Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы: техногенді ластану, су ресурстары және радиациялық қауіптер


Slide 1

Қазақстандағы экологиялық ахуал

және одан шығу жолдары

Slide 2

Кіріспе

Экология дегеніміз не?

2. Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы

3. Қорытынды

Жоспар:

Slide 3

Экология (грекше «экос» - мекен, «логос»-ғылым ) дегеніміз-организмдердің өздері тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым. Жерді, суды сүю, қоршаған ортаны аялай білуді жас ұрпақ бойына ерте жастан бастап қалыптастыру қажет. Келешекте экологиялық күйреу мен апатты болдырмау үшін жас ұрпақты экологиялық сауаттылыққа баулуымыз қажет.

Slide 4

Шыны керек біз экологиялық ортаны қорғауда Европа елдерімен салыстырғанда көп артта қалдық. Өйткені ол елдердің балалары баяғыдан табиғат қорғаудың негізін оқып үйреніп келеді. Оларда экологияны қорғау біріші орында тұрады.

Slide 5

Экология қазіргі таңда бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған мәселе. Біздің республикамызда да қоршаған ортаны қорғау жайы өте қиын екені белгілі. Сондықтан соңғы жылдары экология, табиғат қорғау мәселелеріне барлық жерде көңіл бөліне бастады.

Slide 6

Қарағанды облысы - Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз.

Slide 7

Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361, 5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138, 4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299, 4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96, 2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.

Slide 8

Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп. Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3, 4 млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл сайын 2-2, 3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы, Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған кəсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ, «Карбид» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «Балқаш» АҚ, «Облсуканал» су-канал шаруашылығы басқармасы, «» АҚ, энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.

Slide 9

Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі - жерді қорғайтын орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі - кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі - қазылып, кен өндіріліп алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені, Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь, Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал) .

Slide 10

Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық полигоны, Семей ядролық полигоны жəне «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар. Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.

Slide 11

Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне, экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш, Теміртау, Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды облысының радиоактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері, қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның су ресурстары, сумен қамтамасыз ету және ластану мәселелері
Балқаш көлі: морфометриясы, гидрологиясы, экологиясы және антропогендік әсерлері
Қазақстанның экологиялық аймақтары және радиациялық ластану мәселелері
Қазақстанның тұрақты дамуына қатысты өзекті экологиялық мәселелер: су ресурстары, Каспий, Арал, Балқаш және экологиялық мониторинг
Қазақстан экологиясының басты проблемалары: Семей полигоны, Каспий, Арал, Балқаш және өндірістік ластану
Радиациялық апаттар, радиоактивті ластану және алдын алу шаралары: Қазақстан тәжірибесі
Қазақстанның табиғи ресурстары: су ресурстары, қазба байлықтар және рационалды пайдалану қағидалары
Семей ядролық полигоны: радиациялық ластану және халық денсаулығына әсері
Сарыарқа өңірінің географиялық орны, геологиялық құрылысы және табиғи ресурстары
Құмырсқалардың адамға тигізер пайдасы және Жезқазған аймағындағы түрлердің экологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz