Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету


Slide 1

Оқу-тәрбие процесінде ойындарды қолдану

Slide 2

Ғылыми жобаның мақсаты:

Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету.

Ғылыми жобаның міндеті:

Сабақта ойын элементін қолданудың тиімділігі, балалардың қызығушылығын ояту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Slide 3

Өзектілігі

«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерлерді тәрбиелеу, алдымен ойында басталады. »

А. С. Макаренко

Slide 4

Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Slide 5

Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.

Slide 6

Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.

Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын - ала әзірлеу.

Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.

Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Slide 7

Психологиялық тұрғыдан ойын:

Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады.

Танымдық мотивтің дамуына әкеледі.

Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады.

Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.

Slide 8

Ойынның қызметтері

Әлеуметтендіру қызметі

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі

Қатысымдық қызметі

Диагностикалық қызметі

Емдік қызметі

Түзеу қызметі

Дамытушылық қызметі

Slide 9

Ойын түрлерінің жіктелуі

грамматикалық;

психологиялық;

тірек-сызбалар;

логикалық;

техникалық;

дене-еңбек.

Slide 10

Ойынның түрлері

Slide 11

Педагогикалық ойындар:

мақсатына қарай;

ұйымдастырылу құрылымына қарай;

олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай;

мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай

Slide 12

Белгілі педагог ғалым Г. К. Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей топтарға жіктейді:

әрекет саласына қарай;

дене;

интеллектуалдық;

еңбек;

әлеуметтік;

психологиялық.

Slide 13

Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:

білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;

танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік-бағдарлық, психотехникалық.

Slide 14

Ойын әдістемесіне қарай:

пәндік;

сюжеттік;

рөлдік;

іскерлік;

иммитациялық;

драмалық.

Slide 15

Пәндік саласына қарай:

математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;

музыкалық, театрлық, әдеби;

еңбек, техникалық, өндірістік;

дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;

қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық.

Slide 16

Ойнау ортасына қарай:

нәрселік-нәрсесіз;

үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;

компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;

техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар.

Slide 17

Ойынның түрлері

Дидактикалық ойындар

Қозғалыс ойындары

Рөлдік ойындар

Грамматикалық ойындар

Фонетикалық ойындар

Лексикалық ойындар

Іскерлік ойындар

Интеллектуалдық ойындар

Ұлттық ойындар

Slide 18

Ұлттық ойындар

Slide 19

Халық ойындарының жіктелуі

1. Білім беретін ойындар. 2. Тәрбиелейтін ойындар. 3. Дамытатын ойындар. 4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар. 5. Диагностикалық ойындар.

Slide 20

Дидактикалық ойындар

Slide 21

Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынаны есепке алу керек:

ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;

ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары;

дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс;

сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;

ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;

дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;

дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

Slide 22

Дидактикалық ойын түрлері төрт түрге бөлініп қарастырылады:

Тапқырлық;

Ізденімдік;

Рөлдік;

Іскерлік.

Slide 23 Slide 24 Slide 25

Ойынның нәтижесінде

Баланың бойында

ойлау тапқырлық

ұйымдастырушылық

белсенділік шыдамдылық

қасиеттері қалыптасады.

Slide 26

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес. » В. А. Сухомлинский


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқытудың көрнекілік әдісін жүзеге асыру жолдары
Топты ұйымдастыру
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Ойын психологиялық феномен түрінде
Диалогтік оқыту технологиялары
Дене шынықтыру сабағында (волейбол ойынында) оқушылармен топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы теориялық білімін жетілдіру
Диалогтік оқыту жолдары
Бастауыш мектепте қазақ тілі грамматикасын оқыту
Тіл дамыту әдісі
Сабақтарда қолданылатын әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz