БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ


Slide 1

Өз жұлдызыңды жақ

Slide 2

Менің мамандығым:

Бастауыш мектептегі

“Ағылшын тілі” мұғалімі

Slide 3

МАҒАН ӨЗ МАМАНДЫҒЫМ ҰНАЙДЫ СЕБЕБІ :

Slide 4

Шет тілдердің арасында ағылшын тілі баяғыда-ақ алғашқы орынды иеленді. Бұл әлемдік тілде миллиондаған адамдар сөйлейді. Ағылшын тілі қазірде кез келген салада қолданылады.

Slide 5

Сізге де осы тілді білген артық болмайды.

Slide 6

Ағылшын тілінің сізге қажеттілігі жайлы әлі де күмәндансаңыз, мына 10 себепті оқып, оны білудегі артықшылықтармен таныс болыңыздар.

Slide 7

Еңбек нарығындағы "бағаңыздың" өсуі. Қазір жұмысқа қабылдағанда ағылшын тілін білетін жастарға ерекше құрметпен қарайды. Ал кейбір шетелдік компанияларда бұл тіпті талап ретінде қарастырылады. Жақсы жұмыс иегері боламын десеңіз, қазірден бастап ағылшын тілін үйреніңіз.

Slide 8

Ми жаттығуы. Шет тілін игеру - миға деген керемет жаттығу. Ақпарат ғасырында адамға жақсы ес, жаңа ойлар қажет. Ол үшін мидың жақсы жұмысы артық болмайды. Аудармасыз-ақ шет ел киноларын қарау.

Slide 9

Кабельді телеканалдардан көптеген елдердің бағдарламаларын, киноларын ағылшынша көре аласыздар. Тек өз еліңіздің ақпаратымен ғана емес, әлемдік жаңалықтардан, мәдениеттен хабардар боласыз. Аудармасыз фильм қарау арқылы оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала аласыз.

Slide 10

Шет ел музыкасын тыңдау. Сөзсіз ағылшын тіліндегі классикалық та, заманауи туындылар да әлемдік танымалдыққа ие. Сүйікті әншіңіз не жайлы ән айтып жатқанын түсіну арқылы оның шығармашылығын толықтай бағалай аласыз.

Slide 11

Шет елде демалыста жергілікті тұрғындармен тілдесе алу. Шет елдің қайсысына барсаңыз да, ағылшын тілі қолданыста болады. Адамдарды түсініп, сол елдің тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал демалысыңыздан көбірек әсер ала аласыз. Таныс емес жерден жоғалмай, керек жерді таба аласыз.

Slide 12

Ағылшын тілдегі әдебиет оқу. Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз.

Slide 13

Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде оқығанға не жетсін? Сіздің мамандығыңыз бойынша әдебиет тек ағылшынша шығып, орысша, қазақшаға аударылғанша бір-екі жыл өтеді делік. Өз салаңыздағы жаңалықтардан қалмай, онымен уақытылы танысып отыру үшін сізге бар керегі - ағылшын тілін білу.

Slide 14

Арнайы бір салаға маманданған сайттар да көбінде ағылшынша. Демек ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты ала аласыз.

Slide 15

Ортаңыздың өсуі. Ағылшын тілді форумдар мен сайттарда жүріп, талай жаңа адамдармен танысуға болады. Олармен ағылшынша тілдесіп, өз біліміңіз бен тіл ерекшеліктерін жақсарта аласыздар.

Slide 16

Жаңа қызығушылық табу. Әр адамның өзіне тән қызығушылықтары бар. Ол өміріне қызық сәттер қосып, оны күнделікті істерден алаңдатады. Сіз үшін бұл хобби - тіл үйрену болсын.

Slide 17

Қосымша мүмкіндіктер. Шет тілін білу сізге қосымша мүмкіндіктер ашады. Шет елге оқуға түсу, машықтануға шет елге барып келу және басқа да тосын мүмкіндіктер пайда болуы әбден мүмкін.

Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21 Slide 22 Slide 23

Болашақта мамандығым бойынша осы Қалаларға баруды армандаймын.

Slide 24

Шетел тілін оқытудың ең басты міндеті- оқушылардың (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру.

Шетел тілін оқытудың ең басты міндеті- оқушылардың (үйренушілердің) мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру.

Slide 25

Елімізде 2013 қыркүйек айынан бастап бірінші сыныпта ағылшын тілін оқыту жүйесі енгізілетін болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің сайтында хабарланды.

Slide 26

«2013 жылы мемлекеттік тілді меңгеруге баса назар аударылады. Негізгі мақсат - барлық мектеп түлектерінің қазақ тілін 100 пайыз меңгеруі болып отыр. Қыркүйектен бастап жаңа оқу жылында ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту жүйесіне көшеді. Ағылшын тілін меңгеру үшін жасалған жүйе сатылай түрде жүзеге асады» деп хабарланған министрлік сайтында.

Slide 27

Бірнеше пәнді ағылшын тілінде оқыту тәжірибелік жағдайда іске асырылатын болды. Бұл үшін арнайы мамандар ЖОО-ларда даярланыпты.

Slide 28

Бірінші сыныптарға ағылшын тілінде сабақ беретін мамандар педагогикалық колледждерде бастауыш сыныптарға сабақ беретін арнайы мұғалімдер. Қазіргі ЖОО-ларда ағылшын тілін меңгеруге барлық жағдай жасалған. Ағылшын тілінің қажеттілігі бар болғандықтан мұндай жүйеге көштік.

Slide 29

Ғұлама ақын Абай, өз халқын орыс тілін оқуға, орыс әлемін ашуға шақырғанда, орыс тілі, орыс мәдениеті арқылы біз әлемнің есігін аша алатынымызды түсінген Абайдың арманын енді танып отырған сыңайылымыз.

Slide 30

. Шынында да ХХІ ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды, өз болмысымызды сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемнің техникалық және гуманитарлық үрдіс жоспарының тетігіне айналу мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын тілі арқылы жете аламыз.

Slide 31

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Адамға деген жалпы адамзаттық құндылық қатынас
Ағылшын тілі мұғалімі
Шағын жинақты мектептегі бір пәнділік, бір тақырыптық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру
Сыныпқа мінездеме
Сабақтың оқыту мақсаты
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ТУРАЛЫ
Менің мектептегі күнім
Сынып оқушыларының жетістіктері
Норвегиялық мектептердегі тәрбиешілер
Менің отбасым және ондағы менің орным
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz