ЭКСПО - 2017 көрмесін шамамен




Презентация қосу
“Өз жұлдызыңды жақ”
Мақсатым: Адам баласына қосымша тіл білген артық
емес дей келе, осы таңдаған “Шет тілі” мамандығымды
ойдағыдай оқып, өз еліме, халқыма адал қызмет ету.

• Міндетім: Алдыма қойған мақсатыма жету яғни, білген
білімімді толықтыру болса, білмеген мағлұматтарды
іздену.
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу,
жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың
қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана
айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін
жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса,
әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-
кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас
пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше,
түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының
өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып,
қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не
сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының
төлені қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол
үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек.
Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі
бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші
сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет.
Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп,
жұмысынан ләззат алады.
«Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,»
-деп шығыстың ұлы ойшылы, асқан дарын иесі Әбу-Насыр Әл-Фараби айтқан осы
бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә, расында да,
дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана
қысқа ғұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді
емес пе? Соның бірі адамның тумысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне
байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық мәселесі кім-кімді
де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында
мамандықтың да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген
сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді өмірдің мағыналы болуының
алғышарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-
тәніңмен, күш-жігеріңмен орындау өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.
Ежелгі грек данышпаны Цицерон: «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне
бой ұсынып үйренуге тиіс,»-деп айтпақшы, адамның өз ынтасымен алдына талап-
мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныспен, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге
де, қоршаған ортаға да пайда келтірері хақ.
«Болашақта қай маман иесі боламын?» деген сауалға жауап іздеп, ойым сан-саққа
жүгірген сәттерде шығыстың ұлы классигі Омар һайямның:
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып бір сәт қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың? -деп келетін адамға ой саларлық осы бір өлең жолдары
еріксіз есіме түседі.
«Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі

ғана тағдыры емес, бүрсігүнгі де тағдыры» Б.Момышұлы
Жақында Парламент Мәжілісі депутаттарының алдында, Үкімет сағатында
республиканың Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Білім
беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мен
білім және ғылым жүйесінің алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы»
баяндама жасады. Онда бұл мемлекеттік бағдарлама, бұрынғы
бағдарламаларға қарағанда түбегейлі ерекше екенін атап өткен министр
үш тілде оқытуды енгізудің маңыздылығына тоқталды. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілде пайдаланатын
жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл,
орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», – деп дамыған елдермен тығыз экономи
калық байланыс орнатуда да, білім бәсекесінде де кез келген мемлекетпен
терезесін тең ұстап, өркениеттің биігіне шығудың сара жолы тілдерді
меңгеруде екенін бағамдауына байланысты Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті білімін тереңдеткен Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінде Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің
ұштұғырлығы» орталығы ашылған болатын. Бұл орталық екі бағыт бойынша
жұмыс атқару үстінде: біріншісі аударма ісі, екіншісі тілдерді оқыту болып
табылады. Құрылғанына аз уақыт болғанымен, техника мамандығы саласын
дамытудың өзекті мәселесіне арналған ғылыми және ғылыми-әдістемелік
еңбектерді мемлекеттік тілге аударып, кітап қорының кеңеюіне үлес қосуда.
Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі сияқты кең құлашты, бай тілдің
дыбыстық үндестігі мен сөз қабаттарын меңгергісі келген әрбір азаматқа
қолдау көрсетіп, оның байлығымен сусындауға мүмкіншілік туғызса, дүние
жүзі халықтарымен ортақ пікірлесу құралына айналған ағылшын тілін
қызмет барысында кеңірек қолдануға жол ашты.
Үш тілді қатар меңгеру арқылы алдыңғы қатарлы елдердің озық тәжірибесін,
экономика, техника саласындағы инновациялық жаңалығын ел игілігіне
жарату бүгінгі күннің ең маңызды мәселесіне айналып отыр.
ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік
экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы
жағынан әлемнің ең кең танымал спорт жарыстарымен
теңдес жаһандық ауқымдағы оқиға.

Халықаралық көрмелер өткен 160 жылдан астам
уақытта олар негізінен экономикалық алыптар
саналатын – АҚШ, Франция, Германия, Жапония,
Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Испания, Қытай
және басқа елдерде өтті.
Енді олардың қатарына Қазақстан да еніп отыр.
Біздің осынау жаңа табысымыз біздіңбүкіл
әлемде құрметті елге айналғанымызды тағы да
көрсетіп беріп отыр.Біз үшін Халықаралық
көрмелер бюросына мүше 160 мемлекеттің
басым көпшілігі дауыс берді.Іс жүзінде Астананы
бүкіл әлем таңдады!
Сондықтан ЭКСПО-2017-ні өткізу – бұл, сонымен
бір мезгілде, Қазақстанның бүкіл әлем
алдындағы орасан зор жауапкершілігі.
Біз небары бес жылда Көрме орталығын
тұрғызып, жаңа қонақүйлер, жолдар салып,
көлікті дамытып, қонақтарды қарсы алуға
даярлықты қамтамасыз етіп, үлкен дайындық
жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Бұл міндеттің ауқымы аса зор.
3 ай ішінде ЭКСПО-2017 көрмесін шамамен 5
миллиондай шетелдіктер келіп көретін болады.
Бүкіл елдер өз павильондарын көрме тақырыбы – «Болашақтың
энергиясына» сәйкес дайындайды.
Өткеннің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай көрмені өткізу олар өткен
қалалар мен елдердің дамуына зор ықпалын тигізді.
Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар
алуда аса зор мүмкіндік.
Бұл ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу уақытында, сондай-ақ оның
нысандарын одан әрі пайдалануда Қазақстанға келіп түсетін
миллиардтаған доллар инвестициялар.
Көрмені дайындау мен өткізудің барлық мәселелерін шешу үшін мен
Мемлекеттік комиссия құрдым.
Астанада жаңа Көрме кешенінің құрылысы үшін жер белгіленді.
Бұл Қазақстандағы тағы бір «халықтық құрылыс» болмақ.
Бес жыл тез өте шығады.
ЭКСПО-2017-ні өткізу құқы жолындағы күрестегі Астананың табысы – ол
бүкіл Қазақстан халқының табысы.
Бүкіл қазақстандықтардың Халықаралық көрмені өткізуге белсенді
атсалысатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.
Мен ЭКСПО-2017-нің біздің тарихымыздың тағы бір алтын парағы
болатынына сенемін.
Мен бүкіл отандастарымды топтасуға және біздің елімізді осынау кең

ауқымды халықаралық оқиғаға белсенда дайындауға шақырамын.

Ұқсас жұмыстар
EXPO 2017
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Президентінің 1998 жылғы
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚОҒАМ
ҚАБЫЛДАНҒАНЖОСПАРҒАСӘЙКЕС ЖЫЛҒАҚАРАЙЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ 1040 МВТ
Бүгінде Астана - болашақтың каласы
ЭКСПО-2017
ҚАЗАҚСТАН – 2050 СТРАТЕГИЯСЫ ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ
Жасыл экономика
Энергетика дамуының негізгі бағыттары
Пәндер