Тәуекелдерді басқару


Slide 1

Халық банк

Slide 2

Кастодиандық қызмет

Кастодиан - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу және олар бойынша құқықты растау, құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау міндеттемесін қабылдай отырып, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа қызметті іске асыратын кәсіби қатысушы.

Халық Банкі қазіргі уақытта қызмет атқарып жатқан банк-кастодиандардың ішінде алғашқылардың бірі болып кастодиандық қызметпен айналысуға лицензия алды және 1997 жылдан бастап өз клиенттеріне кастодиандық қызмет көрсетіп келеді.

Кастодианның клиенттері:

- зейнетақы қорлары;

- инвестициялық қорлар;

- басқа клиенттер (заңды және жеке тұлғалардың портфельдерін басқаратын брокерлер) .

Slide 3

Заңнамалық актілермен белгіленген кастодиандық қызметті іске асыру мақсатында кастодиан:

1) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздарды номиналды ұстауды іске асырады;

2) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген ақшаны, бағалы қағаздарды және басқа активтерді есепке алуды және сақтауды іске асырады;

3) кастодиандық қызмет көрсетуге жасалатын мәмілелер бойынша төлем агантінің функциясын орындайды;

4) кастодиандық қызмет көрсетуге берілген бағалы қағаздардан және басқа активтерден табыс алады және оларды клиенттердің шоттарының есебіне алады;

Slide 4

5) меншік активтеріне қатысты клиенттердің активтерін жекелей сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;

6) клиенттердің шоттарын жүргізу және олардың бағалы қағаздары мен басқа активтерін есепке алудың Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген технологиясын сақтайды;

7) өз клиенттерінің активтерімен жасалатын мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін бақылауды, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржылық компанияның активтерін осы Ереженің 11-тармағында белгіленген тәртіппен орналастыруды (пайдалануды) іске асырады;

Slide 5

8) клиенттерге шоттарының жай-күйі туралы тұрақты негізде және бірінші рет талап етуі бойынша есептеме береді;

9) кастодианның ішкі есепке алу жүйесінде клиенттердің шоттарында орналасқан активтері туралы ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді және бағалы қағаздар эмитенттерінің және ақпаратты орталық депозитарийдің тапсыруымен клиенттерге береді;

10) уәкілетті орган сұрататын ақпаратты береді;

11) шартпен қарастырылған кастодиандық қыземетті көрсетеді.

Slide 6

Инвесторлармен жұмыс

Банк акционерлермен, инвесторлармен және тәуелсіз талдаушылармен (IR) қарым-қатынасты дамытуға баса назар аударады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның халықаралық рынокта институттық активтермен және жеке инвесторлардың активтерімен тиімді жұмыс істеуі үшін, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуі үшін қызмет көрсету шарты бекітілген және кастодиандық шоттар шетелдік ғаламдық кастодианда ашылған.

Slide 7

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның кастодиандық қызмет рыногындағы стратегиясының негізгі айқындаушы аспектісі бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың активтерін сақтау мәселелерімен байланысты ықтимал болатын тәуекелдерін барынша қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша уақытында есептеулер жүргізу және оларға меншік құқығын растау болып табылады.

2012 жылы Банк АҚШ-та және Ұлыбританияда роуд-шоу өткізді. Осы іс-шаралардың барысында АҚШ және Еуропаның инвесторларымен топтық және жеке кездесулер өткізілді. Кездесулерге Банк басшылығынан Басқарма

Төрағасы Үміт Шаяхметова, Басқарма Төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев және Тәуекел-Менеджмент басшысы Мұрат Көшенов белсене атсалысты.

Slide 8

Халық Банкінің трансфер-агенттік қызметін пайдалану несімен қолайлы?

Трансфер-агенттік қызметтің мәнісі инвестордан брокерге келетін құжаттарды on-line режимінде электрондық байланыс арналары арқылы қабылдау, тіркеу, есепке алу, беру және одан әрі брокерге инвестор құжаттарының түпнұсқаларын жеткізу болып табылады.

Банктің еліміз бойынша кеңінен таралған ауқымды филиалдар желісінің арқасында брокердің клиенті болу үшін және акция сатып алуға тапсырыс беру үшін Сіз брокердің кеңсесіне барып жатпай-ақ, Қазақстанның 22 қаласындағы Халық банкі бөлімшелеріне барып жолықсаңыз жеткілікті.

Брокерге берілетін бұйрықтарды/тапсырыстарды ресімдеу арнаулы бағдарламалық жасақтамада жүргізіледі, бұл қызмет көрсету уақытын айтарлықтай қысқартады және қабылданған бұйрықтарды/тапсырыстарды on-line режимінде жіберуге мүмкіндік береді.

Slide 9

Қызметті пайдалану үшін қажетті құжаттар?

Трансфер-агенттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға трансфер-агенттік қызмет көрсету шартына қосылу туралы өтініш негізінде жүргізіледі. Қызметті пайдалану үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі) ;

2. СТН (түпнұсқасы және көшірмесі) ;

3. Өкіліңізге әрекет ету үшін берілетін нотариус растаған сенімхат (егер өкіліңіз болса) . Толтыру үшін қажетті құжаттар нысанының үлгісін Банк бөлімшесінен алуға болады.

Slide 10

Сатып алынған өз акциялары

Топ өз акцияларын сатып алған жағдайда мәміле бойынша тікелей шығындарды қоса алғандағы сатып алу құны, қолданылатын тиісті салық төлемі шегерілгеннен кейін, капитал құрамының өзгерісі ретінде танылады.

Топтың сатып алған өз акциялары айналымнан алынады. Құны өтеліп сатып алынған акциялар сатып алынған өз акциялары ретінде сыныпталады және құны бойынша көрсетіледі. Мұндай акциялар шығарылған акциялардың орташа есептелген санынан шегеріледі және олардың құны капиталдың азаюы ретінде көрсетіледі.

Акциялардың номинал құны - қарапайым акциялардың азайтылуы ретінде, ал құн қалдығы қарапайым акциялар бойынша эмиссиялық табыстың азайтылуы ретінде көрсетіледі. Сатып алынған өз акциялары бойынша алынған дивидендтер біріктіру кезінде элиминацияланады.

Slide 11

Туынды бағалы қағаздары

Топ өзінің қалыпты қызметінде фьючерстерді, форвардтарды, своптар мен опциондарды қоса алғанда, әр түрлі туынды қаржылық құралдарды пайдаланады. Туынды қаржылық құралдар бастапқыда туынды құрал бойынша келісім-шарт бекітілетін күнгі жағдайға сәйкес әділ құнмен көрсетіледі, кейіннен, есеп берілетін күнгі жағдайға сәйкес әділ құнмен қайта бағаланады. Әділ құн тиісті базалық құралдардың ағымдағы нарықтық және шарттық құнына сәйкес, сондай-ақ басқа да факторлар негізінде анықталады.

Slide 12

Форвардтар

Форвардтық шарттар белгіленген қаржылық құралды анықталатын бағамен және белгіленген уақытта сатып алу немесе сату жөніндегі келісімдер түрінде жасалады және биржалық емес нарықта бекітілетін стандарттық емес шарттар болып табылады. Форвардтық шарттар бойынша Топ контрагенттер тарапынан кредиттік тәуекелге ұшырау қаупі бар. Форвардттық шарттар брутто негізінде орындалады және сондықтан бұлардың өтімділік тәуекелі неғұрлым жоғары болып табылады.

Своптар

Пайыздық своптар Топтың өзге қаржылық мекемелермен бекітетін шарттарына жатады, бұл шарттар бойынша Топ тіркелімді сыйақы мөлшерлемесін төлеу немесе алу орнына, тиісінше, құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін төлейді немесе алады. Төлемдер ағыны, әдетте, бір- біріне қарама-қарсылықпен, тараптардың біреуі екінші тарапқа төлеуге тиіс болатын айырманы ескере отырып, есепке алынады. Көпшілік жағдайда Топтың валюталық своптары брутто негізінде орындалады.

Slide 13

Еншілес ұйымдар

Slide 14

Инвестициялық бизнес

«Halyk Finance» АҚ сатулар және сауда-саттық («Қазақстан Қор Биржасы» АҚ-ның сауда алаңындағы акциялар котировкасын қолдай отырып), инвестициялық портфельді басқару, консалтинг және андеррайтинг, жұтулар мен жұтылулар бойынша кеңес беру, берешекті қайта құрылымдау және талдамалық шолуларды қоса алғанда инвестициялық - банктік қызметтер мен активтерді басқару бойынша қызметтердің толық ауқымын ұсынады.

2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша «Halyk Finance» АҚ активтері 53 517 млн. теңгені құрады. «Halyk Finance» АҚ 2015 жылы 5 248 млн. теңге мөлшерінде таза пайда тапты.

Slide 15

Инкассаторлық қызметтер нарығы


Ұқсас жұмыстар
КОРПОРАТИВТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ
НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ КЕМІТУ ӘДІСТЕРІ
Кәсіпкерлік тәуекелді талдау және басқару
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР
Қазақстанның Даму Банкі
Тәуекелді бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіптер
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер жайында
ҚР-ның коммерциялық банктерінде банк тәуекелдерін басқару
Квазимемлекеттік борыш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz