Ағылшын тілі мұғалімі




Презентация қосу
Өз
жұлдызыңды
жақ
Мамандығым:
Бастауыш мектептегі
“Ағылшын тілі”
мұғалімі
Мақсатым:
Ағылшын тілін жетік
меңгеріп,өз
еліме,халқыма қызмет
ету.
Міндетім:
• Ағылшын тілінің грамматикасын үйрену:
Ағылшын тілінің есімдіктері мен грамматикасын жақсы

білсең,қалғандарын үйрену оңай болады деп ойлаймын;
• Ағылшынша кітаптар оқу:
Біз ағылшынша еркін сөйлей алмаймыз,өйткені,бұл біздің
ана тіліміз емес.Сондықтан мен ағылшынша кітаптар
оқуым керек,ол тілді дамытады;
• Ағылшын тіліне арналған сайттарда жаттығулар
мен тапсырмалар орындау:
Тек қана кітаптармен шектелмей,ағылшын тіліне арналған
сайттарда жаттығулар мен тапсырмалар орындауым
керек,ол да тілдің дамуына өз септігін тигізеді;
• Ағылшынша сөйлесу:
Өз достарыммен,мұғалімдеріммен мүмкіндігінше ағылшынша
сөйлесуім керек,ол да тілді дамытады.
Ағылшын
тілін
үйренуге
10 себеп
1) Еңбек нарығындағы
“бағаңыздың” өсуі.

Қазір жұмысқа қабылдағанда
ағылшын тілін білетін жастарға
ерекше құрметпен қарайды. Ал
кейбір шетелдік компанияларда бұл
тіпті талап ретінде
қарастырылады. Жақсы жұмыс
иегері боламын десеңіз, қазірден
бастап ағылшын тілін үйреніңіз.
2) Ми жаттығуы.

Шет тілін игеру - миға деген
керемет жаттығу. Ақпарат
ғасырында адамға жақсы ес,
жаңа ойлар қажет. Ол үшін
мидың жақсы жұмысы
артық болмайды.
3) Аудармасыз-ақ шет ел
киноларын қарау.

Кабельді телеканалдардан көптеген
елдердің бағдарламаларын, киноларын
ағылшынша көре аласыздар. Тек өз
еліңіздің ақпаратымен ғана емес, әлемдік
жаңалықтардан, мәдениеттен хабардар
боласыз. Аудармасыз фильм қарау арқылы
оны тереңірек түсініп, көбірек әсер ала
аласыз.
4) Шет ел музыкасын тыңдау.

Сөзсіз ағылшын тіліндегі
классикалық та, заманауи
туындылар да әлемдік
танымалдыққа ие. Сүйікті
әншіңіз не жайлы ән айтып
жатқанын түсіну арқылы оның
шығармашылығын толықтай
бағалай аласыз.
5) Шет елде демалыста
жергілікті тұрғындармен
тілдесе алу.

Шет елдің қайсысына барсаңыз да,
ағылшын тілі қолданыста болады.
Адамдарды түсініп, сол елдің
тұрмысы жайлы көбірек ақпарат, ал
демалысыңыздан көбірек әсер ала
аласыз. Таныс емес жерден
жоғалмай, керек жерді таба аласыз.
6) Ағылшын тілдегі әдебиет оқу.

Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының
орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып жүрсіз.
Алайда оның түпнұсқасын ағылшын тілінде
оқығанға не жетсін? Сіздің мамандығыңыз
бойынша әдебиет тек ағылшынша шығып,
орысша, қазақшаға аударылғанша бір-екі жыл
өтеді делік. Өз салаңыздағы жаңалықтардан
қалмай, онымен уақытылы танысып отыру үшін
сізге бар керегі - ағылшын тілін білу. Арнайы бір
салаға маманданған сайттар да көбінде
ағылшынша. Демек ағылшын тілін білу арқылы
қажет ақпаратты ала аласыз.
7) Ортаңыздың өсуі.

Ағылшын тілді форумдар мен
сайттарда жүріп, талай
жаңа адамдармен танысуға
болады. Олармен ағылшынша
тілдесіп, өз біліміңіз бен тіл
ерекшеліктерін жақсарта
аласыздар.
8) Жаңа қызығушылық
табу.

Әр адамның өзіне тән
қызығушылықтары бар. Ол
өміріне қызық сәттер қосып,
оны күнделікті істерден
алаңдатады. Сіз үшін бұл
хобби - тіл үйрену болсын.
9) Қосымша табыс көзі.

Ағылшын тілін жақсы игерсеңіз,
тек өз жұмысыңызда ғана
сәттілікке жетіп қоймай, басқа
да табыс көздерін таба аласыз.
Мысалға реферат, диплом
жұмыстары, арнайы әдебиетті
аудару жақсы табыс әкеле
алады.
10) Қосымша мүмкіндіктер.

Шет тілін білу сізге қосымша
мүмкіндіктер ашады. Шет
елге оқуға түсу, машықтануға
шет елге барып келу және
басқа да тосын мүмкіндіктер
пайда болуы әбден мүмкін.
Үш тілді меңгеру-еңселі елдің
мақсаты

Мемлекет басшысы алдыңғы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында:
“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын
жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі
және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай
кірігу тілі”, — деген болатын.
Елбасы биылғы Жолдауында 2020 жылға қарай
мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 95
пайызға жеткізуді міндеттеді. Жолдауда 2020 жылға қарай
ағылшын тілін білетін қазақстандықтардың саны кемінде
20 пайызды құрауы тиіс екендігі айтылды.
Тілдерді меңгеру-заман талабы.

Ағылшын тілі дәл қазір сұранысқа ие. Шет
тілдердің арасында ағылшын тілі баяғыда-ақ
алғашқы орынды иеленді. Бұл әлемдік тілде
миллиондаған адамдар сөйлейді. Ағылшын тілі
қазірде кез келген салада қолданылады:бизнес,
туризм, ғылым, білім беру жүйесі, интернет,
кинемотограф. Бұл тілсіз әлемнің алпауыт
елдерімен әңгімеміз жараспайды,әлемдік
инвестицияға,әлемдік технологияға жолай
алмаймыз. Сондықтан бұл тілді білу керек!

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың оқыту мақсаты
Қазақстан - ортақ үйіміз
Адамға деген жалпы адамзаттық құндылық қатынас
Қазақ тілі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
ДАМУ Репититорлық мектебінің бизнес ­жоспары
Интеллектуалды сайыс
Менің мектептегі күнім
Бағдарламалау тілінде белгілеуі
Қазақ тілі пәнінен сұрақ
Пәндер