Қара топырақты зона




Презентация қосу
Топырақ
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің
геологиялық тарихында алдымен пайда болған
топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері
бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл
бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде
әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ
жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас
ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-
жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың
табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ жамылғысын
құрайтын факторлар

Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше
заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік
және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының
үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында
пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы
факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің
нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
нд ік
оге
Аби ктор
фа

Табиғатта топырақ жамылғысының түзілуі - өте ұзаққа созылатын
құбылыс. Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп, мүжіліп, шыңдар
аласарады. Құм мен саздар суға шайылып, желдің күшімен ауаға
ұшады, шаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы жалғасады.
Жаңбыр, жел қатты болса, жер беті өзгеріп тұрады. Топырақтың ең
негізгі қасиеті табиғи құнарлылығы, яғни құрамында өсімдіктің тез әрі
жақсы өсуіне жағдай жасайтын қоректік заттардың мол болуы. Сөйтіп,
аналық тау жыныстарынан кейін топырақ түзуші жетекші фактор
ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар тасты бұзатын қышқылдар
шығарады. Қышқылдар тау жыныстарын ерітуінен, одан шірінді (
гуммус) пайда болған. Шірінді үгілген майда жыныстармен араласып
кіріккен. Осылайша топырақ қалыптаса бастаған.
Топырақ жамылғысының
түрлері

Қазақстанның топырақ жамылғысы
күрделі және әр түрлі. Топырақ
жамылғысының зоналар бойынша
таралғаны айқын байқалады.
Қазақстанның жазық бөлігі аумағының
86%-ын алып жатыр. Негізінен үш
топырақ зоналарына бөлінеді: қара
топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде);
қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е.
аралығында); қоңыр, сұр қоңыр
топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона

Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде
тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын
түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола,
Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының
солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының
25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара
топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді:
сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат
зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр;
кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың
қара топырағы - дала зонасына тән.
Жазық
алқап
топырағы

Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында
солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ
белдемдерi кездеседi:
•Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала
белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр
ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты,
сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен
шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл
аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай
егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен
жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га;
Биік таулы аймақтың топырағы
• Биік таулы аймақтың топырағы республиканың оңтүстік-шығысын
алып жатыр. Аумағы 37 млн. га, республика жерінің 14%-ын құрайды.
• Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік
белдеу бар:
• Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м
(кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау
етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр,
Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-
қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі
егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.
• Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м
биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың
күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс
Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр
топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы –
шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
•Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды
белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді
қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен
орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс
Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген.
Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.

•Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды
белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы
аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр.
Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері
топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне
тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады.
Топырақтың адамға пайдасы
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
Топырақ
Түркістан қаласы топырағының ластану дәрежесіне момнторинг жүргізу
Қара топырақ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАСТЫРУ
Түзуші экологиялық факторлар және олардың зоналыққа әсері
Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ
Пәндер