Қазақстандағықызықты қызықтыжаз жаз
Презентация қосу
Қазақстандағы
Қазақстандағықызықты
қызықтыжаз
жаз
Орындаған : Қ.Бакир
Алғы сөз
Қазір жадыраған жаз мезгілі. Жаз - жұртшылықтың демалысқа шығып, қаланың
сапырылысқан тіршілігінен бір сәт босап, еркін тынығуға қолайлы мекен
іздейтін маусымы. Әрине, демалған дұрыс әрі пайдалы. Бірақ, қайда барып
демалуға болады? Шет елдердегі бағасы удай қымбат демалыс орындарында
ма, әлде Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қазақтың кең даласындағы
қазақы иіс аңқып тұратын емдік қасиеті зор шипажайларда ма? Ойланып
көріңіз! Екінші нұсқаны таңдаған болсаңыз, бүгін Әлемтану айдары сіздерге
еліміздегі ең танымал әрі басқаныкінен еш кемдігі жоқ демалыс орындары
туралы әңгімелейді.
Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер
жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді
таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат
Қарқаралы... Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса
алмайтындайсың! Қарасаң көзің тоймайды!
Бурабай шатқалы
Бурабай шатқалы
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай
Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек
кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал.
Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін
аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман,
айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және
денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен
минералды суы емдік қасиетке бай.
Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан.
Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз
айларында 10 000-15 000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері
жұмыс жасайды.
Сегіз Көл Park Resort клубы
Сегіз Көл Park Resort клубы
Алматы қаласының сыртқы аумағындағы Сегіз Көл Park Resort клубының
территориясында ТМД мен Орталық Азиядағы ең үлкен Жағажай клубы
орналасқан, оның жалпы ауданы 20 000 шаршы метрді құрайды, бұл бір уақытта
мыңнан аса келушілерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Сегіз Көл Park Resort-тағы демалыстың ерекшеліктерінің бірі – оның
әмбебаптылығында. Сізге қандай демалыс ұнайды? Бүкіл отбасыңызбен табиғат
аясына шығып серуендеу ме? Телефондарыңызды сөндіріп қойып, ойыңызды
жинақтау үшін бір-екі аптаға оңаша қалу ма? Әлде серіктестеріңізді шақырып
келіссөздермен қатар бейресми әңгіме жүргізу ме? Достарыңыздың басын
қосып, тек ер адамдар ғана жиналып балық аулау ма? Мүмкін бұл екі адамға
арналған романтикалық демалыс болатын шығар? Қалай болғанда да, сіз бір
нәрсеге сенімді болыңыз, Сегіз Көл Park Resort-қа мейлі бір күнге, мейлі бірнеше
күнге келіңіз, ол сізге тамаша сәттер сыйлай алады.
Алакөл жағажайы
Алакөл жағажайы
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс
аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне
көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде.
Көл суы көптеген ауруларға ем. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер
түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп,
қанағат табады. Жағаға жақын, тығыз орналасқан демалыс үйлері өте көрікті
және мейрамханалар мен кафелердің саны да көп.
Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек
Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан,
Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып
жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың
адамға дейін келіп кетеді.
Қазақстандағы сапалы шипажайлар
Қазақстандағы сапалы шипажайлар
Сондай-ақ, Қазақстан шипажайлық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960
жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер
табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылдан бастап,
Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма-арасан, Сарыағаш, Меркі,
Манкент, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар Қапаларасан,
Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпестер өз қызметтерін бұлжытпай
атқаруда.
Қайталанбас құйқалы қыраттар, ойлы-қырлы бедерлер, суы сылдыраған
жыралар, бағзыдағы бабалардан жалғасқан мұралар… Бауларындағы өзгеше
өскен ағаштар. Тынысыңызды ашатын саябақтар мен саяжолдар, аңқыма
жұпар шашатын гүлзарлар... Жоғарыдағы кез келген шипажайдан осындай
тамаша көріністерге куә бола аласыз!
Қапшағай
Қапшағай
Қапшағай қаласының туристік әлеуеті Қапшағай су
қоймасының ресурстарына негізделеді. Іле өзенінің оң
жақ жағалауындағы жартастарға салынған суреттердің
сізді таңқалдырмауы мүмкін емес. Қапшағайдағы
демалушылардың ең жиі баратын жері–1994 жылы
арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық
аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен
кісілерге арналған арнайы су аттракциондары
бар. Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс
базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері, спорттық
жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен таралып келеді.
Қайынды өзені
Қазақстандық туризмде көрнекті орны бар ғажайып Қайыңды көлі. Бұл көл тектононикалық қозғалыстардан кейін, дәлірек
айтқанда 1911 жылғы алапат зілзаладан соң пайда болған.
Қайыңды көл өз атынан көрініп тұрғандай қайың ағаш қоршап тұрған көл болуы керек. Бірақ мұндағы бір парадокс, Қайыңды көл
қылқан жапырақты орман қоршауында жатқандығында. Мұны оңай-ақ түсінуге болады: көлден төмен шатқалда бүкіл Тянь-Шан
бойынша алғанда ең үлкен қайың шоғы бар. Міне, осыған орай, шатқал да, көл де, өзен де Қайыңды аталып кеткен.
1800 метр биіктікте жатқан Қайыңды көлдің ұзындығы 400 метр, ені шамамен 100 метр. Көлдің ең терең тұсы, 1914 жылғы есеп
бойынша 21 метрге жеткен. Су өте тұнық әрі таза, бірақ өте суық, -6ᴼС шамасында. Суының суықтығына қарамастан Қайыңды
көлде су астына саяхат жасап, даивингпен шұғылданушылар көп.
Көлдің әлі «жас» екенін бөгеттегі жас орманнан, суға батып тұрған шырша діңдерінің әлі күнге шіри қоймағандығынан аңғаруға
болады. Жартылай суда тұрған діңгектер суға батқан желкенді кеменің діңгегіне ұқсайды.
Қайынды өзенінде сіздер тамаша табиғатты тамашалап, даивингпен шұғылдана аласыздар.
Қайынды өзені
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz