Домна шойыны



Үй тапсырмасын сұрау
1. Металдардың жемірілуі дегеніміз не?
2. “Коррозия” сөзінің мағынасы қандай?
3. Металдар және олардың құймаларының барлығы жемірілуге ұшырай ма?
4. Металдардың жемірілуі қандай себептерден туындайды?
5. Коррозияның қандай түрлері бар?
6. Металдарды немесе құймаларын коррозидан қалай қорғайды?
7. Дәптер тексеру

2-орын
Ерсүйіндік Әалий

1-орын
Камзина Ажар

Шойын және болат өндіру. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.

Шойын - жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы.
Шойын қара металлургияның бастапқы өнімі, ол темір оксидтерін көміртек (ІІ) оксидімен CO немесе кокспен тотықсыздандырғанда түзіледі:
Fe2O3 + 3CO = 2Fe + 3CO2
Fe2O3 + 3C = 2Fe + 3CO

Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын үшке бөлінеді.
қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған шойын
құйма шойын
арнаулы шойын
Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Шойынның түрлері
Ақ шойын
(Белый чугун)
Домна шойыны (Чугун доменный)
Соғылмалы шойын (Ковкий чугун)
Сұйық шойын (Жидкий чугун)
Шындалған шойын (Чугун ковкий)
Сұр шойын (Чугун серый)
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын (Чугун с шаровидным графитом)

Ақ шойын
Ақ шойын - карбид түрінде көміртек құрамына кіретін, ал омырық бетінің түсі күңгірт-ақшыл болатын шойын;
Ақ шойын құрамында көміртек темірмен химиялық қосылыс (цементит) түрінде болатын шойын. Ақ шойынның кристалдану процесі Fe-C диаграммасы бойынша жүреді. Қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік, морттық қасиеттері жоғары. Морт сынатындықтан, сол қалпында пайдалануға тиімсіз, тек құрамындағы цементит қосылыстары ажыратылғаннан кейін ғана машиналардың түрлі бөлшектерін жасауға жарамды, илемді, созылмалы шойынға айналады. Ақ шойын өндеуге келмейтіндіктен, одан қорытпалар ғана алынады. Ақ шойынды соқаның тістерін, илем біліктерін, диірменнің шарларын құюға және соғылмалы шойын алу үшін пайдаланады.

Домна шойыны - домна пешінде балқытылып алынған шойын.
Tемір және марганецті кендерден домна пештерінде балқытып алынатын сұйық шойын. Домна шойынының 80-85%-інен болат өндіріледі.
Домна шойыны

Соғылмалы шойын
Соғылмалы шойын - құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.

Сұйық шойын
Сұйық шойын - домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған шойын. Сұық шойын қатайған сон тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі. белдігін, күпшектер, картерлер, фитингтер жасағанда соғылмалы шойын орнына қолданылады. Осының нәтижесінде құйма дайындамалардың массасы соғылмалы шойыннан құйылған дайындамалар массасынан шамамен екі еседей кем болады. Құрылымында сфера түрлес графиттік кірме бар болатын, беріктігі жоғарғы шойын.

Шындалған шойын - механикалық қасиеттері жағынан сүр шойын мен болат аралығына сәйкес келетін шойын. Шындалған шойынды кейде соғылмалы шойын деп те атайды. Шойынның технологиялық қасиеттері бойынша және оның тіпті соғылмайтындыгын ескере отырып, шындалған шойын атауының дүрыс екенін ескерген жөн. Тұтқырлығы жоғары, құйма ретінде ақ шойындар қатарына жатады, ақ шойын құймаларын жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырып, жасыту арқылы алады.
Шындалған шойын

Сұр шойын
Сұр шойын - тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойын. Құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2, 4- 3, 8% көміртек пен 1, 2-3, 5% кремний болады.

Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын - беріктік көрсеткіштері жоғары шойын. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т. б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шартәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады. Иінді біліктер, бұлғақтар, тісті доңғалақтар, жалғастырғыштар және басқа да жауаптылығы жоғары тетіктер жасауда, болаттың орнына, сондай-ақ автомобильдердің артқы

Шойынды ағарту - аса қатты, тозбайтын ақ шойын алу процесі. Шойынды ағарту құйманың салкындатылуын тездету арқылы жүзеге асырылады. Шойынды ағарту процесінде құйма қалыбына металдан жасалған қыстырма-тоңазытқыштар қояды.
Шойынпеш (Вагранка) - құю цехтарындағы шойын қорытуға арналған шахта типтес тік пеш. Шикіқұрам материалдары домналық шойын, темір, терсек, қождамалар, кокс мойындық алаңшалы шахтаға қабат-қабатымен (салымдармен) тиеледі. Балқытылған шойын ошаққа жиналып, жинағышқа ағады. Шойынпештің өндірімділігі сағатына 4 т-дан 60 т-ға дейін жетеді. Кейде ауаны қыздыру үшін Шойынпеште рекуператорлар жабдықталады. Шойынпештер өнеркәсіптік жиілікті индукциялық пештермен алмастырылуда.

Болат (араб. jїҒ- фолад) - темірдің көміртекпен (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. Ол деформалануға төзімді (созылмалық қасиеті бар) . Болат - қара металлургия өндірісінің негізгі өнімі және қазіргі машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал. Болат өндірісінің көлемі мемлекеттің техника-экономика деңгейін сипаттайды.

Химиялық құрамына қарай көміртекті және легирленген болат болып бөлінеді.
Көміртекті болаттың құрамында темір мен көміртектен басқа марганец (1%-ке дейін) және кремний (0, 4%-ке дейін), сондай-ақ, зиянды қоспалар - күкірт, фосфор, т. б. элементтер болады.
Болаттың сапасын жақсарту үшін қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий, вольфрам, марганец, кремний, т. б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады.

Металлургия (грек. metallurgeo - металл өңдеймін) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz