Жансейіт күмбезі



Жұбан ана
Қойлыбай бақсы
Жансейіт күмбезі
Малшыбай
Теңбай кесенесі
Шотқара мазары

Қаракеңгір өзенінің оң жағасында ХІІІ-ХІV ғасырлардағы сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған. Халық аңызына қарағанда, Алаша ханның атына лайықты, оның күмбезін алаша кілемнің түрімен нақыштап шығарған.
Ел аузындағы аңызда Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған. Ұлытаудан ағатын Жаңғабыл өзенінің бойында үлкен сарайдың орны әлі бар. Жергілікті халық оны Алаша хан ордасы деп атайды. Алаша ханның енді бір сарайы сол маңдағы Қаракеңгір өзенінің бойында. Шежіре деректерінде Алаша хан әңгімесі маңғол дәуірінен бұрын шыққанын көрсетеді.
Алаша хан мазары (ХІІІ-ХІV ғасыр)
Тарихи анықтама
Алаша (Алаш) хан - халық аңызы бойынша “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы. Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді. Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде «Алаш» этнонимінің шығуы осы Алаша хан атымен байланыстырылады. Оның есімі 9 ғ-дың туындысы «Қорқыт» дастанында айтылады.
Орта ғ. мұраларындағы Алаша хан - 14 ғ-дың 2 жартысы мен 15 ғ-дың 1 жартысында өмір сүрген әрі батыр, әрі би, әрі ұлыс билеушісі. Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар - көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш алаш (қазақ) мемл-тін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді. Әбілғазы шешіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан, ал немересі - оғыздардың түп атасы -Оғыз хан аталғандығы жазылады. Рашид ад-Дин мен Әбілғазы Алаша ханның өмір сүрген жері -Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді. Бұл тарихи деректер ел аузындағы Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған деген тұжырыммен ұштасады. Ұлытау өңіріндегі “Алаша хан ордасы” аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жаңғабыл өз-нің бойында) жәнеҚаракеңгір өз-нің жағасындағы “Алаша хан күмбезі” аталатын 10-11 ғасырларда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған.

Ұлытау ауданы. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығыста 50 км. жерде орналасқан. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда Дешті Қыпшақ батыры делінеді. Салыну тарихы белгісіз.
Домбауыл кесенесі туралы ең алғаш түсініктеме Шоқан Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ тайпалары туралы» деген еңбегінде берілген. Ғимараттың бұрыштары және кіре беріс қақпасы бұзылған. 1974 жылы рестоврациялық жұмыстары жүргізіліп, бұзылған жерлері жөнделген.
Кесене қызыл-қоңыр текше тастардан қаланған. Құрылыс тасы Кеңгір өзенінің бойынан алынған. Конус тәрізді, кіре берісі шығысқа бағытталған, сыртқы түрі киіз үйге ұқсайды. Ол ұқсастық төбесінен түндік сияқты асты төртбұрышты, үсті дөңгелектене күмбезге айналған. Қабырғаларының қалыңдығы 2, 5 м., биіктігі 6 м. Сыртқы көлемі 8, 5х7, 5 м. Солтүстік және оңтүстік жағында терезе ойықтары бар. Қызғылт-қоңыр граниттен салынған. Тастар бие сүтімен араластырылған саз-балшықпен біріктірілген.
Домбауыл кесенесі (VІІ-ІХ ғасыр)
Тарихи анықтама
Мазарды зерттей бастау Ш. Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. 1946 ж ҚазССР ҒА Орталық Қазақстан археология экспедициясы /Ә. Х. Марғұлан/ ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы сәулет ісі жөніндегі Басқарма өкілдері сәулетшілер М. Б. Левинсон және Г. Г. Герасимовпен бірлесіп кесенені зерттеді.
1973 жылы ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы кесенеге өлшеу, фотофиксация және топосъемка жұмыстарын жүргізді. (М. А. Маманбаев, М. К. Сембин, М. С. Нұрқабаев) . Кесене тас тақташалардан сазды ерітіндіде салынған. Ішкі бөлменің жоспары трапеция пішінді. Кіре беріс шығыс жаққа бағытталған. Конус тәрізді ғимараттың биіктігі 6м. Қабырғалардың қалыңдығы 2, 5м. Жоспардағы сыртқы өлшем - 8, 5х7, 5м. Домбаул кесенесі - исламға дейінгі кезеңде Қазақстандағы тастан қаланған ірі құрылыстардың бірі. 1974 ж. қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: ғимараттың бұрыштары және кіреберістегі ойылған тесік жөнделді. Еденге тас тақталар төселді. Ғимараттың жан жағынан цемент төселді. Қалпына келтіру жобасының бас сәулетшісі М. А. Маманбаев. Негізгі библиография: 1. Ш. Ш. Уәлиханов. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. Ш. Алма-Ата, 1964. 2. Ә. Х. Марғұлан. Орталық Қазақстан археология экспедициясының жұмыстары туралы есеп 1947 ж Изв. АН КазССР №67, сер. археол. вып., 2, 1948г. Г. Г. Герасимов. 3. Орталық Қазақстандағы Қара Кеңгір өзенінің аңғарындағы сәулет ескерткіштері. Алма-Ата, 1957 ж. 4. М. К. Сембин. Домбауыл кесенесі /тарихи анықтама /, архив НИПМ мұрағаты, 1974 ж. 5. А. К. Сембин. Жошы хан кесенесі (тарихи анықтама), 1976ж. НИПМ мұрағаты.

Теректі әулие
Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.
XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ-ньң жетекшісі академик Ә. X. Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі әулиені кешенді зерттеуді 1996 жылдан Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді (жетекшісі 3. С. Самашев) . Т еректі әулие . археологиялық кешені тасқа бейнеленген суреттерден, неолиттік тұрақтардан, қола дәуірінің қоныстары мен некропольдарынан т. б. тұрады. Теректі әулиеде тасқа жануарлар суреті бейнеленген. Бұның барлығы сақ дәуіріне жататын «аң стилі» бейнелеу өнеріне саяды. Жалпы, Теректі әулие петроглифтері: қола дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдықтың басы) ; скиф-сібір дәуіріне (біздің заманымыздан бұрынғы XII - біздің заманымыздың I ғасырлары) және орта ғасырға жатады. Археолог Ж. Құрманқұловтың жетекшілігімен Жезқазған университеті барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып (2003), «Теректі әулие тылсымдары» атты фотокөрме өткізді (2004) .

Жошы хан мазары (ХІІ-ХІІІ ғасыр)
Жошы хан (1187-1227ж. ж. ) Шыңғыс ханның үлкен баласы. Дешті қыпшақтағы феодалдық мемлекет Жошы ұлысының негізін қалаушы. Маңғолдардың аса ірі әскери басшысы.
Жошы мазары Қаракеңгір өзенінің сол жағасында тұрғызылған. Жезқазған қаласынан 55 км. Орналасқан. Мазар өз дәуіріндегі сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Өрнек таңбаларына қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі қатысқан. Жошы хан мазары 1228 жылы тұрғызылды деген болжам бар.
Салыну тарихы 1227-122ұж. ж.
Жошы хан мазары туралы ең алғашқы жазба естеліктер Хафиз Тыныштың 1589 ж. «Шараф-намеий шахи» деген еңбегінде берілген.
Ғимараттың бұрыштары мен кіре беріс ойығы азғана бұзылған. Сыртқы күмбезі де бұзылуға ұшыраған. 1946ж. Архитектор Г. Г. Герасимовтың басқаруымен ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бір камералы, төртбұрышты, портальді-күмбезді мавзолей. Екі қабатты күмбезден тұрада. Сыртқы күмбезі 17 бүйірлі жұлдызшалы барабан үстіне орналасқан. Бұл екеуіде көгілдір плитамен өрілген. Ішкі жартылай сфералық күмбез түрінде салынған. Қабырғалары тегіс, едені төртбұрышты кірпіштен салынған. Мавзолейдің ішінде төртбұрышты кірпіш тәрізді плита сақталған. Онда арап әріптерімен «Жошы» деп жазылған. Тас салмағы 20-30 кг. Кірпіштің көлемі 30х30х6 см. ; 30х15х15 см. ; 25х25х5 см. Мазаркөлемі 9, 5х7, 0 м. Ішкі көлемі 5, 25х5, 25 м. Биіктігі 8 м.

Дүзен мазары (ХІХ ғасыр)
Тарихи анықтама
Дүзен Кесенесі- Орталық Қазақстанда 19 ғасырда салынған ғұрыптық ескерткіш. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қаракеңгірдің оң жақ жағалауындағы Қарақұдық сайында орналасқан. Ғимаратты 1863 - 66 жылдары халық шебері Сералы Еламанұлы Дүзен Сандыбайұлының қабірінің басына тұрғызған. Кейбір еңбектерде ғимаратты Қарамола, Жүзден, Дзен, Джузден деп қате жазып жүр. Ғимарат сол жерден 25 шақырымдағы Алаша хан күмбезіне ұқсайды.
Дүзен Кесенесінің негізгі көлемі күрделі пештақты-күмбезді текшеленген құрылыс болып есептеледі. Ғимараттың бүрмеленген күмбезі он қырлы мойындықпен көтерілген. Ал іргесінің сыртқы өлшемі 8, 5х10, 2 м, ішкі өлшемі 5, 4х5, 4 м. Кірпіштері (26x26x6 см) қалың майбалшық ерітіндісімен өрілген. Пештақтың жалпы биіктігі 10 м. Бас қасбетінде есік ойығы (1, 70х0, 77 м) алдында беларқалы қуысы бар. Оның айналасы үш жолақты жақтаумен қоршалған. Ортадағы жолақ шаршы өрнектеліп ойылған тақтайша кірпішпен әрленген. Ал қалған 3 қасбетінің қабырғасы “ромб” пішінді қалаумен өрілген. Қасбеттерінің жоғары жиектерінде биіктігі 60 см дөдегесі бар. Дөдегенің шаршы қалыпты тақтайшалары сегіз қырлы жұлдызбен оюланып, үстінен көк түсті жыланкөз шыңылтырмен көмкерілген. Дөдегеден жоғарғы екі қатар қалауы тіс тәрізді әдіспен өріліп, ең шетін бұғат жиектеп шыққан. Ғимараттың оңтүстік-батыс жағындағы ішкі бұрышта төбеге шығатын сатысы бар. Ол тар галерея (1, 8х1, 6 м) тәрізді қабырғаларды айнала бойлап барып, пештақтың үстіндегі шағын алаңға және әрі төбежабынның үстіне шығарады. Дүзен Кесенесінің еденіне шаршы тақта кірпіштөселінген. Бүрмелі күмбездің ұшар басында бір-бірімен қиылыса орнатылған ағаш діңгектері бар.
Дүзен Сандыбай батырдың үлкен ұлы. Ауылда болыс болған. Әкесі Дүзенге баласы там салдырған, мазары қызыл кірпіштен Алаша хан мазары үлгісінде салдырған. Реставрациялық жөндеуден өтпеген, тіреулермен тірелген қалпында сақталған.

Басқамыр қаласы (VІІІ-ХІІ ғ. ғ. )
Тарихи анықтама
Тарихи деректерде аттары аталатын Орталық Қазақстандағы орта ғасырлық қалалардың барлығына жуығы Ұлытау-Жезқазған өңірінде орналасқан. Олар оғыз (гуз) тайпаларының VIII-XI ғасырлардағы тұрақтары ретінде белгілі. Бұл қалалардың осы өңірде тұрған орындарын анықтауға С. Г. Агаджанов пен Ә. Х. Марғұлан үлкен үлес қосты. Олар әйгілі араб тарихшысы Әл-Идрисидің «Нузхат-ал-Муштак фи ихтарак ал-Афак» атты еңбегі мен «Сурат ал-Ард» (Жер бедері) атты картасын зерттеу барысында Ұлытаудағы ежелгі қалалар мен іргелі қоныстардың жұрттарын айқындап берді. Көне деректерде Қиян (Хиям) қаласы оғыздардың бас қаласы ретінде аталады. Идриси картасында ол Сарысуға (Руза) құятын Кеңгір (Магра) өзенінің бас жағында, Ертағы (Ұлытау) тауының шығыс бетінде тұр. Оның орналасқан жері біз Басқамыр атап жүрген ежелгі қаланың жұртына дәл келеді. Ол Жезді кентінен 25 км теріскейде, Жезді өзені Талдысай өзенімен қиылысар тұста, Есқұла шоқыларының қойнауында орналасқан. Басқамыр ескерткішінің құрамына қала жұртының үйінділерінен басқа 2 мазар, қорым, 1, 3 км жердегі тереңдігі 20 м шахта, 2 км жердегі Есқұла тауының биік төбесіндегі тас мұнара (биіктігі 3, 5 м), қабырғасы кірпіштен қаланған, еденіне тас төселген қала маңындағы жеке құрылыс кіреді. Қамал-қаланың жалпы ауданы 90 м х 90 м. Кіретін бас қақпасы Ұлытауға баратын ескі керуен жолына қарай бағытталған. Сырты айнала қоршалған. Қоршаудың астыңғы іргесі жалпақ гранит тастардан, үстіңгі жағы тас пен күйдірілген кірпіштен аралас өрілген. Қорғанның қақ ортасында орналасқан сарайдың ауданы 26 м х 3 м. Басқамыр - орта ғасырларда Орталық Қазақстанда болған қалалар ішіндегі сәулет өнерінің ең күрделілерінің бірі. Оның орнын алғаш Ә. Марғұлан зерттеген. Басқамырдағы сарайдың ішінен қыш ыдыстардың сынықтары, тастан, ағаштан және металдан жасалған ыдыстар көп табылды. Олардан орта ғасырлардағы оғыз тайпалары мәдениетінің озық үлгілерін анық аңғаруға болады.
Басқамыр - ортағасырлық қала орны. Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 83 км жерде, Жезді өзенінің сол жағалауындағы, Талдысай өзенінің құйылысында.

Батыр Сандыбайұлы Ерден мазары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz