Табиғи газдың жалпы әлемдік қоры шамамен




Презентация қосу
Газды жер асты сактау

Дайындаған: Сарсенбаева Руфина ,Тойбазарова Айзада
Тексерген: Сулейменова Р.Т
Газ өңдеу зауыттарының (ГӨЗ) тұрақсыз және тұрақты газды бензині,
мұнайды тұрақтандырудың жеңіл көмірсутектерінің кең фракциясы
немесе газ конденсаттары тауарлы өнімдер болып табылмайды. Мұнай
химиясында қолдану үшін оларды құрамында бірқатар басты
компоненттері мен басқа да көмірсутектердің бөгде қоспалары бар тар
көмірсутекті фракцияларды бөле отырып оларды фракциялайды. Тар
көмірсутекті фракциялардан басқа газ фракциялаушы қондырғыларда
(ГФҚ) тұрмыстық отын ретінде қолданылатын пропан мен бутанның
техникалық қоспаларын алады.
ГФҚ мұнай- және газ өңдеу зауыттарының, мұнай химиясы
кәсіпорындарында және өздігінше синтетикалық каучук өнеркәсібінде
мономерлерді алуға арналған шикі зат блоктары ретінде жұмыс
істейді.
ГФҚ негізгі аппараттары сұйық қоспаларды іс жүзінде таза
компонеттерге немесе тар фракцияларға бөлуге арналған
ректификациялық колонналар болып табылады.
Газ өңдеу зауыттарындағы газ фракциялаушы қондырғылар қызметіне
қарай былай бөлінеді:
тұрақты газды бензин мен ЖККФ алуға арналған қондырғылар; мұндай
қондырғы-ларда бір ректификациялау қондырғысын пайдаланады;
колоннаның жоғарғы бөлігінің өнімі – бұл отын торабына бағытталатын
жеңіл көмірсутектердің қоспасы; колоннаның төменгі бөлігінен
мақсатты өнім – бутанның мөлшері шектеулі тұрақты бензин шығады;

тұрақты газды бензин мен сұйылтылған газдарды алуға арналған
қондырғылар; мұндай схемада ректификациялау қондырғысы тағы бір
колоннамен толықтырылады; өнімдер бірінші колоннаның жоғарғы
бөлігінен екінші колоннаға түседі, ол жерде сұйылтылған және отындық
газдар алынады;

тұрақты газды бензин мен жеке көмірсутектерді алуға арналған
қондырғылар; бұл қондырғыларда алынатын өнімдер санына қарай
бірнеше ректификациялау колонналары орнатылады, ол жерде этан,
пропан және басқа да көмірсутектер алынады;

жеңіл көмірсутектерді бөлуге арналған қондырғылар; мұндай
қондырғылардың шикі заты қызметін құрамында пентандар мен жоғары
көмірсутектер жоқ қоспалар атқарады; мұндай қондырғыларда жеке
көмірсутектер мен олардың қоспаларын алады.
Абсорбциялық-газфракциялау қондырғыларын (АГФҚ) ГӨЗ, МӨЗ және мұнай-
химиялық кәсіпорындарда қолданылады.
Бұл қондырғыда мұнай өңдеу зауытынан келетін газ және тұрақсыз бензин
өңделеді. Қондырғы келесі түйіндерден тұрады: фракциялау, сығу, бастапқы
(майлы) газды және ЖККФ моноэтаноламин ерітіндісімен тазалау, сондай-
ақ ЖККФ 10 -дық сілті ерітіндісімен толық тазалау және
диэтиленгликолдің сулы ерітіндісімен кептіру. Сосын моноэтаноламин мен
диэтиленгликоль ерітінділері қалпына келтіріледі.
Моноэтаноламинмен тазартылған І майлы газ 1 компрессормен сығылады
және 5 фракциялаушы абсорберге беріледі. Абсорбцияны 45 С температурада
және 1,35 МПа қысымда жүргізеді. Абсорбент ретінде IV тұрақты бензинді
қолданады, оны абсорбердің жоғарғы бөлігіне бірінші 8 пропанды және 12
бутанды колонналардың төменгі жағынан беріледі. Абсорбциялау режимін
тоңазытқыштағы 22 С температурадағы айналымдағы сумен тұрақты
бензинді суыту есебінен және суарудың үш контуры көмегімен ұстап тұрады.

5 фракциялаушы қондырғының жоғарғы бөлігінен VI құрғақ газ кетеді.
5 абсорбердің кубтық қалдығы жылу алмастырғышта қыздырылады және
бірінші 8 пропанды колоннаға түседі. 5 абсорбер кубындағы және бірінші 8
пропанды колоннадағы температураны 7 түтікті пештегі өнімнің бір бөлігін
қыздыру есебінен ұстап тұрады.
8 колоннаның жоғарғы өнімі жылу алмастырғыш арқылы екінші 10 пропанды колоннаға түседі,
оның жоғарғы жағынан тауарлық V пропан-пропиленді фракция алынады. 8 колоннаның төменгі
бөлігінен IV тұрақты бензин алынады. 10 колоннаның кубтық өнімі 12 бутанды колоннаға түседі,
онда III бутан-бутиленді фракция мен IV тұрақты бензинге бөлінеді.

Суреттелген қондырғыда жобамен теориялық есептің 80 пропан-пропиленді фракция және
95 бутан-бутиленді фракция алынады. Табиғи газдың жалпы әлемдік қоры шамамен 90
трлн.нм3 (65-70 млрд т) құрайды, яғни мұнайдың алынатын қорларымен (90-95 млрд.т) шамалас.
Жыл сайынғы табиғи газдың тұтынылуы - шамамен 1800 млрд м 3, соның ішінде Ресейде - 850
млрд м3 шамасында.

Табиғи газдың ресейдегі ірі кен орындары қазіргі уақытта Батыс Сібірдің солтүстік аудандарында
(Уренгой, Медвежье), Ямал жарты аралы, сондай-ақ Орынбор облысы мен Каспий маңы
айдандарында (Астрахань)

Жалпы айтқанда, газ және газ-конденсаттары кен орындарының табиғи газдарының құрамын
метанның мөлшерінің жоғары (85-99% айн.), соған сәйкес жану жылуының жоғары болуы
сипаттайды. Ауыр көмірсутектер (С5 + жоғары) мөлшері онша жоғары емес (0.02-0,20% айн.),
тек кейбір жағдайда ғана 1,5-4,0% айн. жетеді. Басым газдар құрамында бөгде қоспалар ретінде
(1-5% айн.) көмірсутекті емес газдар және күкіртсутек болады. Осы бөгде қоспалардан басқа,
табиғи газдар құрамында азғана мөлшерде күкірт-көміртекті (көміртектің күкіртті тотығы
COS және күкіртсутек CS2), сондай-ақ күкірт-органикалық қосылыстар (меркаптандар RSH,
мұндағы R – көмірсутекті радикал) болады.
Табиғи газдар құрамында көбінесе азғана мөлшерде күкіртсутек болады. Дегенмен,
Орынбор, Қарашығанақ және Астрахань газконденсатты кен орындарының газдарында
оның мөлшері жоғарылау (1,7-ден 14% айн. дейін). Бұл осы газдарды өндіру мен оларды
өңдеуді қиындата түседі, бірақ та олар құнды және тапшы өнім – күкіртті алу көзі
болып табылады, оның Астрахань газынан алу өндірісі әлемдегінің шамамен 5%
құрайды.
Газконденсатты кен орындарында газбен бірге жер бетіне құрамында С5Н12-ден С20Н42
дейінгі көмірсутектері бар газды конденсат шығарылады. Газды конденсаттар
көптеген жағдайларда 40-350 С температура аралығында қайнайды. Кейбір
жағдайларда газ конденсаттары ауырлау – қайнаудың басталу температурасы 103-
210 С, ал басқаларында – жеңілдеу, қайнаудың аяқталу температурасы 200-230 С-қа
тең.
Газды конденсаттар көмірсутекті шикі заттың елеулі қоры болып табылады. Ресейде
ХХІ ғасырдың басындағы жиынтық өндіру жылына 25-28 млн.т, яғни орта есеппен
шамамен 1 нм3 өндірілетін газға 40 г құрайды.
Табиғиға қарағанда мұнайлы (ілеспе) газдар құрамы күрделілеу: олардың көпшілігінің
құрамында гексаннан жоғары көмірсутектер кездеседі. Осы газдардағы метан мен этан
үлесі 49% айн.нан (Ярин кен орны) 87% айн.-ға (Самотлор кен орны) дейін тербеледі,
дегенмен осы екі көмірсутектің жиынтығы 60-75% айн., ал пентаннан жоғары
көмірсутектердің жиынтығы 1,5-нан 3,5% айн. дейінді құрайды. Пропан және одан
жоғары көмірсутектер газдар үшін конденсацияланған болып саналады және газдарды
өңдегенде шығарылып тасталынады. Мұнайлы газдарда көмірсутектердің осы
тобының мөлшері 300-ден 1200 г/нм3 дейінді құрайды, ал табиғи газдарда – негізінен 20-
ден 100 г/нм3 дейін кездеседі.

Ұқсас жұмыстар
Республикасының мұнай - газ кешенінің инновациялық дамуы
Германияның көмір өндірісі электр энергиясы, мұнай және газ өнеркәсібі
Ресей және ОПЕК
Мұнай ЖЭС құбырлары және газ құбырлары
Газ өнеркәсібі жайлы
Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі
Табиғи газ құрамы
Мұнай мен газ
Темір өнеркәсібі
Қазақстанның қазба байлықтары!!!
Пәндер