Кеңес жауынгерлері




Презентация қосу
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
Автор: МКГЖ 112лд студенті
Өскенбай
Балжан
• Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен
басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік
Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал
Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында
Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру
жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан
арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар
қоймасы).

• 1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс
орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37
пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз
жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері
майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер,
өнеркәсіп үшін шикізат берді.
• Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27
миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы
қазақстандықтар болатын. Бұл жеңісте
қазақстандықтардың үлесі зор болды.
Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының
қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар
шақырылды,20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер
құрылды. Майданға 14,1мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5мың шынжыр
табанды трактор, 110,4мың жылқы жіберілді.
Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен
марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры
атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова
болды. Төрт қазақстандық Т. Бигельдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда екі
мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р. Қошқарбаев
жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б.
Момышұлына берілді.
• 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының
Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және
Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.
Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен
Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж.
бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы,
Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген.
Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль
облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское
орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық
техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға
(Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы
атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы
фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14
қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.
Ленин орденімен марапатталды.
• 1941 жылы Алматыда генерал
И. В. Панфилов 316-атқыштар
дивизиясын
жасайды.Осы
дивизияны 28 панфиловшы-
батырлары Мәскеу қаласын
қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған
28 панфиловшының 22-сі
қазақстандықтар еді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар
дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық
атқыштар дивизиясы) командирі,
Кеңес Одағының Батыры
Бауыржан Момышұлы болған.
1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал
облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс
болды.
1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк
Алматы Медициналық университетінде оқитын.
1942 жылы өз еркімен майданға аттанған
Ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен,
ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель
Қаласының түбіндегі шайқастасоңғы
Демі үзілгенше қолынын пулеметті
тастамаған күйінде қаза болды.
• Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы
толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен
түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды.
Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

• Қазақстандықтар Сталинград үшін шайқаста
Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға аумақты
жаулап алмақ болып, бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері:
“Өліспей беріспейміз!” – дегенант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі
қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.
• 1945 жылы мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына
алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
• 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге
келген.1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер
училищесін бітірген.1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы
150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша ж/е
Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты.
Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы
кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол
жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері
арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын
тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы
кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет
атқарды.1947 – 67 ж. Ақмола облыстық атқару
комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі
жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада
инспектор,1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры
болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен,
көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
• Ұлы отан соғысына міне 72 жыл толып отыр.Осы
майданда соғысқан әрбір сарбаздың жеңіске үлесі
мол.Майдан сыртында еңбек еткен тыл ардагерлері де
көп жұмыс атқарды.Тыл ардагерлері қазіргі кездің
адамынан 2есе ұзақ еңбек еткен.Айта кете тыл
ардагерлерінің 80%ын әйел қауымы құраған
еді.Сарбаздардың көрген қиыншылықтары көп еді.Олар
күні түні ел күзетіп қорғаумен болды.Әрине әр соғыста
өз сатқындары болады.Олар өз отбасын ақшаға сатқан
секілді болып көрінеді.Бұның бәрі соғыс қиындығы ғой
әрбір адам шыдап,төзе білмейді.Әйткенмен топ жарып
шыққан сарбаздар болғанын жоққа шығармаймыз. Олар
соңғы демі қалғанша мылтығымен жауға қарсы
тұрды.Мен осындай елімнің сарбаздары барына
мақтанамын!
ЖЕҢІСКЕ АРНАП ШЫҒАРҒАН ӨЛЕҢІМ
ҰЛЫ СОҒЫС - ҚАНДЫ МАЙДАН
Шайдай ашық аспаным,
Қара бұлтпен жабылды.
Жарқырап аққан өзендер,
Қызыл қанға боялды.
Қайғы келді еліме,
Енді ол әр отауға.
Еңіретті ананы,
Қайғыға салды әкені...
Жігіттер кетті майданға,
Қорғау үшін Отанын.
Қайсар қазақ қыздары ,
Қорғады халық намысын.
Отан үшін жер үшін ! -
Осы бір ұран болды ғой ,
Әрбір сарбаз арманы.
Сол соғыс арты дегенмен,
Оралды бізге жеңіспен.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары
Отан соғысы
Қазақтан шыққан батыр
МӘНШҮК МӘМЕТОВА
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық
Қазақстандық кеңес одағының батырлары туралы
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға шолу
Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез
Кеңес өкіметі кезеңіндегі арулар бейнесі
Пәндер