үшін бұранда ойылады.
Ұзындығы 1,5 м башмактық келте құбыр қалың қабырғалы
шегендеу құбырларынан дайындалып шеттеріне бұранда
ойылады. Келте құбырдың төменгі шеті башмакқа, ал жоғарғы
шеті ішіне кері клапан отырғызылатын ұзартылған муфтаға
жалғанады.
Башмактық келте құбырға шегендеу тізбегіне жуу сұйығы, ал
цементтеу барысында цемет ерітіндісі шығу үшін тесік тесіледі.
Кері клапан сұйықтардың жоғарыдан төмен қарайғы бағытта
айналуын қамтамасыз етеді. Шегендеу тізбегін ұңғыға түсіру
кезінде сұйық ұңғыдан тізбек ішіне өтпейді, бұл бұрандалы
қосылмалар мен тәл жүйесіне және мұнараға түсетін күшті
азайтады.
Кері клапан қойылған ұзартылған муфтаға қалыңдығы 15-20
мм, ішкі диаметрі 60-80 мм тірек сақинасы отырғызылған
стандартты муфта арқылы шегендеу құбырына жалғанады.
Тірек сақинасы цементтеу үрдісінде цементтеу тығынын тоқтату
қызметін атқарады.

Ұқсас жұмыстар
Фонтанды ұңғымалардың жабдықтары
БОЛАТ ЖӘНЕ АЛЮМИНИЙ ҚОРЫТПАЛАРЫ
ҰҢҒЫЛАРДЫ БҰРҒЫЛАУДЫҢ ШЫҒУ
Тахеометр
Ресей тахеометрлері
Көтеру бұрандасы
ЭКСТРУЗИЯ ӘДІСІ
Қазандық қондырғы
Индукциялық реленің сипаттамалары
Арқа бұлшықеттері
Пәндер