3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу: Ыбырай Алтынсариннің Өнер-білім бар жұрттар өлеңі

Өнер-білім бар жұрттар (Ы. Алтынсарин)
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 “__”
Мұғалімі:
*
Сабақ мақсаты
Нені қайталап, нені білеміз?
• Ы. Алтынсарин туралы еске түсіреді, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мазмұндық ерекшеліктерін сипаттайды.
Білгенімізді қайтіп ұғынамыз?
• Ақын өлеңінде берілген өнер мен білімнің маңыздылығын өз сөздерімен түсіндіреді.
Ұғынғанымызды қайтіп қолданамыз?
• Ы. Алтынсариннің өлеңіндегі негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді қазіргі ғылым мен білімнің жеткен жетістіктерімен байланысын анықтайды.
Нені талдаймыз?
•Ы. Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңіңдегі ғылым жетістіктерін сызбанұсқа түрінде бейнелейді, талдайды.
Нені жинақтаймыз?
• «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбы мен идеясынан өнер мен білімнің қажеттіліктерін түйіндейді. Ақынның бата-тілегін өз ойлары арқылы жалғастырып жазады.
Сабаққа пікірге (эссеге) не жазамыз?
Ы. Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінен алған әсерлерін түйіндейді, өнер мен білімнің маңызы жайлы ой қорытады.
1. Ы. Алтынсарин - ағартушы-ұстаз
2. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мағынасын ашу
3. Ы. Алтынсариннің жастарға айтқан өсиеті
*
Тақырып жоспары
1-тақырыпша
Ы. Алтынсарин - ағартушы-ұстаз
Ыбырай (Ибраһим) (1841-1889 жж. ) Алтынсарин - қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ
балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол
мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық- ұстаздық қызметі осылай басталады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
*
Ы. Алтынсарин - ағартушы-ұстаз (жалғасы)
Қазақ хрестоматиясына енген
тақырыптар
- балалар өмірінен алынған әңгімелер;
- әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер;
- қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді;
- қазақтың мақал -мәтелдері.
*
Ы. Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін мәнерлеп оқу
*
2-тақырыпша
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мағынасын ашу
Тастан
салғызды,
Айшылық алыс жерлерден Көзіңді ашып - жұмғанша
Жылдам
алғызды.
*
Аты жоқ
Мың шақырым жерлерге Күн жарымда барғызды.
Адамды
ұшырды,
Мал істейтін жұмысты От пен суға түсірді.
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мағынасын ашу (жалғасы)
*
Отынсыз
пісірді,
Сусыздан сусын ішкізді.
Теңізде
балықтай,
Дүниені кезді жалықпай . . .
«Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің мағынасын ашу (жалғасы)
*
3-тақырыпша
Ы. Алтынсариннің жастарға айтқан өсиеті.
Бізде бекер жатпалық
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жасөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау, алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай . . .
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!. .
Осы батадан не түсіндіңдер?
*
3-тақырыпша. Өлеңнің сөз қоры
*
№, р/с
Сөз
Сөздің мағынасы
1
Айшылық алыс жерлер
Өте алыс жер
2
Көзді ашып жұмғанша
Тез, жылдам
3
Дүниені кезді
Жер жүзі, әлем
4
Бата
Өсиет, игі тілек, ақыл