Эталондар мен тексеру сұлбалары


Slide 1

«Эталондар мен тексеру сұлбалары» ҚР Заңы

Орындаған :

Slide 2

.

Эталон - тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған оның өлшемін беру және бірлікті ұдайы өсіру және сақтау үшін тағайындалған, өлшеулер құралы (немесе ӨЖ кешені) . Эталондардың жіктелуі, тағайындалуы және оларды құруға, сақтауға және қолдануға қойылатын жалпы талаптарды қарайды

Slide 3

Эталон өзара байланысқан үш қасиетті иелену керек!!!

Slide 4

ҚР 23. 11. 2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 17. 11. 2015 № 408-V (01. 03. 2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ;

24. 11. 2015 № 419-V (01. 01. 2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Мемлекеттік заңдарымен

ҚР «Мемлекеттік эталондар мен тексеру сұлбалары» қабылданды.

8-тарау, 95-бапта көрсетілген.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Ұлттың эталонды ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің бастапқы құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандарты бекітеді. Халықаралық эталонды өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы (ӨСХБ) жасайды және қолдап отырады. ӨСХБ қызметінің маңызды міндеті әр түрлі елдердің ірі метрологиялық лабораторияларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен салыстыру, сондай-ақ оларды өзара салыстыру болып табылады. СИ жүйесінің негізгі шамалары да, туынды шамалары да салыстырылады. Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және килограмм эталондары әрбір 25 жыл сайын, ал электрлік және жарықтық эталондар - 3 жылда бір рет салыстырылады.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз - эталондардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат.

Slide 11

Мемлекеттік алғашқы реттік және арнайы эталондардың қателіктері жоққа шығарылмаған жүйелі қателікпен, кездейсоқ қателікпен және тұрақсыздықпен сипатталады. Жоққа шығарылмаған жүйелі қателік оның шекараларымен сипатталады. Кездейсоқ қателік тәуелсіз өлшеулер санын көрсетіп, бірлікті ұдайы өсіру кезінде өлшеулер нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуымен (ОКА) анықталады. Тұрақсыздық белгілі уақыт аралығында эталонмен ұдайы өсірілетін немесе сақталатын, бірлік өлшемінің өзгерісімен беріледі. Эталондар қателіктерін өрнектеу тәсілдерін МСТ 8. 381-80 «МӨЖ. Эталондар. Қателіктерді өрнектеу тәсілдері» анықтайды.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі. Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастырайық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады, олар МЕМСТ 8. 061-80 көрсетілген. Типтік салыстырып тексеру сұлбасы берілген. Сұлбаның сызбасында мыналар көрсетіледі: өлшем құралдарының атаулары, физикалық шама мәнінің диапазоны, қателіктердің белгісі мен мөлшері, салыстырып тексеру әдістерінің атауы. Сұлбаның мәтіндік бөлігі кіріспе бөлімінен және салыстырып тексеру элементтерінің түсініктемелерінен тұрады. Ол көлденең пунктирлік сызықтармен бөлінген бірнеше алаңдардан тұрады. Сұлбаның жоғарғы сатысында эталондар немесе осы сұлба үшін ең жоғарғы дөлдіктегі үлгілі елшем құралдары орналасады. Алғашқы эталонның төменгі алаңдарында 1-ші және 2-ші және т. б. разрядтардағы үлгілі өлшем құралдары орналасады. Төменгі разрядтағы үлгілі өлшем құралдарынан кейін жұмысшы эталондар көрсетіледі. Алаңдардың арасындағы байланыс вертикальді тұтас сызықпен салынады.

Slide 15

Метрологиялық қызметтердің эталондарына 'МҚЭ" индексінен тұратын белгі және ҚР СТ 2. 7 сәйкес тіркеу номірі беріледі

Мемлекеттік эталондар белгісінде "МЭ" индексі және ҚР СТ 2. 7 сәйкес тіркеу нөмір қолданылады

01Бұл кездерде мемлекеттік алғашқы эталонның белгіленуіне "МАЭ", ал мемлекеттік екінші эталондарға "МЕЭ" индекстері қолданылады

Slide 16 Slide 17

Қорытынды

Эталондар мен жұмысшы өлшем құралдарын әдетте тік төртбұрыштарға енгізеді (мемлекеттік эталон үшін екі контурлы тіктөртбұрыш) . Осында сұлбаның осы сатысы үшін метрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Басқа өлшем құралдары бір сызықпен қоршалған тіктөртбұрыштарға енгізіледі. Бірлік мөлшерін беру өдістерін сипаттау бір сызыңпен қоршалған дөңгелекшелерге орналастырылады.

Шама бірлігі мөлшерінің берілу дұрыстығының негізгі көрсеткіші болып салыстырып тексеру сұлбасының жоғарырақ тұрған және одан төмен тұрған сатыларының арасындағы өлшем құралдары қателіктерінің арақатынасы табылады. Идеалды түрде бұл арақатынас 1:10 болуы керек, бірақ тәжірибеде оған жету қиын және ең төменгі жіберілетін арақатынас 1:3. Бұл арақатынас мәні көп болған сайын, өлшем құралы көрсеткішінің сенімділігі соғұрлым төмен болады.

Нақты салыстырып тексеру сұлбаларын жасау кезінде келтірілген сұлбаны ұстану қажет. Салыстырып тексеру сұлбаларын қатаң үстану және разрядты эталондарды дер кезінде тексеру - жұмысшы өлшем құралдарының өлшем бірліктерінің дәл, сенімді мөлшерлерін берудің қажетті шарттары.


Ұқсас жұмыстар
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері
Метрология объектілері
БАҒЫТТАУШЫ ТАРАТҚЫШТАР
Сенсорлық тәрбие
Реактивтік элементтердің параметрлерін өлшеу
Перцептивті модельдеу әрекеті
Газ және газ конденсатын өндіру әдістері
Алғашқы қадам бағдарламасы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң
Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz