Мақал мен мәтелдің айырмашылығы


Slide 1

Өз жұлдызыңды жақ

Slide 2

Ғылыми жоба тақырыбы:

Сөз көркі - мақал

Орындаған:

Өскенбай Сағыныш

Ғылыми жетекшісі:

Серікбаева Гүлнар

Slide 3

Өзектілігі:

Қай елдің мақал-мәтелдерін алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелігі тәрбиелік маңыздылығы. Сондықтан да қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді оқып түсіне отырып, сөздік қорымызды байытамыз.

Slide 4

Мақсаты:

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жинағын кітапша ретінде құрастыра отырып, “Үштұғырлық тіл саясаты” жобасын жүзеге асыруға өз үлесімді қосу.

Slide 5

Міндеттері:

1. Жастарға өнер-білім, тіл үйренуде мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын көрсету.

2. Мақал-мәтелдерді аударуда дайын баламаны қолдану.

3. Мақал-мәтелдерді аударуда сөзбе-сөз аудару тәсілін қолдану.

4. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің сөзбе-сөз аудармасын жеке жазып көрсету.

Slide 6

Болжам:

Егер қазақша, орысша және ағылшынша мақал-мәтелдерді аударып, олардың мағынасы сәйкес, тіпті мағынасы бірдей қазақ және орыс мақал-мәтелдерімен салыстырса, онда шетел тілін меңгеру тиімді нәтиже береді деп ойлаймын.

Slide 7

Күтілетін нәтиже:

Осы құрастырылған кітапша арқылы, үш тілдегі мақал-мәтелдердің мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну арқылы, ағылшын тілін үйренуге үлкен көмек алады.

Slide 8

Жоспар:

• Кіріспе

• Теориялық бөлім

• Зерттеу бөлімі

• Қорытынды

• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 9

Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіргізу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсетті. Осыған ағылшын маманы ретінде өз үлесімді қоссам ба деймін.

Slide 10

Мақал-мәтел дегеніміз не?

Мұнда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады.

Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, өткірлігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.

Мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үндестік, саздық, ұйқас ырғақтық кездеседі.

Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың тура мағынасында немесе ауыспалы, жанамалы, меңзеу, бейнелеу түрінде беріледі.

Халық ауыз әдебиетінің бір түрі

Мақал-мәтелдің басты ерекшелігі-тәрбиелік маңыздылығы

Slide 11

Мақал аяқталған ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

Мәтел жеке тұрып жинақты ойды білдіре алмайды, тек белгілі бір ойды ажарлау, айқындау үшін және жанама түрде астарлау, меңзеу түрінде қолданылады.

Мақал құрылымы жағынан көбінесе екі компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді.

Мысалы: “Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. ”, “Еңбек ширатады, өмір үйретеді. ”

Мәтел құрылымы жағынан көбінесе жай сөйлемдер іспеттес, бір құрылымнан тұрады.

Мысалы: “Саудада достық жоқ”, “Қорыққанға қос көрінеді. ”, “Ер кезегі үшке дейін. ”

Slide 12

Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарды қамтиды.

Отан, ел туралы

Еңбек, ерлік туралы

Денсаулық, байлық туралы

Жан-жануарлартуралы

Кәрілік, жастық туралы

Ата-ана, бала-шаға туралы

Ынтымақ, бірлік туралы

Достық, қастық туралы

Ақыл, өнер-білім туралы

Жақсы, жаман туралы

Slide 13

Кейде үш тілдегі мақал-мәтелдердің мағынасы бір болғанымен, екеуі бір-бірінің тура аудармасы болып, ал үшіншісі мағынасы жағынан үндесін келеді.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді аудару кезіндегі кездескен айырмашылықтары мен ерекшеліктері.

Мысалы:

1. Өз үйім-өлең төсегім.

2. В гостях хорошо, а дома лучше.

3. There’s no place like home.

Үш тілдегі мақал-мәтелдердің қолданыстағы мағынасы бір, бірақ тілдері және сөздері әр түрлі болып кездеседі.

Мысалы:

1. Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады.

2. Не работа старит, а забота.

3. Care killed a cat.

Slide 14

Үш тілдегі мақал-мәтелдердің арасында синонимдестік кездеседі, яғни мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді аудару кезіндегі кездескен ортақ ұқсастықтары.

Мысалы:

1. Ештен кеш жақсы.

2. Лучше поздно, чем никогда

3. Better late, than never.

Кейде үш тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірінің тура аудармасы болып, мағынасы да ұқсас болады.

Мысалы:

1. Жылы-жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

Жақсы сөз-жарым ырыс.

2. За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь.

Двум господам не служит.

3. East or West, home is best.

There’s no place like home.

Slide 15

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жинағы

Slide 16

Тілдерді меңгеру-заман талабы.


Ұқсас жұмыстар
Мақал -мәтелдер жайлы
Сөз көркі - мақал
Лексикадан өткенді қайталау
Сөз анасы құлақ
Әдебиет шығармалар ауыз әдебиеті тарихында
Мақал – мәтелдерге жаттығу жұмыстары
Халықтық педагогиканы, мақалмәтелдер, қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні
Шешеннің сөзі – мерген,  шебердің ісі – мерген. 7 сынып
Қазақ халқы - рухани дуниеге, қазынаға бай халық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz